Жүйе

Скачать

Адамның қалыптасуына оны қоршаған ортаның табиғи, әлеуметтік жағдайдың тигізетін әсері өте зор. Адамның әлеуметтік ортасы оны тікелей қоршап тұрған орта-отбасы,құрдастар, көршілер, сыныптас ұжым. Бұларда адамның қалыптасуы жүзеге асады. Кең мазмұнда алғанда әлеуметтік орта дегеніміз-адамдардың маңайындағы үлкен топ:қоғамдық тап,ұлт,ел,қоғам сонымен қатар адам өмір сүріп отырған қоғамдағы жағдай.
Қоғамда жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе дегенге анықтама беру керек. Жүйе -өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық.Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын,мазмұны оны құрайтын элеметтердің құрамы акйқындайды.Қоғам-әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элемменттері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.
Әлеуметтік байланыстар- фактілердің жиынтығы.Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады.Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.
Әлеуметтік қарым-қатынастар- адамдар және топтар арасындаболатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі.Мәселен, өзінің отбасымен, туған туысқандарымен-туыстық қарым-қатынаста болса, құрбыларымен-достық,жолдастық қатынасында; билік орындарымен –саяси қатынас орнатады.
Сонымен,қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуін қамтамасыз етеді.Бұларн жеке тұлғалардан жоғары тұрады.Өйткені қоғамның әрдір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар.Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыста болады.Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр.Егемендік,тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республикалық әлеуметтік құрылымында жаңа топтар, таптар, жіктер пайда болды.Олар:бизнесмендер, кәсіпкерлер,фермерлер, банкирлер және әртүрлі жеке меншік иелер.Тіпті бұдан басқа өзгерістер де бар.Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үрдістері де ерекше болып отыр.Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде.Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулеті орташа,кедей адамдар пайда болды.Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.
Көпшілікке мәлім, нарықтық экономиканы меншіктің алуан түрлігін қажет етеді. Ал, осы жағдай қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті,өйткені меншік нысанының алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешеленіру процесі басталды.Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар:жеке,корпоративтік,акционерлік ұжымдық,жартылай жеке, жартылай мемлекеттік,т.б. Орта,кішігірім мекемелерге,сауда үйлеріне, мейманханаларға, дүкендерге,әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелерге пайда болды.
Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету өте қиын.
Сонымен,Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.
Кәсіпкерлік-бұл заңды әлеуметтік құбылыс.Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамының ілгерілеп дамуына ықпалын тигізеді.Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануына ірі, орта және шағын бизнестің ролі өте зор.
Академик Қ.А.Сағадиевтің пікірі бойынша,Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.
1-топқа :номенклатуралық бизнес жатады, яғни ббизнесмендердің бұл побы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа,меншікке ие болған;
2-топқа :табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады.Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда саттықпен айналысуындағы тәжірибелерінің негізінде қалыптасқан;
3-топқа :кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап қажымай-талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;
4-топқа :жаппай бизнес жатады.Бұл топтағы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдалынады.Бұл топтағы адамдардың бастапқы капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр.Соған байланысты олардың табыстарының де айтарлықтай емес.
Республика меншік иегері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар да бар.
Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа жікке ауысуы жиі болып тұрады.Әрине


Скачать


zharar.kz