Кәсіпорын өзінің өндірістік шаруашылық қызметін атқару процесінде үнемі ақша есептерін жүргізу қажеттіліктері пайда болады. Корпарацияның ішкі есеп жүйесі еңбек ақыны төлеуге акционерлерге дивиденттері төлеуге байланысты болады. Ал корпарацияның сыртқы есеп айырысу жүйесі өнімді жеткізуге салықтарды төлеуге несиені алу және қайтаруға байланысты жүреді.
Корпарацияның есеп айырысу жүйесін 2 топқа бөлуге болады:
1. Тауар операциялары бойынша төлемдер:
2. Тауар емес операциялар бойынша есеп айырысу бұл операцияларға тауардың қозғалысына байланысты емес, тек қана ақша қаржылардың қозғалысына байланысты төлеулер жатады (банкпен және бюджеттен тыс қорлармен, ұйымдармен акционерлермен несие ұйымдарымен есеп жасасу).
Жалпы айтқанда корпарацияның барлық есептері оның ақша айналымын құрайды және өзінің құрылымы бойынша 2 жүйеге бөлінеді: қолма-қол және қолма-қол ақшасыз айналым. Қолма-қол ақша айналымы қолма-қол ақшамен жүретін төлемдерден тұрады.
Акция айналымының негізгі бөлігін қолма-қол ақшасыз айналым құрайды, ол дегеніміз қаржыларды төлеушілер және қабылдаушылар есеп шоты, өзара талаптарды есепке алу арқылы қолма-қол ақшасыз аударымдар арқылы жүргізілетін төлемдер болып табылады.
Корпарацияның есеп айырысу жүйесі келесі элементтерден тұрады:
1. Қолма-қол есеп кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
2. Нақсыз есеп айырысу және оларды ұйымдастыру принциптері.
3. Есеп жүргізу үшін кәсіпорындардың банктерде есепшоттарын ашу тәртібі.
4. Банк және кәсіпорын арасында банктік есеп келісім-шартын жасау тәртібі.
5. Нақсыз есеп айырысу формалары;
Қазақстан Республикасының территориясында қолма-қол ақша айналымы. ҚР-ның Ұлттық банкісінің арнайы хатымен белгіленеді.
Кәсіпорынның қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және пайдалану үшін кассасы болады. Бұл операциялар кассалық операциялар деп аталынады.
Кәсіпорын кассасынан нақты ақшаның берілуі келесі мақсаттар үшін жүреді:
- шар-ң және операциялық шығындарға;
- іс-сапар шығындарына;
- төлемақы беру үшін;
- әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы және стипендия беру үшін;
- ссудалар беру үшін және т.б. шығындарға беріледі.
Кәсіпорын кассасына нақты ақшалардың қабылдануы кіріс кассалық ордерлері бойынша жүреді. Қабылдау туралы осы ордерге ақшаның қабылданғаны туралы квитанция беріледі.
Қолма-қол ақшаның берілуі шығыс кассалық ордерлер, төлем ведомостері, өтініштер негізінде беріледі.
Еңбек төлемі, әлеуметтік сақтандыру жәрдемақы, стипендиялардың берілуі әр алушыға шығыс кассасының ордерін қарастырмай-ақ төлем ведомостері арқылы жүреді.
Кәсіпорын ақша құралдарын оған қызмет ететін банкте алады. Нақты ақшаның берілуі банкпен арнайы формадағы құжат чек негізінде жүреді. Чек бұл кәсіпорынның банкке оның есепшотынан чекте көрсетілген ақша санасын беру туралы бұйрығы.
Чек кітапшалары банктермен кәсіпорындарға олардың өтініші бойынша беріледі, ол арнайы орнатылған формада жүреді, оның сыртында есепшот номері, чек номері, чекті толтыру және пайдалану тәртібі көрсетіледі.
Барлық кәсіпорындар өзінің ұйымды-құқықтық формасы және қызмет түріне қарамастан банк мекемелерінде бос ақша қаржыларын сақтауға және өздерінің міндеттемелері бойынша есептерінің негізгі бөлігі нақсыз тәртіп бойынша жүргізуге міндетті. Бірақ нақты ақша қаржыларын пайдалануды талап ететін есептердің болуына байланысты әр кәсіпорынның кассасы болады, ол арқылы нақты ақшалар есеп айырысу жүйесін қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорынның кассасында, оларға қызмет көсететін банк орнататын лимит негізінде ғана нақты ақшалар сақталуы тиіс. Кассадағы нақты ақшаның лимит қалдықтары әр жылда банктермен кассасы бір және нақты ақша есебін жүргізетін барлық кәсіпорындарға, олардың ұйымдастыру-құқық формасы және қызмет ету жүйесіне қарамастан орнатылады.
Кассаның қалдық лимиті кәсіпорынның нақты ақша айналымы мөлшеріне, қызмет ету режимінің ерекшеліктеріне байланысты орналасады, сонымен қатар оны анықтау үшін банкке нақты ақша қаржыларын тапсыру тәртібі және мерзімі құндылықтары сақтандыру қызмет етілуі де әсер етеді.
Әр кәсіпорынға банкпен орнатылған нақты ақша қалдықтар лимиті жазбаша түрде хабарланады. Кассаның қалдық лимиті жыл ішінде арнайы тәртіппен кәсіпорынның негізделген өтініші бойынша қайта қаралуы мүмкін (мысалы кассалық айналым мөлшерінің өзгерісі кезінде табысты өткізу шарттары және т.б).
Кәсіпорындар орнатылған лимиттен жоғары кассадағы ақша қаржыларын банкке тапсыру қажет. Нақты қаржылар банктердің күндізгі және кешкі кассаларына, кәсіпорындардың қосылған кассаларына, кейін оны банктерге тапсыру үшін, байланыс кәсіпорындарына банктердегі олардың шотына аудару үшін келісім-шарттардың негізінде тапсырылады.
Кәсіпорындар орнатылған лимиттен жоғары қаржыларды тек қана төлемақы, әлеуметтік төлемдер, стипендияларды төлеу үшін 3 күн ғана сақтай алады. Бұл мерзім өткеннен кейін мақсатты пайдаланбаған нақты ақша қаржылары банкке өткізіледі және оның кейін алынуы банктік тәртіп бойынша құқықтық актілердің негізінде жүреді.
Есепшоттардан төлемдерді төлеудің тәртібі.
Кәсіпорнның барлық талаптарын қанағаттандыруға қажетті банктегі кәсіпорынның есепшотынан ақша қаржыларының алынуы клиенттердің талабы және тағы басқа құжаттар негізінде жүреді.
Егер кәсіпорындарда қаржылық қиыншлықтар туатын болған жағдайда, яғни оның барлық төлемдеріне ақша қаржылары жетпегенде, банк оның есеп айырысу есепшотына карточка ашады. Осы жағдайда, есепшотқа ақша қаржыларының біртіндеп түсуіне байланысты төлемдерді жүргізу кезегін сақтау мәселесі пайда болады. Оның барлық талаптарын қанағаттандыру үшін ақша қаржыларын есептен шығарылып тасталынған ақша қаржыларын кезегі орнатылған.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу негізінде қолма-қол нақсыз формада жүреді, яғни төлеушінің есепшотынан алушының есепшотына қаржыларды аудару және өзара талаптарды есептеу арқылы жүзеге асады. Кәсіпорынның өз ақша қаржыларын банк есепшотында сақтайды, оған кәсіпорынға тиісті төлемдер түседі және кәсіпорынның міндеттемелері орындалады. Нақсыз айналым нақты ақша айналымына қарағанда айналым шығындарын азайтады, яғни бұл жағдайда қолма-қол ақшаны сақтау және жеткізу қажеттіліктері тумайды.