Әйел - әлем тірегі

Скачать

Әйел - әлем тірегі
Мақсаты: 1. Оқушылар бойынша 8 Наурыз мейрамын қастерлеу кезімін дамыту.
2. Өздерінің сүйікті Аналарына деген балалық махаббатын, бірге оқитын қыздарға деген сыйластығын тәрбиелеу.
3. Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындағын дамыта түсу.
Жабдығы: Нақыл сөздер, шаралар, гүлдер, плакатқа жазылған мақал-мәтелдер.
Барысы: Үнтаспадан аналар туралы ән естіліп тұрады.
Сыныптың 16 ұл баласы 16 қыз баланы қолдарынан ұстап орындықтарға әкеп отырғызып, сахнаға келіп тұрады.
1-ші бастаушы:
-Құрметті асыл Аналар, қадірлі ұстазда, қыз-қызғалдақтар. Қар астынан қилтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді.
2-ші бастаушы:
-Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл Аналарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
1-ші бастаушы:
-Аналар, көктемгі күйден жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз-күн мерекелеріңіз құтты болсын!
1-ші оқушы:
-Сіздерден өскен балалар - батырлар мен даналар, құттықтаймыз мейраммен,
Бәрі:

-Құрметті Аналар!
2-ші оқушы:
Кім ойлап тапқан
Сіздердің ең аяулы?
Жақсы көріп жаттадым,
Орнар еді бар әлемде тыныштық
Бәрі: Ана-біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
1-ші бастаушы:
-Құрметті қауым енді сіздерді жігіттердің арасында өтетін «Ал, қанекей, жігіттер» сайысын тамашалауға шықырамыз. Бұл сайысымыз сіздерге арналған, құрметті аналар, бастаушы:
2-ші бастаушы:
- Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.
Сайыс жоспары: 1. Таныстару.
2.Мақал-мәтелдер жарысы (аналар, қыздар жайында).
3. Өнер сайысы.
4. Салат дайындау.
5. Сұрақ-жауап.
1-ші бастаушы:
- Осы сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық.
2-ші бастаушы:
- Енді сайысымызды байтайық. Өнер қуып жігіттер өтер деймін Бір басына өнері жетер деймін. Бәсеке түскен бас жігіт кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер деймін, - деп кезекті таныстыруға берейік.
1-ші бастаушы:
-Тымызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, - дей келе келесі мақал-мәтел жарысында.
2-ші бастаушы:
-Өнер деген халықпен бірге туған, Бола берсін осындай күнде думан.
Әрқайсысы:
«Ана» деген сөз де,
«Аға» деген сөз де,
«Әке» деген сөз де,
«Тәте» деген сөз де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де
Бәрі: Ойлап тапқан балалар!
Әрқайсысы:
«Күнім, жаным» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді
Бәрі: Ойлап тапқан балалар!
3-ші оқушы:
Аналарды сүйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: «Анашым».
4-ші оқушы:
Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған.
Ол жанымда жүрсе, мен де
Батырларша батылданам.
5-ші оқушы:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімлі мақтан қылып.
Ақ Анамды мен әрқашан
Жүрсем деймін шаттандырып.
6-шы оқушы:
Күлсең, бірге күледі,
Бала деп соғар жүрегі.
Сыйлаған бізге жарық күн,
Ана-өмірдің тірегі!
7-ші оқішы:
Ана дейміз бәріміз де,
Аңқылдап Ана дейді
Жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қызық, алтын бақ.
Ән: «Қазақ қызы»
8-ші оқушы:
Ана десем тым ыстық.
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейрімін,
Ендігі кезек –нер сайысында.

1-ші бастаушы:
-Әке көргне оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер, - дей отырып, жігіттеріміздің салат жасауын көрейік.
2-ші бастаушы:
- Салатымыз дайын болғанша қыздарымыздың сән үлгісін көріңіздер.
1-ші бастаушы:
-Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие-тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік оәға сол алда.
Келесі кезек - сұрақ-жауапта.
2-ші бастаушы:
-Әділ қазы алқасы,
Әділден берсін бағасын.
Жеңіске жеткен жігіттің
Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.


Иманды ел – инабатты ел
Мақсаты: Қыз - балаларға дұрыс жол көрсету, имандылыққа тәрбиелеу. Ұлттың ұлылығын көрсететін нәрселер тарихы, тілі, салт-дәстүрі және дінінің тазалығы.
Жабдықталуы: Тақырыпқа сай түрлі суеттер, нақыл сөздер, буклеттер, тәспі, құран кітптары, Мекке қаласы мен Медени қаласының көрінісі, мақал-мәтелдер, аудио кассеталар.
1.Абдул Басид Абду Самад /құран сүрелері/.
2. Бақыт қажы /намаз дұғалары мен түсініктемелері/. Шаралар, киіз, көрпешелер, имандылыққа байланысты ұлдар тақия, шапан, мәсі. Ал қыздар орамал, ұзын көйлек, мәсі киген.

Плакаттар: 1. Иманды ел-Инабатты ел.
2. Дін және біз.
3. Ислам дініне 1392 жыл.
4. Сақтансаң құдай сақтайды.
5. Құрметті мұсылман қауым, оразаларыңыз қабыл болсын!
6. Исламның бес парызы:
1. Кәлима келтурі.
2. Намаз оқу
3. Ораза тұту.
4. Зекет беру.
5. Қажылыққа бару.
Буклеттер: 1. Ораза жөніндегі мұстахабтары.
2. Ораза жөніндегі пайғамбарымыздың айтқандары.
3. Жаратушы иемнің бізге жіберген төрт кітабы.
1. Зәбур-Дәуіт пайғамбарымызға.
2. Таурат – мұса пайғамбарымызға.
3. Інжіл-Иса пайғамбарымызға.
4. Құран-Мұхаммед пайғамбарымызға.
Сабақтың басталуы:
1-жүргізуші:
-Мұхаммед с.а.у пайғамбарымызға 610 жылғы рамазан айында Тәңірден хабар келіп, құран аяттары түсе бастады.
2 -жүргізуші:
-Ислам дінінде адам баласы ертелі-кеш ажал келетініне, бұл дүниемен қоштасып өлгеннен соң о дүниеде тірілетіндігіне иман келтіру, яғни өмір сүру керек.
.







"Саптық тұрыс", "Саптан", "Түзулен", "Тіктел", "Бостан", "Жинақтал" пәрмендерін орындау.
Уақыты: 45 минут.
I. Сабақтың барысы:
1. Әскери сапқа тұрғызу.
2. Кезекшінің баяндамасын тыңдау.
3. Оқушылардың тазалығына, сабаққа дайындығына көңіл бөлу.
II. Үй тапсырмасын сүрау;
1. Сап және оның элементтері.
2. Алдын ала берілетін бұйрықтар мен орындаулары.
III. Жаңа тақырып:
Саптық тұрыс - саптық машықтың негізгі элементі болып табылады. Ол "САПТАН" немесе "ТІКТЕЛ" пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұруы керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; аяқтарды тізені түзей отырып тығыз ұстамау керек; кеудені тік ұстау керек, ал дене біршама алғамсынылуы керек; ішіті тарту керек; ықтарды жазу керек; қолдарды алақандарды ішке қаратып бүйірге және жамбастың ортасына ұстап, ал саусақтарды жартылай бүгіп және жамбасқа тигізіп төмен жіберуі керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап, шұғыл әрекетке даяр болу керек.
Орнындағы саптық тұрыс бұйрық берілгенде және қабылданғанда, баяндау кезінде, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалғанда, әскери сәлемдесу берілгенде, сондай-ақ пәрмендер берілгенде пәрменсіз қабылданаы.
«БОСТАН» пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтын тізелерін бос ұстап, бірақ орнынан кетпей, назарды әлсіретпей және сөйлеспей еркін тұру керек.
«ЖИНАҚТАЛ» бойынша саптағы өз орнын тастап кептей, қаруын, киімдерін және жабдықтарын түзеу керек; қажет болған жағдайда саптан шығу үшін тікелей бастығынан сұрануға болады.
«Жинақтал» пәрменнің алдына «Бостан» пәрмені беріледі. Баскиімдерді шешу үшін «Баскиімді (баскиім) шеш» ал қию үшін «Баскиімді (баскиім) киім пәрмендері беріледі. Қажет болған жағдайда жекелеген әскери қызметшілер бас киімді пәрменсіз шешеді және киеді.
Шешілген бас киім құнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.
Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қару мен «белдікке», «кеудеге» және «аяққа» күйінде - сол қолмен шешіледі және киіледі. Қарабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала аяққа түсіріледі.
VI. Пысықтау бөлімі. Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы сабақты пысықтау.
V. Қорытынды бөлім. Оқушылардың білімдерін бағалау.<


Скачать


zharar.kz