Тіркеуші органның заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуі

Скачать

Заңды тұлғаларды — Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесі

Мемлекеттік тіркеуден өткізу қаржы орталығы қатысушысы болғысы келетін субъектілерге заңды тұлға мәртебесін беру тәсілі болып табылады. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде мемлекеттік тіркеуден негізгі қызмет түрлері делдал және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғалар өткізіледі.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өтуінің негізгі шарты — Алматы қаласы территориясында заңды тұлғаның тұрақты қызмет істейтін органының болуы.
Қаржы орталығының қатысушылары «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылады.
Заңды тұлға туралы деректерді заңды тұлғалардың бірыңғай Мемлекеттік регистріне енгізу және Бизнес-Идентификациялық Нөмір (бұдан әрі — БИН) берумен ұласатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын иемденгенінің ресми айғағы болып табылады.

Тіркеуші органның заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуі:
заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және тоқтату фактісін растау;
Қаржы орталығы қатысушылары мемлекеттік Реестрін (бұдан әрі — Реестр) жүргізу арқылы құрылған, қайта құрылған және жұмысын тоқтатқан заңды тұлғаларды тіркеу;
қаржы орталығының қатысушылары туралы ақпаратты (қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда) монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша өткізу мақсатында іске асырылады.
ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.25.01. № 02—02/12 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
Тіркеуші орган құрылған, қайта құрылған және таратылатын қаржы орталығының заңды тұлғалары-қатысушылары туралы мәліметтерді құрамына енгізетін Реестрін жүргізеді.
Реестрді жүргізу тәртібі тіркеуші органның ішкі құжатымен анықталады.

Филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу мен есептік тіркеу алымы
Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуден өткені үшін төлемі заңды тұлғалардың құрылуы, қайта құрылуы және жұмысын тоқтатуы кезінде, сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алуы кезінде алынады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібi ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.25.01. № 02—02/12 бұйрығымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара)
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, заңды тұлғаларды бірыңғай Мемлекеттік Реестрге және Реестр заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу, бекітілген үлгідегі тіркеу нөмірін және мемлекеттік тіркеу куәлігін беру, және әділет органдарына өткізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама жіберуді қамтиды. Заңды тұлғаларды тіркеу немесе қайта тіркеу үшін ұсынылатын құжаттарды тексеру кезінде тіркеуші орган орталық мемлекеттік органдармен және олардың территориялық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасайды.
Қаржы орталығының әлеуетті қатысушысын — заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін тіркеуші органға: Белгіленген үлгідегі 2-Қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; Осы Ереженің 1-Қосымшасына сай құрылтай және басқа да құжаттар пакеті ұсынылады. Мемлекеттік және орыс тілінде әзірленген құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген түрде үш данада және Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген тәртіпте расталатын үлгіде ұсынылады. Заңды тұлғаның — банктің еншілес ұйымының мемлекеттік тіркелуі жағдайында, банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган ұсынған еншілес ұйым құруға рұқсаты қажет.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін:
1) тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс дайындалғанын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексереді;
2) БИН беру үшін және заңды тұлғалардың біртұтас Мемлекеттік реестріне заңды тұлға туралы ақпаратты енгізу үшін заңды тұлғалардың Мемлекеттік мәліметтер базасының байланыс арналары арқылы электрондық хабарлау даярлайды және жібереді;
3) БИН берілгеннен кейін тіркеуші орган тіркеуші органның басшысы немесе оның орынбасары қол қоятын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрық шығарады;
4) тіркеуші орган заңды тұлға туралы мәліметтерді біріңғай Мемлекеттік мәліметтер базасының байланыс арналары арқылы электрондық хабарлама жүзінде мемлекеттік статистика органына жібереді;
5) мемлекеттік статистика органы байланыс арналары арқылы алған электрондық хабарламаға сүйене отырып, бір жұмыс күні ішінде заңды тұлғаларға біріздендірілген сәйкестендіру және басқа жүйелі-есепті кодтарын береді; заңды тұлғалар туралы мәліметтерді бірыңғай мемлекеттік статистика регистіріне енгізеді және салық органына салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама жібереді;
6) Тіркеуші орган тізімдеме бойынша статистика органы және салық органы ұсынған статистикалық карточканы, салық төлеушінің куәлігін алады (5-қосымша);

7) тіркеуші орган құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасы бар істі ресімдейді (сәйкес штамптар мен мөрлерді қояды) және Реестрге тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді енгізеді;
8) істі рәсімдегеннен кейін, тіркеуші орган заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы белгіленген үлгідегі куәлігін (6-қосымша), салық төлеушінің куәлігін, статистикалық карточкасын, сондай-ақ құрылтай құжаттарының түпнұсқаларын береді;
9) тіркеуші орган заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының үшінші данасы мен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі жүргізілген туралы бұйрықтың көшірмесін салық органына жібереді. ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.25.01. № 02—02/12 бұйрығымен 10—1 тармақпен толықтырылды
10—1. Заңды тұлғаны қайта құру (өзгерту, біріктіру, бөлу, бөліп шығару) кезінде мемлекеттік тіркелуге тиісті. ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.25.01. № 02—02/12 бұйрығымен 10—2 тармақпен толықтырылды
10—2. Өзгерту барысында заңды тұлға өзінің мемлекеттік тіркеуге жататын түрін (ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын) өзгертеді.

Тіркеуші органға:
1) заңды тұлғаның уәкілетті органның өзгерту туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
2) қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен өткізу актісі;
3) заңды тұлғалардың уәкілетті органдарының өткізу актісін бекіту туралы шешімі;
4) қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілердің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
5) құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
6) бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
7) өзгертуге тиіс заңды тұлға мөрінің жойылуы туралы құжат табыс етілуі тиіс.
Өз әрекетін тоқтатқан (өзгерген) ұйым заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік Тіркелімінен және Реестрден шығарылуға тиіс, ол туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы бұйрықта көрсетіледі.
Акционерлік қоғамды өзгерткен кезде тіркеуші органға қосымша акционерлік қоғам акциялардың барлық эмиссияларының күшін жою туралы куәлік ұсынылады. ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.25.01. № 02—02/12 бұйрығымен 10—3 тармақпен толықтырылды 10—3. Қосылу барысында бір және бірнеше заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылады, оның базасында мемлекеттік тіркеуге жататын бір заңды тұлға құралады.

Тіркеуші органға:
1) заңды тұлғаның уәкілетті органның қосылу туралы, заңды тұлғалардың мөрімен бекітілген шешімі;
2) қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мирасқорлығы туралы ережелері көрсететін, заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен өткізу актісі;
3) заңды тұлғалардың уәкілетті органдарының өткізу актісін бекіту туралы шешімі;
4) қайта құрылған заңды тұлға туралы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
5) құрылтай құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;
6) бюджетке заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алымды төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты;
7) бірігу


Скачать


zharar.kz