Тақырыбы: Жүректі шынықтыру.
Мақсаты : 1. Білімділік : оқушылардың оқу қабілеттерін, білім - білік, таным ерекшеліктерін арттыру.
2.Тәрбиелік : жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу. Өзара көмек және ұжымдылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: ойлау, көру, сезіну қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа ынта қоюға, оның мақсатын, мазмұнын түсініп, оны білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Топтау, жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой туғызу, сұрақ-жауап, қызығушылығын ояту.
Сабақ көрнекілігі: Қосымша материалдар, поакаттар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
3. Жаңа сабақты бекіту.
4. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұйымдастыру кезеңі;
Оқушылармен сәлемдесіп, сынып тазалығын қадағалау, оқушыларды түгелдеу және олардың құрал - жабдықтарын қадағалау.
Жаңа сабақты түсіндіру;
Жүрек - сүйір, іші қуыс, бұлшықетті мүше. Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүрекке орта есеппен 250 - 300 см ³ көлемде қан сыяды. Жүректің салмағы 250 - 300г. Жүрек төрт қуысты болады. Олар: оң және сол жақ құлақша, оң және сол жақ қарынша деп аталады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: эпикард(сыртқы), миокард (ортаңғы) және эндокард ішкі қабаттардан түзілген. Жүректің дербес соғуы өмірлік маңызы күшті. Мәселен, кенеттен жүйке жүйесінен қозу келмей қалса немесе нашарласа, жүрек дербестігі оның қызметін тоқтатпай, қанды денеге айдап жеткізеді. Сондықтан апатқа ұшырап дүние салған адамның жүрегі немесе денеден ажыратылған жүрек көпке дейін соғуын тоқтатпайды.
Жүректің пішіні мен көлемі оның қанайналымына тікелей байланысты өзгеретіні байқалады. Осы уақытқа дейін адам денесін белгілі бір күйде ұстап тұруда және белсенді қимылдарда, түрлі оқыс қимылдарда және тағы басқа іс-әрекет, спроттық жағдайларда адамның ішкі мүшелерінің қызметі туралы ғылыми зерттеулер жоқ десе де болады. Сонда да кейбір зерттеулердің қорытындысында қарай кейбір ішкі мүшелердің спроттық жаттығулар нәтижесінде қызметі мен орнының ығысуы болатынын болжауға тоқталып өтуге болады. Жүрегімізді шынықтыру үшін ең алдымен спортпен шұғылдану керек. Мысалы арқанды дөңгелекке асылып тұрғанда жүрек ұзарады, қолға сүйеніп тік тұрғанда жүрек ұзарады да тізені бүгіп, асылады. Дене қандай күйде болса да жүректің орналасу шекарасының өзгеруі немесе ығысуы ішке дем алғандағыға қарағанда сыртқа шығарғанда анық байқалады, мұнда әсіресе жүректің алдыңғы беті мен көлемі өзгереді. Қолға сүйеніп тік тұрғанда жүректің алдыңғы беті кішірейеді, ал баспен және тізе буынын қысып, салбырап тұрғанда - жалпаяды. Бұл жағдай жаттыққан спротшының жүрегі және басқа жеке мүшенің де қызметі жақсарады.
Жүректің шыныққанын анықтаудың сан алуан әдісі бар. Е. Янкелевичтің "Жүректі сақтаңдар" деген кітапшасын да отырып - тұру арқылы байқау беріледі. Аяқты қатар қойып тік тұрыңызда, тамыр соғуын санап, баяу қарқынмен қолды алға созып, денені тік ұстап 20 рет тұрып отырыңыз жүрекке өте пайдалы деді. Егер тамыр соғу 25 пайыздан кем артса - өте жақсы, 50 - 75 рет қанағаттанарлық, ал 75 пайыздан асып кетсе - жағдай мүшкіл. Тамыр соғысының саны екі есе немесе одан да жиі болса жүректің дімкестігі, оның аса қозғыш немесе сырқат болғаны.
Жүріс - арқылы да жүректі шынықтыруға болады екен. Ол жүрекке күш қуат беріп, қан айналымы жақсарады. Және де жүгіру арқылы да жүректі шынықтырса болады. Жүрегіміз бір қалыпты соғу үшін осы тәсілдерді қолданып жүрегімізді шынықтырсақ біздің организіміміз жақсы қызмет атқарады. Бүлкілдеп жүгірген кезде ішкі ағзаларда керіліп - созылып, яғни жүрекке де масаждалады. Жүгірген кезде мұрын мен тыныс алып үйренген жөн. Себебі бұл жүректің бір қалыпты соғуын артады.
Жаңа сабақты бекіту.
Бүгінгі жаңа сабақ түсіндіргеніме байланысты "Кім жылдам?" және "қоржын" ойыны, сондай-ақ сұрақ-жауап арқылы түсіндірдім.
"Кім жылдам?"
Бұл ойынның шарты оқушыларды 3 топқа бөліп, 3 топтың қайсысы құрастырғанына байланысты тиесілі сыйлықтарын алады және де 1-ші топ құрастырған оқушыларға "Қоржын ойына" қатысады. Бұл қоржынның ішінде тақырыпқа сай және тақырыптан тыс сұрақтар берілген және де әр ұпай саны арқылы әр топ жинаған ұпайларына байланысты өздеріне тиесілі сыйлықтарын алады.
"Кім жылдам?" ойынының сұрақтары.
1. Жүрек ырғағының орталағынан жүрекке қозғағыш жүйкелердің қандай топтары әсер етеді?
2. Жүректе болатын импульстерге жауап ретінде ырғақты жиырылуға қабілетті құбылысты не дейді?
3. Жүректің сыртқы құрылысын атаңыз.
4. Жүректің салмағы.
5. Жүрегіміз бір қалыпты соғу үшін қандай тәсіл қолданамыз?
6. Аса қозғыш жүректің немесе сырқат болуының себебі неде?
7. Жүрек 60 рет соққанда не деп атаймыз?
8. Тамыр соғысының саны екі есе немесе оданда жиі болса жүректің жұмысы қандай?
9. Жүрек минутына қанша рет соғады?
10. Жүрек бұлшықетінің жұмысын жұмысын қисық сызық арқылы жазып алатын аспапты айтыңыз?
11. Қан қысымын өлшейтін құрал.
12. Жүрек 100 рет соғуды не деп атаймыз?
13. Тамырдың соғуын қай жерден білуге болады?
14. Жүрегімізді шынықтыру үшін ең алдымен не істеу керек?
15. Жүректің қабырғасы қанша қабаттан тұрады?
16. Жүректің жалпақ бөлігі мен сүйірлеу бөлігі қалай аталады?
17. Жүректің соғу кезеңін атаңыз?
18. Жүрек қантамырларна зиянды заттардың әсері.
19. Ересек адамдарда жүректің салмағы.
20. Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері?
21. Жүрек кемістігі неден пайда болады?
22. Жүрек қуыстары мен қанның өту бағыты.
23. Қарыншалар мен олардан басталатын артерия қантамырлардың арасында нелер бар?
24. Жүрек неше қуысты және оны атаңыз?
25. Жүректің құрылысы.
26. Жүректің реттелуін атаңыз.
27. Жүрек бұлшықетті жасушаларының дәл ортасында және шет жағында нелер орналасады?
28. Үшжақтаулы және қос жақтаулы қаңтақшалар жүрекше мен қарыншаның қай жағында орналасқан?
29. Жүрек өмір бойы тынбай жұмыс істесе де, шаршамауы неге байланысты?
30. Жүрек бұлшықетті жасушаларының дәл ортасында және шет жағында нелер орналасады?
31. Жүректің пішіні мен көлемі неге байланысты?
32. "Жүректі сақтаңдар" деген кітаптың авторы кім?
33. Жүрек неше қуысты?
34. Мына сызық қалай аталады?
35. Оң немесе сол жақтың тармақтар тосқауылға ұшыраса, жүректің соғуы қалай болады?
36. Жүректе болатын ипульстерге жауап ретінде ырғақты жиырылуға қабілетті құбылысты не дейді?
37. Жүректің сыртқы құрылысын атаңыз?
" Кім жылдам" ойынының жауаптары.
1. Симпатикалық және парасимпатикалық.
2. Жүрек автономиясы дейді.
3. Жүректің құрылысы сүйір, іші қуыс, бұлшықетті мүше.
4. 250-300г.
5. Спротпен шұғылдану керек.
6. Қанайналымына байланысты.
7. Брадикардия.
8. Жүрек аса қозғыш немесе сырқат болуы.
9. 70-75рет.
10. Кардиограф.
11. Танометр.
12. Тахикардия.
13. Мойынның екі жағы, самайдан, екі білезік.
14. Ең алдымен спротпен шынығу.
15. 3 қабаттан тұрады.
16. Негізгі және ұшы.
17.
18. Никотин және ішімдік.
19. 250-300г.
20. Ішімдік және никотин әсері.
21. Қан айналымына.
22. Қан жүекшеден → қарыншаға→ қарыншадан→ артерия қантамырына қарай ағады.
23. Жарты ай тәрізді қақпашалар.
24. 4 қуысты.
25. Іші қуыс, сүйір, бұлшықетті мүше.
26. Гуморальдық және жүйкелік реттелу.
27. Ядро орналасады.
28.
29. Оның дем алуына байланысты.
30. Ядро және миофибриялалары.
31. Адам денесіне байланысты, қанайналымдарда.
32. Е. Янкелевич.
33. 4 қуысты.
34. Тахикардия.
35. Баяулайды.
36. Жүрек автоматиясы.
37. Іші қуыс, сүйір, бұлшықетті ұлпа.
"Қоржын" ойынының сұрақтары.
Асықтағы сұрақтар.
1. 1 - сыйлық
2. 2- М. Мақатаевтың бір шумақ өлеңін айтып беру.
3. 3- Соғады күні-түні алмай тыныш,
Құлайды тоқтаса таудай тілің. (жүрек).
4. 4- Өзіңізге ұнайтын құстың даусын салыңыз.
5. 5 - сыйлық,
6. 6 - Ән "нота"
7. 7 - "Бөдене бөдеде" Қырық -сырық, құрық-қырық
Көбелек көдеде, Қанша болды?
Бөдені - беде де". Құрық -сырық".
Кубиктегі сұрақтар.
1. 1- Үш арсызды атаңыз.
Ұйқы, Күлкі, Тамақ.
2. 2- сыйлық.
3. 3- Адам ағзасында ең күшті бұлшықет (тіл).
4. 4- 8 наурыз қыз - келіншектердің мейрамы. Сіз аңаңызға арнайы бір гүл алдыңыз. Алдыңыздан сүйген қызыңыз шыға қалды, сіз ығайсызданып гүліңізді қызыңызға бере салдыңыз. Сол сәтте күтпеген жерден анаңыз шыға қалды. Сіз не істер едіңіз?
5. 5- Дүниедегі ең тәттіні және жұмсақты атаңыз?
6