Қосымша ұсталған күл өткізгіш құралы болып табылатын тиісті күлқож үйіндісіне келіп түседі және су бассейніне әсерін тигізеді. Күлқож үйіндісінің жай-күйін қарастырайық.
Жұмыс істеп тұрған күлқож үйіндісінің алаңы Өскемен қаласының оң жағалауында Өскемен қ. – Самар а. тас жолынан 3 км шығысында орналасқан.
Күлқож үйіндісінің № 2 «Өскемен ЖЖ» ААҚ қазандығында көмірді жағу кезінде жиналған күлқож қалдықтарын қатарлап салу үшін арналған.
Күлқож үйінділкрі үш бөгетен тұратын құрылыс кешенінен тұрады. Бірінші, жоғарғы бөгет жауынның және еріген судың жиналуын, екінші бөгет күлқож қалдықтарын жинастыру үшін сыйымдылықты, үшіншісі күлқожды жинақтаушы қорғаушы бөгетінен жіберілген және бөгет бойынша жартылай сүзгіден өткен тазартылған судың сыймдылығын түзеді.
Күлқождың қоспасын жинақтау үшін сыйымдылық пайда болған қоршалған бөгет таулы жер гранодиориттерінен жергілікті саз топырақтан жасалған.
Күлқож қоспасына арналған сыймдылыққа келіп түсуші су сыймдылық бөгетінде қосымша ретте суытылады, одан барып су аққыш құдық арқылы жинақтау коллекторына ағып келеді және өз ағысымен күлқожды қоспа денесі мен қоршау бөгеті денесінде құрғату жүйесі арқылы құрғатылатын тазартылған су сыйымдылығына келіп құяды. Тазартылған су сыйымдылығында су екінші қайтара тұндырылады, содан барып қорғау бөгеттерінің құрғату жүйесі арқылы көлемі 2184 м3/тәулігіне жылғаға құйылады, одан барып Аблакетка өзеніне құяды.
Тазартылған су сыйымдылығында жауын суы жиналатын сыйымдылықтағы жауыннан кейінгі және еріген су жиналады және тұндырылады.
Қазіргі кезде қазандықта жағылатын көмірдің басым көпшілігі негізінен Семей бассейніндегі Қаражырадан әкелінеді. Көмір күлді көп шығарады, қышқыл аз күкіртті.
Көмірді жағу кезінде пайда болған күлқож қалдықтары күл мен шлактың механикалық қоспасы болып табылады. Уыттылығы бойынша күлқож қалдықтары қауіптіліктің IV сыныбына жатады.
2001 жылы шығарылған қалдықтардың жалпы көлемі 8174,642 тоннаны құрайды.Күл жоғарғы кеуіктілігімен және төменгі тығыздылығымен, жоғарғы табиғи ылғалдылығымен сипатталады.Күлдің сүзілгіштік коэффициенті тәулігіне 0,38 – 0,71 м құрайды.
Күлқожды материалдар химиялық құрамы бойынша қышқылға жатады. Күлқожды қалдықтар басым салмағын кремнийдәі тотығуы (SiO2) – 45-60%, кальций (СаО) – 2,5-9,6%, магний (МgО) – 0,5-4,8%, темір (Fе2О3) – 4,1-10,6%, алюминий(Аl2О3) – 10,1-21,8% и күкірт (сера) (SО3) – 0,03-2,7% құрайды.«Өскемен қаласындағы Оңтүстік торабындағы топтық қазандықтардан Гидро күлқожды тазарту» техникалық жобасы 1979 жылы Мемлекеттік Қазақстан су жолдары жобасы институтымен дайындалған және гидрокүлшығарудың басқа жүйесін ұсынды.
Сүзгіден өткен ағын суды бөгеттің денесі мен негіз арқылы ұстап қалу үшін жобамен төменгі бьефеде екі көлденең құрғатқыш түрдегі құрғату шымылдық қондырғылары қарастырылған. Жоба бойынша су құрғатқыштан құрғатып сору станциясының қабылдау камерасына жиналады да мөлдіретілген судың сыйымдылығына қайта барып құяды.ГЗУ жүйесінің негізгі жай-күйі жобаланғаннан мүлде өзгеше.
Қазіргі кезде күл мен қож қазандықтан ыдыстарға багерлі сору станцияларында орналасқан құбырлар бойынша бөлек беріледі. Күлқожды қалдықтардың сумен араласу және қоймалжыңның күл үйіндісіне берілуі тәртібі жаз (жылы) кезеңінде ауық-ауық болады. Ыдысқа қалдықтар 1-2 тәулік ішінде жиналады. Содан кейін күл мен су багерлі қоймалжың сорғышқа 3-5 сағат ішінде беріледі және қоймалжың күл шығарғышқа ағып барады. Ыдыстар кезекті қалдықтарды жинау үшін жабылады. Қалдықтарды тарату аяқталған соң, қоймалжың өткізгіш жолдар бітеліп қалмас үшін 2 сағат ішінде қоймалжың өткізгіштер таза сумен жуылады.
Су Өскемен «Суканалы» МК жүйесінен тұтыну сапасында Элеваторда жиналумен беріледі.
Суық (қыс) кезеңінде, ауаның температурасы нөлден төмен болғанда су мен қалдықтың берілуі қождың қож өткізгіштерде қатып қалмауы үшін тәулік бойы жүргізіледі. Қож өткізгіштердің басым бөлігі қожсорғыштың ІІ көтерілуден күлқож үйінділеріне дейін ашық тәсілмен орнатылған.
Мөлдірітілген судың сыйымдылығы мөлдіретілген судың бөгеттің шығыс бөлігіне шығарылатын бөгетімен шектеледі. Шығару арқылы мөлдіретілген су жобаның шешіміне сәйкес айналмалы сумен жабдықтаудың сорғыш станциясына келіп құйылуы керек. Күл үйінділерін пайдаланған барлық кезеңде мөлдіретілген судың деңгейі шығарылған судың деңгейіне дейін көтерілген емес (417 м) – яғни барлық берілетін су мөлдіретілген судың сыйымдылығы бөгетінің астында сүзгіден өтеді. Мөлдіретілген судың сыйымдылығы бөгетінің оң қабырғасы, шығыс және батыс бөлігінде бөгеттің төменгі бөлігінде орналасқан кептіру құбыры арқылы кептірілген судың екі шығысы белгіленген. Айналмалы су жабдығының сору станциясы жұмыс істемейді, құрал-жабдықтар бөлшектенген, электрлі жабдықтау жинақталмаған.
ГКҚҰ жүйесінің жұмысын бар шарттарда толықтай су айналымы режимінде қамтамасыз ету сүзу бөгет және КҚҮ жинақтаушының және мөлдіретілген судың жинақталуы арқылы өткендіктен мүмкін емес. 1999-2001 ж.ж. деректер бойынша қоймалжыңмен бірге берілетін судың саны 378,4-386,8 тыс. м3/жылына (2000 ж. қаңтарында берілген көп көлемдегі су 2138 м3/тәулігіне құрады) күлқож үйінділерінен төмен жыра өзекте сүзгіден өткізуге кезекті үстіңгі судың ағуын қалыптастырумен шығындалады.
Көп жылдық қалыптасқан гидро күл тазалағыш жүйесі оның қалыптасуының техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
ГКҚҰ үшін бастапқы судың химимялық талдауының қорытындысы күл қалдығы жиналған жердегі ағын су мен одан шыққан жерде Аблакетка өзені суының үсті мен бақылау ұңғымаларындағы жер асты суы күл үйінділері жанында шаруашылықтық-аыз су ретінде пайдаланылатын судың өлшемі бойынша зиянды затардың ұсталуын мүмкін тағайындаудан аспайтындығын көрсетеді.
Бұл жобамен қалыптасру мен күлқож үйінділерін сақтау технологиясын өзгерту қарастырылмайды, ол өзгеріссіз қалдырылады.
Участоктың су тұтқыш горизонтының пайдалану мағынасы жоқ. Жер асты және жер үсті суларының үлкен көлемдегі су жиналымы күлқож үйінділеріне әсер ету аймағында жоқ.
Күл шығару ауданында жер асты суының сапасына бақылау 18 және 24 м тереңдіктегі екі бақылау ұңғымасы арқылы жүзеге асырылады.Жер асты суларына жүргізілген талдаудың қорытындысы күл шығарылатын аудандарда жер асты суларының ластанбайтындығын көрсетті.
Жер асты суларының сапасы барлық көрсеткіштері бойынша шаруашылықтық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық бағыттағы су көздерінің санитарлық нормалардың талаптарына сай.
Күлқож үйінділері аймағының санитарлық-қорғау алаңының жалпы көлемі 401849 м2 құрайды. Жобаға сәйкес күлқож үйінділері аймағын санитарлық-қорғау шекарасын негіздеу, 1997 жылы ҚР МН-АН геологиялық ғылым институтының Алтай бөлімінің шығармашылық тобымен орындалған және Өскемен санитарлық эпидемиялық станциясымен келісілген (17.06.97 ж. №27 қорытындысы), санитарлық-қорғау аймағының көлемі күлқож үйінділерінің борты шекарасынан 200 м белгіленген.
Күлқож үйінділерінен оңтүстікке қарай 500 м жерде дренажды жылға су шығарылу бөгетпен қоршалған, жылғаға келіп құйылатын дренажды судың ағыны мен уақытша су ағындылары есебінде қалыптасқан кішігірім су қоймасы салынған. Осы су қоймасындағы су саяжай телімдерін суғару үшін пайдаланылады.