ЖЭО тарихынан

Скачать

ЖЭО тарихынан
1961 жылдың желтоқсан айының аяғында бірінші қазан мен бірінші турбинаны пайдалануға қосумен Ақмолалық 1-ЖЭО жұмысқа қосылды. Бұл факт сол уақыттан бастап индустриаландыру мен халықтың әлеуметтік игілігін жақсарту жолына берік тұрған, сол кездегі Целинный өлкесінің облыстық орталығында шын мәнінде тарихи болды.
Төрт он жылдық бойы 1-ЖЭО қызметкерлері қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ету жолында күндіз-түні еңбек етті. Бүгінгі күні астанамыздың мыңдаған электр шамдарымен жарықтанғаны - Астана электр кешенінің тұңғышы, ескі станция энергетиктерінің көптеген буынының үлкен еңбегі.
ЖЭО құрылысы 50-інші жылдардың басында жоспарланды.Орнату үшін 3200 кВт АЕГ фирмасының турбогенераторын қолдану жорамалданды. 1959 жылы ЖЭО алаңында тұрмыстық корпустың қабырғалары тек екінші қабатқа дейін ғана салынды. ЖЭО-ғы қажеттілік құрылысты жеделдетуге мәжбүрледі.
Сумен жабдықтауды құру бойынша жұмыстардың аса үлкен көлемін қоса (бес сорғы ұңғымасы, екінші сорғы өрі, жерге қосылған су қоймасы, торапты құбыр жүргізу, қысым мұнарасы) ЖЭО-ның бірінші кезегі шын мәнінде үш жыл ішінде орындалды. Ғимараттар блокты емес, қаңқалы болғанын есепке алсақ, сол жылдар үшін бұл, әрине, өте қысқа мерзім болды.
Құрылыс пен орнатуды аса қысқа мерзімде аяқтау талпынысы бірқатар техникалық шешімдерге әкелді. Міне олардың кейбіреуі.
ЖЭО бірінші турбинасы градирнясыз жұмыс істей алмады. Бұл күрделі инженерлік құрылыс болды. Градирня металл қаңқасының биіктігі 42 метр болып, жоба бойынша кран көмегімен орнатылды. Алдымен бірінші, содан кейін екінші, соңында үшінші қабат орнатылды. Сол кезде Ақмолада осындай биіктікте орнатуды жүзеге асыратын крандар болған жоқ.
СМП-209 мәрдігерінің бас инженерлері 1-ЖЭО құрылысы кезіндегі инженерлік ой белсенділігін уақытша қолдап ынталандырды. Еңбек және шығармашылық ұмтылыс арқасында 1-ЖЭО құрылысы қысқа мерзімде аяқталды. Бұл жерде құрылыс барысына кеңес және партиялық органдарының араласуы елеулі көмек бергенін атап өту қажет.
1961 жылдың желтоқсанының соңғы күндері 1-ЖЭО бірінші кезегінің, 40 атмосф.,С 440 град. бу параметрлерімен, сағатына 50 тонна өнімділігі бар, БКЗ үлгідегі №1 қазан агрегатының, электр қуаты 6 МВт АТ-6 үлгідегі №1 турбоагрегатының іске қосылуы жүзеге асты. Сол кезде осындай «алыпты» іске қосу целина энергетиктері үшін күрделі жеңіс болды. Қала тұтынушыларының электр жабдықтаумен қарбаластығы шешілді. Осылайша, бұл уақыттан бастап оның орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру мен көптеген жергілікті қазандықтардың біртіндеп жабылуы басталды, ал бұл өзінен өзі үлкен экономикалық әсер беріп, қала экологиясын жақсартты.
Бірақ қуанышпен бірге қиыншылықтар да келді. Жабдықтың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін тәуліктік кезекшілік атқаруға тура келді. Жұмысты тату, үлкен жауапкершілікпен жасады, ешкім үстеме, сый ақы, демалыс талап етпеді. Кейде жұмыс қолдары, әсіресе, қатып қалған көмірді түсірген кезде, жеткіліксіз болды, сарбаздар көмегіне жүгінді.
Бірақ жылдар өтіп, пайдалануға жаңа қазандар мен турбиналар енгізіліп, станция қуат жинап жатты. Ол өзінің күнделікті өмірімен сүрді.
1989 жылы 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО біріктіріліп, Целиноградтық ЖЭО деп аталды. 1999 жылдың 7 қаңтарында «Астанаэнергосервис» ААҚ Компаниясы құрылды, оның құрамына 1-ЖЭО ҚБ мен 2-ЖЭО ҚБ енді. 1-ЖЭО ҚБ директоры болып Жұмебеков Ержан Мұхтарұлы, бас инженер болып Утюжников Юрий Леонидович тағайындалды. Станция өмірі едәуір жақсарды – орындалатын жұмыстың өнімділігі мен сапасы өсті. Жалақы тұрақталып, кадрлар тұрақсыздығы азайды. Бұрынғыдай біздің ардагерлеріміз:
Бүркітбаев Рыскелді Мәуленқұлұлы, Сирабидзе Людмила Борисовна, Попов Александр Герасимович, Филимонова Нина Николаевна, Нұраева Райхан Мағзұмқызы, Царева Надежда Михайловна, Генералова Тамара Ивановна, Алтымбеков Юрий Кенесович, Слакаев Владимир Петрович және т.б. бірінші қатарларда.
Қазақстан Республикасының 18.02. 2004 жылынан №190 қаулысымен және «Астанаэергосервис» АҚ 23.11. 2004 жылынан №23\1001 бұйрығымен 2004 жылдың 01 желтоқсанынан бастап 1-ЖЭО ҚБ мен 2-ЖЭО ҚБ негізінде «Астана-Энергия» АҚ құрылды. Оның бас директоры болып Жақыпов Ғабдолла Өксекпайұлы, Бас директордың орынбасары болып Утюжников Юрий Леонидович тағайындалды.
2-ЖЭО құрылысы тарихынан

1971 жылдың 29 маусымында ҚСРО энергетика Министрлігінің Ақмолалық 2-ЖЭО техникалық жобасын дайындау туралы арнайы шешімі қабылданды. Құрылыстың басталуына алдымен тарихи алғышарттар негіз болды. Атап айтқанда, Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру мен Тыңның тасқынды уақыттарында тегіс жыртылған Қазақ даласының астанасы болған және барлық озық жас буын армандап, Кеңес Одағының барлық шеттерінен келген бұрынғы уезды қала Ақмола өнеркәсібінің тасқынды дамуы себеп болды. Осыдан көптеген жас энергетиктердің, кешегі студенттер, бүгінгі басшылар мен энергетиктер жас буыны тәрбиешілерінің қызығарлық тағдыры басталды.
Ақмолалық 1-ЖЭО қаланың Солтүстік өнеркәсіптік аймағында орналасады.
Жылу беру маусымының ұзақтығы – 215 күн.
2-ЖЭО 1 кезегінің құрылысы 1972 жылы басталып, 1985 жылы аяқталды. 1972 жылдың 22 сәуірінде Коммунистік сенбілік күнінде 2-ЖЭО келешектегі станциясы орналасуының шамшырағы стела орнатылды.
Негізін салуға:
Бономанко Борис Александрович – партия обкомы өнеркәсіптік бөлімінің меңгерушісі;
Кириленко Василий Петрович – партия обкомының екінші хатшысы;
Левин Вениамин Моисеевич –«Целинэнерго» басқарушысы;
Шадыжев Ахмет Туханұлы – салынып жатқан 2-ЖЭО бас инженерінің орынбасары қатысты.1974 жылдың көктемінде 2-ЖЭО құрылысы өрістей түсті. 1979 жылдың 29 тамызында Ақмолалық 2-ЖЭО 1-ші кезігінің 1-ші блогын пайдалануға енгізу туралы құжаттарға қол қойылды.


Скачать


zharar.kz