Экспериментке қысқаша шолу

Скачать

Кез-келген анадан оның баласы өзінің кеткенінен кейін жылайтыны-жыламайтыны туралы сұрап көріңізші. Әрине,сіз жылайды деген жауап аларсыз. Бірақзерттеушілер(даму әлеуметтенуі саласындағы) объективті дәлел алуға тырысты.Олар баланың әлеуметтік дамуында оның жақын байланысқан адамның (әсіресе ананың) қаншалықты маңызды екенін анықтағысы келді.Осы идея негізінде екі психолог-Дон Флинер жәнеРоберт Кернс (1970)эксперимент жүргізді. Бұл экспериментте анасының және экспериментатор ассистентінің кетуіндегі балалар жылауының күші мен ұзақтығы салыстырылды. Мұндағы алынған нәтижелердің екі тобын қарастырайық. Әрбір баланың жылауы 5 секундадан 25 период көлемінде анасының кетуінен де, ассистенттің кетуінен кейін де, бағаланды. 12-ден 14 ай жасындағы 15 бала шешесі кеткенде осы 5 секундтың периодтардың орташа уақыты –11.67 жылады, ал ассистенттің кетуі кезінде балалар бұл периодтардың 8.27 уақытында жылады. 3.40 орташа айырмашылық негізінде Флинер мен Кернс мынандай тұжырымға келді : бұл жастағы топтың балалары шешелері кеткен кезде көп жылайды.
9-дан 11 айға дейінгі 13 баладан тұратын топтан алынған орташа мәндер мынандай болды: 9.08 - кеткенде және 8.15
Екінші фактор –статистикалық шешім ережесі. Мүмкін болатын, жоғарыда қарастырылған үш қорытынды осы статистикалық шешім ережесі бойынша – нөл-гипотеза жоққа жығарылуы мүмкін, егер айырмашылықты алу мүмкіндігі (нөл-гипотеза дұрыс деген ) 0,05 тен кем болса (яғни 20дан 1ден аз). Нөл-гипотеза жоққа шығаруға қолданылатын мүмкіншілік альфа-деңгей деп аталады. Яғни,альфа-деңгей экспериментатордың дұрыс болған нөл-гипотезаны қателесіп жоққа шығаруының рискі мүмкіншілігі. Солайша,бұл рисктің өсуімен ұлғая түсетін қателік I типті қателік деп аталады. I типті қателік рискінің дәрежесі 0,05 альфа-деңгейде 0,01альфа-деңгеймен салыстарғанда 5есе жоғары.
Альфа-деңгейдің кішіреюінде оған қарсы қателіктің рискі жоғарылайды. Бұл-қандай-да бір басқа гипотеза дұрыс болған жағдайда нөл-гипотезаны жоққа шығармай,растау (әрине,мұнда нөл-гипортеза қате). Мұны II типті қателік деп атайды. Егер нөл-гипотеза қате болса, қандай да бір басқа гипотеза дұрыс болуы қажет. Басқа гипотеза дұрыс болған жағдайда нөл гипотезаны жоққа шығармау, растау рискі бета-деңгей деп аталатын мүміншілік арқылы көрсетілуі мүмкін. Кез-келген нақты мәліметтер жиыны үшін бұл мүмкіншілік (бета аталатын)альфа-деңгейдің келуімен көбейеді немесе жоғарылайды. Солай бола тұра, эксперименттің сенімділігін ұлғайта келе,қатаң альфа-деңгей кезінде де бетаның қалыпты көлемін табуға болады.

II.3. Экспериментатордың нөл-гипотезаға қатысты қорытындылар шығаруын қарастырайық. Нөл-гипотезаның жоққа шығарылмауындағы қорытындылар. Есте сақтайтын жайт: нөл-гипотезаға қатысты тек қана екі стстистикалық шешім қабылданады-оны жоққа шығару немесе жоққа шығармау. Ешқашан нөл-гипотезаны қабылдау шешімі болмайды. Бірақ сонда да кейде экспериментатор үшін тәуелсіз шама (ауыспалы)ешқандай әсер етпейтінін қорытындылаған керек-ақ. Мысалы, нөл-гипотезаның расталуы не эксперименталды гипотезаның да, не оған қарсы гипотезаның да расталмауына әкелуші еді. Осыдан әртүрлі қорытындылар шығаруға болады.
Біріншіден, экспериментатор мынандай қорытынды жасауы мүмкін: ол тәуелсіз ауыспалы мінез-құлыққа қандай-да әсер етеді ме екенін өзі білмейді. Бұл қорытынды әсіресе зерттеушілердің аз санының немесе мінез-құлықтың күткеннен артық вариабельділігінің салдарынан сенімділіктің төмен болған жағдайжа сәйкес келеді. Солайша, Флинер мен Бернс сондай кіші топқа жататын жаңа балаларға экспериментін жалғастырып, мүмкіндігінше кездейсоқ вариацияларды азайтуға талпынуға, шешім қабылдаулары мүмкін еді.
Екіншіден, экспериментатор сенімділіктің ұқанағаттанарлықтай болғанын және нөл-гипотезаның расталуы зерттелген жағдайлардың шынында да айырмашылықтарының жоқтығын білдіретіндігі туралы қорытынды жасауы мүмкін.
Қорытындылар валидтілігі. Ішкі валидтілік дегеніміз-экспериментальды гипотеза туралы шешімнің идиалды немесе шексіз эксперименттік алынатын шешімге сәйкес келді дегенге сенімділік дәрежесі. Біз статистикалық шешім ережелерін ұқыпты қолдану эксперименталды гипотеза туралы негізделген шешімдерге әкелетініне көз жеткіздік. Бұл-ішкі валидтілікжоғарылату тәсілі болып келеді,себебі қорытынды эксперименттің ең маңызды бөлігін құрайды.
Шексіз эксперимент бір уақытта толық ішкі валидтілікті де анықтайды және де нөл-гипотезаны тексеру үшін негізді қамтамасыз етеді. Әрине, соңғы мақсат үшін шексіз эксперименттің ерекше түрі болады. Ол жеке нақты эксперименттерге бөлшектенеді. Олардың әрбіреуі шынайы өткізілетін эксперимент тәрізді, бірақ әр экспериментте дәл сол популяциядан таңдалған басқа зерттелінушілер алынады.
Нөл-гипотезаның тексеруі кезінде шексіз эксперименттен әрине эксперименталды жағдайлар ерекшеленбейді деген қорытынды шығатыны туралы болжауымыз керек. Әрине, жағдайлар арасындағы жалпы орташа айырмашылық осы барлық эксперименттер бойынша нөлге тең болуы тиіс. Бірақ жеке әрбір эксперимент үшін бұл олай болмайды. Орташа мәндер арасындағы айырмашылықтар нөл аймағында тек жуықтап орналасады, бірақ кейбір эксперименттер бір жағдайға (шешімге), басқалары –келесілеріне жағымдық көрсетеді. Ал бізге өзіміздің экспериментімізде алынған айырмашылықты толық қарастырып талдау қажет.
Нөл-гипотеза дұрыс кезіндегі шынайы қорытындылар.
Егер нөл-гипотеза дұрыс болса, яғни шексіз эксперименттегі жағдайлар арасындағы жалпы орташа айырмашылық нөлге тең болса, біз де өзіміздің экспериментімізге сондай қорытындыға келу мүмкіндігіне ие болғымыз келеді. Айтып өткендей, шексіз эксперимент негізінде айырмашылықтың жоғы туралы шешімге келуге шанс көп болған жағдайда біз жағдайлар арасындағы айырмашылық туралы гипотезаны қолдауымыз мүмкін емес. Солайша, біз эксперименталды гипотезаның қате екені туралы қорытынды жасаймыз, егер мұндай айырмашылық көлемі, біздің экспериментіміздегідей, нөл-гипотезаның растығы жағдайында 0,05 немесе 0,01 мүмкіндігімен (вероятность)пайда болса. Жаңа эксперименталды гипотезаны тексеруде біз мұндай қорытындыға толыққанды сенімді болғымыз келді.дәл сол себептен мұндай жағдайда альфа-деңгей 0,01 немесе төмен болуы тиіс.0,05 деңгейде қорытындылардың 5% дұрыс емес болады.

Нөл-гипотеза дұрыс емес кезіндегі шынайы қорытындылар.
Егер нөл-гипотеза жалған,яғни жағдайлар арасындағы жалпы орташа айырмашылық эксперименталды гипотеза болжағандай блатын болса, біздің де экспериментте сондай қорытындыға келгіміз келеді. Бұл қандай-да бір жаңа идеяны тексеруде маңызды емес. Егер ол дұрыс болса, оның уақыты бәрі бір келеді. Алайда егер жағдайлар арасындағы айырмашылық қолда бар мәліметтер негізінде күтілсе, біз эксперименталды гипотезаның растығы туралы қорытындыда аса сенімді болуымыз қажет.
Өзіміз көргендей, бұл үшін сенімді мағлұматтар қажет.
II.4. Экспериментатор өз қорытындыларында көптеген нөл-гипотезаға қатысты рисктерден жағымды өте келе, ғылыми білімге ешбір үлесін қоспауы мүмкін. Қорытындылардың ішкі валидтілігіне қауіп төндіретін үш “қиын мәселелер” қарастырылуы қажет.Олардың біріншісі-тәуелсіз шаманың күшті әсері күтілулерінде тек жалғыз мәнді айырмашылықтың жеткіліксіз болуы. Статистикалық тексеру зерттелінуші фактор әрекеті басқа кездейсоқ факторлармен “шуланған” кезде жағдайда қажет. Бір зерттеуші қалжыңдап нәтижелердің мәнділігін анықтау үшін “интерокулярлы травмалы тест” қолдануды ұсынған екен. Бұл тестке сәйкес алынған нәтижелер нені білдіретінін ұғу тек қорытындының “дәл беліңізден соғуы” кезінде ғана мүмкін (Дж.Берксон). Әрине ол жағдайлар арасындағы үлкен айырмашылық, күшті эффект күтілетін экспериментті атап көрсеткен.
Флинер мен Кернстің эксперименті көзге түспейтін нәтижені күтуге болған эксперименттердің бірі болды. Бала әрине, анасына қатты байланысқан, сондықтан оның кетуі кезінде бала қаттырақ жылайды. Бірақ бұл эффект басқа факторлардың әсерімен көрініс беруі мүмкін. Мысалы,кейбір аналар жұмыстағы жағдайға байланысты өз балаларымен салыстырмалы аз уақыт өткізуі мүмкін, сондықтан баланың оларға деген тартылысы(привязанность) аса жоғары емес. Кейбір аналар баланың көзінше күніне көптеген рет келіп-кету арқылы, оны өзінің жоқ болуына үйрете түседі. Ассистенттер сыртқы келбеті және мінез-құлық мәнеріне қарай қандай-да бір дәрежеде(көп және аз) аналарына ұқсауы мүмкін. Кейін Флинер мен Кернс (1970) кейбір балалардың эксперимент көлемінде, барысында барлық уақытта дерлік жылайтындарын байқады: «Жылаудың ең көрнекі жағы-оның тұрақтығы (постоянство) болды ау: егер бала қатты жылап бастаса, ол оны ары қарай да жалғастыруы мүмкін». Осы факторлардың барлығы шешесінің және ассистенттің кетулері арасындағы айырмашылықты табуды қиындатуы мүмкін.
Екінші мәселе – зерттеушілердің аса көп санының қолданылуы қандай-да бір айқын қосымша факторлардың әсерінің көрсетілуіне әкеледі. Зерттелінушілер санын мәнділікті тексеру күшін ұлғайту мақсатымен көбейту кезінде қызық жағдай туады. Әуелі кез-келген екі жағдай статистикалық мәнді айырмашылықтар бере бастады. (Бэкон, 1967). Егер де мәнділік 20зерттелінушілер үшін көрінбесе, ол 200 немесе 2000 үшін, әуелі 2000000 үшін топта пайда болады. Мұнда ешқандай мистика жоқ. Кез келген екі жағдай құрамына ережеден тыс көптеген факторларды енгізеді. Айтып өткендей, адам барлық кіріп-кететін жағдайларды бақылай алмайды.
Мұндай қосымша факторлар мәліметтердің үлкен массивтерін талдауда өз орнын табады. Сондықтан үлкен мәліметтер санындағы тәуелсіз ауыспалының әсерін табуды қажет ететін жағдайларға ерекше мұқияттылықпен қарау керек. Ал салыстырмалы алғанда зерттеушілердің аз санынан алынған статистикалық мәнді айырмашылықтар көбірек сенімділік туғызады.
Үшінші мәселе нәтижелер әмбебаптылығына тиісті. Шығарылған нітижелерді барлық сәйкес популяцияға жатқызуға болады ма? Ал егер олар барлық зерттеушілерге сай болмаса?
Флинер мен Кернс үлкен топтың балалары үшін статистикалық мәнді нәтижелер алуы мүмкін, егер 15баланың тек 9ғана аналарының кетуінде қаттырақ жыласа. Бірақ мұндай жағдайда қалған 6бала туралы не айтуға болады.
Экспериментті жүргізуге келе,зерттелінуші психологиялық фактор әрбір зерттелінушіге эффективті әсер етеді деп тұжырымдаймыз. Егер де тәуелсіз ауыспалы эффективті болса, бұл гипотезаға кіретін индивидеардің барлығына да әсер етеді. Егер ол шынында кейбіреулер үшін дұрыс болса, ол басқалардың барлығы үшін де дұрыс. Сондықтан шешесінің кетуінде күштірек жылаудың алты жағдайында кездеспеуі жоғарыда атап өтілген қосымша факторлар әсеріне жатқызылады: анасымен қарым-қатынастағы өткен тәжірибесіне,т.б.
Валидтіліктің басқа маңызды аспектілерінің барын ойдан шығармаған жөн. Эксперимент көптеген себептерге байланысты сыртқы валидтілікке ие болмауы мүмкін. Біз тек тұрақты және жеткілікті күшті жағдайлар арасындағы айырмашылықтар негізінде ғана эксперименталды қорытындылар шығара алмаймыз. Экспериментке сыртқы валидтілік жетіспей қалуы мүмкін, егер ол қойылған шарттардың біреуіне болсын қанағаттандырмаса. Сонымен қатар ол әуелі ішкі валидтілікке ие болмайды, егер жүйелі араласуға толыққанды бақылау ұйымдастырылмаса. Біздің барлық статистикалық шешімдеріміз сыртқы валидтілікке қатысты. Солай бола тұра эксперименталды қорытындылар ішкі валидтілігімен қатар сыртқы валидтілікке ие болмаса соңына дейін оларды валидті деуге болмайды.


Скачать


zharar.kz