Дефляция саясаты – үкіметтің мемлекеттік қаржы мен ақша –несие саласындағы реттеу шараларының жиынтығы, ол шаралар инфляцияны тежеуді және іскерлік белсенділікті төмендету мен экономикалық өсімді баяулату арқылы төлем балансын сауықтыруды көздейді.
Валюталық қаржы – ұлттық немесе халықаралық ұжымдық валютаның валюталық бағамын анықтау үшін шетелдік валютаның нарығын белгілеу кезінде пайдаланылатын ұлттық валюталар жиынтығы.
Ақша белгілері – айналымда алтын немесе күміс ақшалардың белгілері бір мөлшерінің орнына жүретін ақша белгілері, олар – тиын, теңгелр, қағаз ақшалар мен банк билеттері.
Биржа – нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалынады немесе қызметкерлер жалданады.
Бүкіл дүниежүзілік нарық – бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың құрамдас бөлігі, сатушы мен сатып алушы арасында тауар мен қызмкт айырбастау жүйесі.
Еңбек ресурстары - өндіріс процесінде қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын жұмысшы күші, өндіріс факторының бірі болып табылады.
Еркін экономикалық аймақ – мұқият айқындалған әкімшілік шекарасы және ерекше құқықтық режимі бар арнайы бөлінген территория, әлеуметтік -экномикалық дамуды жеделдету үшін шетел капиталын,шетелдік озық технология мен басқару тәжірбиесін тарту мақсатымен құрылады.
Кәсіпкер – қарамағындағы мүліктерді заңды негізде пайдалану жөнінде өзінің бастамасымен барлық шешімдерді қабылдауға және кез – келген іс –қимылдар жасауға құқықты заңды тұлға, ол белгіленген мүліктік немесе басқа жауапкершілікпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Көтере сатып алу – сыртқы сауда тапсырыс жасаушының жүктеуімен немесе ішкі нарықта сату мақсатымен сатып алушының еліне әкелу үшін шетелдерден тауар, қызмет сатып алу.
Протекционизм – кеден ваюта және несие саясаты арқылы ұлттық өндірушілер мен тұтынушыларды шетелдік бәсекелестерден қорғау.
Пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржы нәтижесін білдіретін экономикалық категория.
Нарықтық механизм – сұраным мен ұсынымның ықпалы бойынша тауар және қызметке деген баға кедергісіз көтерілуін немесе төмендеуін қарастыратын жүйе.
Сауда талабы –экспорт пен импорттың орташа бағасының ара қатынасы.Бұл арақатынастық өскен кезде сауда талабы жақсарады, ал егер импорттық бағалар экспорттық бағалардан тез өссе, сауда талабы нашарлайды.
Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке еңгізуден және сыртқа шығарудан тұратын елднр арасындағы сауда.
Сауданың тауарлармен баланысы – экспорт пен импорт тауарларының балансы.
Технология – шикізатқа, материалдарға немесе жартылай фабрикаттарға өндіріс құралдарымен әсер ететін тәсілдер жайлы ғылым.
Төлем балансы – шетелік мемлекеттерге төленген жалпы төлем соммасы мен белгілі бір уақыт аралығында олардан алынған сома арасындағы айырмашылық.
Халықаралық аукцион – тауарлардың нмесе заттардың жекелеген топтарын сатыу тәсілі, олар жұрттың байқап көруі үшін кезек – кезегімен көрмеге қойылады да, ең жоғары бағасын ұсынған қатысушы аралманға сатылады.
Шетелдік валюта – шет мемлекеттің ақша белгілері; шетелдік валюта түріндегі төлем құжаттарымен қатар – валюталық қазыналардың құрамдас бөлігі.
Эмиссия – ақша белгілерін және құнды қағаздарды айналысқа шығару. Ақша белгілрін эмиссиялау үшін мемлекет қана жүзеге асырады.
Валюталық нарық – шетелдік валютаны шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеметтік –эконнмикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.Валюталық нарықтар сыртқы саудаға халықаралық есеп айырысу өз кезегімен жүзеге асырылатын механизм болып табылады.
Бәсеке - өнім өндірумен өткізудің экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлар үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсекеге түсу.
Ақша айналымы – еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі.
Аренда – түрлі табиғи және мүліктік обьектілердің сондай –ақ өзге де мүліктердің белгілі бір төлемге келісімді шартқа негізденлген, уақытша пайдалануға немесе алуға ұсынуы.
Аймақ – елдің басқа облыстарынан табиғи немесе тарихи қалыптасуымен, біршама тұрақты экономикалық- географиялық көбінесе, халықтың ұлттық құрамының ерешеліктерімен санасатындығымен, т.б. ерекшеліктерінің жиынтығымен дараланатын облыс.
Инфляция – (ағылшынның “inflation” сөзінен) алтынға айналмайтын ақшасыз есеп айырысу қаржыларының және қағаз ақшалардың құнсыздануы.