Аға ұрпақ бізге үлгі

Скачать

1. Білімділік: Ұлы жеңісті дәріптеу. Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істерін үлгі ету. Өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларды Отанын сүюге, елін қорғауға баулу. Бейбітшілік туралы түсініктерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылырды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, елін, жерін, Отанын сүюге, ержүректілікке тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, интернационалдық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлы Отан соғысының батырлары атты сурет – альбом, көрнекі мақал – мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз
Жеңіс .. Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді.
Қазақстанда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде – кем. Жүз мыңдаған ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағызым етейік (1 минут). Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Дәл осындай жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіңе алмақ сол бір апат қайғыны.
1 – Оқушы: 1941 жылы 22 – маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
2 - Оқушы: Отанымызға қатер күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер – азаматтары майданға аттанды.
3 – Оқушы: Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылады. Партизан отряды құрылды. “Бәрі де майдан үшін” деген ұран тасталды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.
4 - Оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
5 - Оқушы: Барлығы майдан үшін,
Барлығы жеңіс үшін.
6 - Оқушы: Еңбек армиясы негізінен қорғаныс кәсіпорындарын, темір жолдарды, электр станцияларын салуға қатысты. Ал, арнайы құрылыс батальондарының көпшілігі майдан жеріндегі қираған темір жолдар мен басқа да әскери объектілерді салуға, жөндеп қайта іске қосуға қатысты.
7 - Оқушы: Соғыс жылдары Қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Мамышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.


Скачать


zharar.kz