Жетісу орманы
Көл сай көлдері - өсімдіктер мен жануарлар әлемі алуан түрлі, өмірде сирек кездесетін табиғат аясы. Мұның өзі Шелек өзенінің оң қапталынан құятын Көлсай өзенінің өсем таулы аңғарында үйлесе орналасқан көлдермен бірігіп өзінің қайталанбас ажар көркімен және даралығымен көрген адамға айрықша әсер туғызады және жеріміздің ұлттық мақтанышы болып табылады. Көлсайдың мөлдір тұнық суы таза тау ауасы, алуан түрлі өсімдіктер мен жануарлар әлемі (флора мен фаунасы) жерінің сұлулығы, осы қасиетті табиғат көрмесінде болып қайтқан көптеген саяхатшылардың көкейінен кетпей, жүрегінен орын табады.
Көлсай – маралдары, еліктері, доңыздары әне патша балығы атанған форелі, қабыршықсыз түрлі-түсті османы, жан-жануарлардың құнды және сирек түрлеріне жатады.
Көлсайда саяхатшылар жайлы үйшіктер мен киіз үйлерде тұрып, балық аң аулауларына, табиғатты өте өсем жерлерді атпен немесе жаяу аралауларына, көлге шомыла түсетін моншасына түсулеріне керемет жағдайлар жаслған.
Шарын аңғары Палеоген заманынан бері сақталған, жасы 30 миллион жылды құрайтын табиғаттың айрықша ескерткіші болып табылады. Мұндай табиғи ландшафтар әлемнің бірнеше жерінде ғана сақталған. Бұл табиғат кешені әсіресе ботаникалық, археологиялық тұрғыда аса құнды болып табылады. Осы табиғат аясы бабаларымыздың өткен кезеңінен елес береді. Табиғаттың өзі салып тұрғызған қамалдар мен мұнаралардың құдіреттілігі мен сұлулығына көрген көз тоймайды. Мұнда Қызыл қамалдар даласы Колорадо шатындағы аңғардан (каньоннан) кем түспейді. Таңғажайып пішінді жарылар мен жартастар көрген жанның есінен кетпейді. Іле өзенінің сол қапталынан құюшы Шарын өзенінің жазығында, аңғ,ар ішінде болып, оның жанға шипа табиғатын жанмен сезінуге шақырамыз. Аңғарларды бойлай серуендеу арқылы уақыт күшіне бағынбайтын табиғат сұлулығының құдіретін, ежелгі құз – жартастардың дем алысын сезінесіз. Қызықты балық аулау, аңға шығу, атпен қыдыроу, жол бойы саң құбылып отыратын жартастарды жай ғана көрудің өзі естен кетпес әсер қалдырады.
Өзеннің жағасында аңғарға жақын жатқан, жасы 5 миллион жылдай болған Терек (ясень) бағы да табиғаттың тамаша тартуларының бірі. Тамаша, сұлу жер бедері, алуан түрлі өсімдіктер әлемі, жаздың ыстық күндерінде салқын самал (леп) айрықша күйге бөлеп, ауа райының қалай құбылса да рахаттана дем алуға мүмкіндік береді. Саяхатшылар Терек бағындағы саяжайда орналасқан екі қабатты зәулім үйлерде тұрады. Саяжайдағы демалыс кезінде жергілікті жерлерге, ыстық бұлақтарда, Шарын аңғарына, Ағаш көліне (дерев. озеро) түрлі саяхаттар ұйымдастырылады.
Сіздерге осындай тылсым табиғат аясын, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемін аң және балық аулауға, серуендеп, жақсы дем алуға аса қолайлы жағдайлар ұсынушы Алматы облысы әкімінің «Жетісу орманы» Мемелекеттік коммуналдық кәсіпорны болады. Аймақта белгілі бір мөлшерде – теке, елік, қабан, марал, қасқыр және басқа да орта ұсақ аң-құстарды аулауға рұқсат етілген. Аң, балық аулаушылардың түнеуіне көптеген аңшы үйлері мен кішкене қосындылар жасалған. Бұл жерлерде саяхат жасау, қоршаған ортаға ешқандай да зиян келтірмейтіндей етіп жақсы жолға қойылған. Серуендеушілерді «Жетісу орманы» қызметкерлерінің жергілікті жерді жақсы білетін саяткерлері ертіп жүреді.
Біздер, сіздердің саяхаттырыңыздың сәтті де тәтті болып! Жетісу орманның Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мен таныстығыңыз өзара сеніммен құрметке негізделген, үлкен достыққа ұласуы үшін барымызды саламыз. Ертегі әлемдегідей табиғат пен таза ауасы сіздерге бір жылға жетерлік сергектікпен денсаулық сыйларына кәміл сенеміз.
Осының бәрі Республикамызды дамыту және өркендету үшін демалыс орындарын жоғалтпау үшін, табиғат байлықтарын көбейту керек.
Оның бәрі айта берсем сан жетпес деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Дедовский экономическая и социальная география, Москва 2001
Джаналиева Г.Н. физическая география Казахстана,
Алматы КазГУ 1999
Ердавлетов С.Р.Достопримечательность Казахстан. Алматы 1998
Жумасултанов А.С.Казахстан сегодня Алматы 1999
Омаров М. Қазақстан өзендер мен көлдері. Алматы