АВТОМОБИЛЬДІҢ ТАРТУЫН ЕСЕПТЕУ

Скачать

Автомобильдің жаңа моделін жасау процессінде автомобиль зауытының конструкторлары төменде келтірілген кезеңдерге бөліп іске кіріседі: олар – техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, алғашқы нұсқасын, тәжірибелі үлгісін жасау.
Техникалық тапсырма кезеңі шығарылып жатқан модельді де жақсартуға дайындалады.
Техникалық тапсырма кезеңі автомобильдің тарту есебі негізінде істелінеді, оның орындалу реті төменде келтірілді.
Автомобильдің тартуын есептеу бастапқы мәліметтерді сұрыптаудан басталады: автомобильдің түрі, оның жүк көтерушілігі немесе жолаушы сиымдылығы, толық тиелген автомобильдің 1 категориялық жолдағы ең үлкен жылдамдығы және осы жылдамдықтағы жол кедергісінің коэфиценті, жаман жолдағы немесе жолсыздағы трансмиссияның төменгі беріліспен қозғалуға мүмкін болатын жол кедергісінің қортынды ең үлкен коэфиценті, двигательдің түрі де, оның жұмыстық көлемі, автомобильдің жабдықталуы да шектелуі мүмкін.

2 АВТОМОБИЛЬДІҢ МАССАСЫН ТАҢДАУ.
Жүк автомобильінің жабдықталған массасы (май және жанармай құйылған, құрал-сайманы және қосалқы доңғалағы бар жүксіз немесе жолаушысыз, жүргізушісіз автомобильдің массасы) -η коэфицентімен анықталады.

мұнда mж –бастапқы мәлімет негізінде сұрыпталған жүк массасы.

Жүк автомобильінің толық салмағы келесі формула бойынша анықталады:

мұнда 70 –бір адамның орта массасы, кг;
-кабинадағы орындық саны.

3 ТОЛЫҚ МАССАНЫҢ АВТОМОБИЛЬ ӨСТЕРІНЕ БӨЛІНУІ

Толық массаның автомобиль өстеріне бөлінуін жобалау келесі себептерге байланысты: шинаны таңдау. Оның мәні трансмиссиядағы төменгі берілісті беріліс санын есептегенде пайдаланылады, үйткені осы арқылы ілінісу бойынша тарту күшін анықтайды және жобаланушы автомобильді белгілі бір категориялы жолдардың жамылғысын бұзбай пайдалануға болатындығын анықтауға болады.
Барлық автомобильдер, істегі стандарттар бойынша, барлықтарымыз пайдаланатын жолда пайдалануға бейімделген болса, олар екі топқа «А» және «Б» болып бөлінеді. «А» тобындағы автомобильдерге және автопоездарға жол жамылғысына өстен түсетін ең үлкен салмақ шегі жеке өсте 10 тоннадай (екі өс аралығы 2,5 м және оданда көп болуы мүмкін) болу керек, бұлар толық жабдықталған асты бетоннан және жамылғысы асфальт бетонмен істелген жолда ғана пайдалануға болады (1 категориялық жол, бұндай жолдар СНГ –да бірең –сараң.) «Б» топтағы автомобильдерге және автопоездарға өске түсетін салмақ шегі 6 тонна (өс аралықтары 2,5 м және оданда көбірек) болады, оларды барлық жолдарда пайдалануға болады.
Жолсыз жолмен жүретін немесе карьерде пайдаланылатын БелАЗ сияқты автомобильдерді үшінші топқа жатқызады және оларды барлықтарымыз пайдаланатын жолда қолдануға тиым салынған. Егер «А» топтағы автомобильдің үш өсі болса, онда артқы телешкеге түскен салмақ 18 тоннадан, дәл осы сияқты жағдайда «Б» тобында -11 тоннадан аспауы керек.
Іс жүзінде автомобиль құрлысында қозғалтушы мостқа (немесе екі қозғалтушы мосты бар артқы телешкеге) жүк автомобильдерінде және автобустарда барлық салмақтың 0,65...0,75 бөлігі келу керек. Жеңіл автомобильдерде барлық салмақтың өстерге бөлінуі құрастыру тәсіміне байланысты: классикалық автомобильдерде (двигатель алда, қозғалтушы доңғалақтар артта) артқы қозғалтушы өске салмақтың 52...55% келеді, двигатель артта, артқы қозғалтушымен құрастырылса қозғалтушы өске барлық салмақтың 56...60% келеді, алдыңғы қозғалтушы өске салмақтың 43...47% келеді.


Скачать


zharar.kz