Маркетингті – сараптамалық зерттеулер орталығы

Скачать

«Маркетингті – сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ - 2003 жылы мамырда ұлттық экономикада бәсекелестікті жоғарылату және диверсификация процессін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Орталықтың негізгі қызметі:
• отандық және халықаралық рынокқа және экономика секторы мен салаларына, негізгі бет алысты анықтау үшін әртүрлі өндірістерге, Қазақстанның әлемдік экономикадағы бәсекелестік артықшылықтарын анықтау үшін сараптама жасау;
• инвестициялық жобаларға олардың басыңқы бәсекелестікке мүмкіндігі бар затына сараптама жүргізу, табыстылығы және артықшылығы;
• Қазақстан Республикасындағы экономикалық байланыстық пен іскер ортаға сараптама жасау.

Орталық маркетинг және менеджмент саласында зерттеулер жүргізеді, консалтингті және ақпаратты-кеңестік қызметтерді көрсетеді, маркетинг және менеджмент саласында методологиялық және ақпаратты – анықтамалық құралдарды шығарады, бағдарламалық өнімдерді құру, экономика өрісі және саласы бойынша ақпараттарды және өнімді тарату.

Қазіргі таңда Орталық тек қана ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша жобалармен жұмыс жасауда. Орталықтың Web-сайты арқылы зертеулер барысында жинақталған экономиканың өрісі және саласы бойынша ақпараттарды тарату.

2004 жылы Орталық, 23 зерттеулік жобаларды жүзеге асырды, оның ішінде:
• Қазақстандағы ақпаратты технологиялырдың даму мүмкіндіктеріне маркетингті сараптама жүргізу.
• Қазақстан Республикасындағы химиялық өндірісті дамытудың басыңқы бағыты мен жағдайына сараптама;
• Қазақстан Республикасындағы машинақұрылысы дамуының басыңқы бағыты мен жағдайына сараптама;
• Қазақстан Республикасындағы тағам өнімі дамуының бағытын және басыңқылығын зерттеу.
• Қазақстан Республикасындағы құрылыс құралдарын дамыту басыңқылығына және жағдайына сараптама.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Оның мақсаты шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, мемлекеттің қаржыны тиімді қолдануын көтеруге және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің экономикалық өсуін және құрылуын ынталандыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қордың негізгі міндеттері бекітілді.
• шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсету мемлекеттік бағдарламасын құруға және іске асыруға қатысу;
• шағын кәсіпкерлік субьектілерін бағытты несиелеу;
• екінші деңгейлі банктерден несие алу үшін субьектілер пайдасына кепілдеме беру.

Қордың негізгі қызметі, несиелер және лизинг түрін берумен байланысты. Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген республикалық бюджет қаражатының және жеке қаражаты есебінен несиеленеді.

Қор Қазақстанның барлық қалаларында бар сонымен қатар Астана қ. Қордың қарыз беру қоржыны 205 жылғы 1 қаңтарына 15,4 млрд теңгені құрады. Ол жеке қордың және республика бюджетінің және Дамыту және Қайта орнату Еуропалық Банк қарызы және Азия Даму Банкінің қаражатынан жинақталған.

Қазіргі таңда қор мына бағдарламалар бойынша қаражаттарды жүзеге асырады.
• Ауылшаруашылық саласына (56 млн. АҚШ доллары) Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық қарызы (АДБ);
• Даму және Қайта орнату Еуропалық Банктің несиелік лимиті арқылы Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасын дамыту. (77,5 млн. АҚШ доллары);
• Республика бюджеті есебінен шағын кәсіпкерлік субьектілерін қолдау бағдарламасы (300 млн. теңге);
• Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.

Қормен жүзеге асырылатын Бағдарламалар несиелеудің тікелей несиелеу түрін ұсынады, факторинг, қаржылы лизинг, несиеге кепілдеме беру, ОШК жүзеге асыратын жобаларға қаржылық көмек көрсету.

Қор өз қызметін бастағаннан бері 577 жобаны 6,3 млрд.теңгеге қаржыландырылды..

«Ұлттық Инновациялық Қор» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық инновациялық қор» «Акционерлік қоғамды құру туралы» 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулысымен құрылды. Оның мақсаты ҚР нақты зерттеуді қажет ететін өндірістер мен жоғарғытехнологиялық даму, инновациялық актив өсіміне қолғабыс жасау.

Инновациялық қордың міндеті:
• инвестицияларды тарту және инновациялық жобаларды қаражаттандыру;
• маркетингті зерттеулерді жүргізу;
• қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаражаттандыру және тәжірибелі – конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
• сыртқы рынокқа отандық иновациалық өнімдерді жылжыту;
• инновациялық жобалар бойынша мәліметтер банкін құру, тиімді жоспарлардың барлығы туралы жеке инвесторларды ақпараттандыру;
• технопарктерді, бизнес-инкубаторларды және басқа да инновациялық инфрақұрылым элементтерін құруға қатысу.

Қор қызметінің негізгі бағыты болып саналады:
• ҚР аймағында еншілес қорларды құруға инвестицияларды тарту және инвестициялау;
• инновациялық жоспарларды жүзеге асырушы компанияларды инвестициялау;
• ұлттық инновациялық инфрақрылымының элементтерін құруды инвестициялау. (технопарктерді, технологиялық бизнес-инкубаторларды).

Инвестициялаудың негізгі түрі заңды тұлғалар жарғылық капиталын ұлғайту және құру кезінде, қатынастың акциясы/үлесін алу жолымен жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу

2004 жылы қорға 219 жоба түсіп, оның 5 жобасы еншілес қорды құруға, 71 инновациялық жобаны құруға, 141 жоба ҒЗТКЖ құруға, 2 жоба инфрақұрылым элементтерін құру үшін жұмсалады.

Қор әкімшілік және кәсіпорындармен тұрақты түрде байланыста. Аймақтағы қызметтер бойынша Астана қ. Алматы қ. Алматы, Батыс-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Атырау облыстарында аймақтық шаралар өткізіліді. Алматы қ. Оңтүстік-Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан облыстары әкімшіліктерімен, (Орал қ.) «Аймақтық инвестициялық орталық» АҚ, (Ақтөбе қ.)«Инновациялық енгізуші орталық» ЖШС қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойылды.

Қор заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әртүрлі шараларды өткізіп тұрады. Оның мақсаты тиімді ынталарды жүзеге асыру және оларды анықтауға бағытталған.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - өз қызметін 2003 жылы шілдеде Елбасы, экономиканың шикізат саласында емес жеке сактор ынталарына қаржылық көмек көрсету, болашағы бар кәсіпорындардың жоспарларына инвестицияларды тарту және жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық Стратегиясын іске асыру бойынша қатысу мақсатында «Қазақстанның инвестициялық қоры» Заңына қол қойғаннан кейін бастады.

Қорға жүктелген негізгі міндеттер:
• жаңа және заманның талабына сай технологияларды қолдана отырып құралдар мен шикізатты терең өңдеумен айналысатын кәсіпорынның жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;
• ҚР корпоративті бағалы қағаздар рыногын дамуына жағдай жасау;
• шетелдік және отандық кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияға қатысу;
• қазақстандық кәсіпорындардың шетелдегі инвестициялық активтерін көтеруге қатысу.

Қор 49% - ға дейін акцияны алып жобаларда тікелей инвестор ретінде шығады. Қор инвестор ретінде жобаны іске асыру барысында болуы мүмкін тәуекелді де табысты да бірге бөліседі.

Жоба іске асыру сатысынан өткеннен соң және өндіру және сату бірқалыпты деңгейіне жеткеннен кейін Қор өз үлесін стратегиялық әріптестеріне немесе басқа акционерлерге сату арқылы жобадан шығады.

Қаржыландырудың тиімді бағыттары.
• құрылыс материалдарын өндіру;
• химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсібі бұйымдарын өндіру;
• өндірісті өңдеуші аграрлы саланы дамыту;
• жоғары сапалы көкөніс өнімдерін өндіру;
• Қазақстандағы өндірітің жалға алуын дамыту және құру;
• жоғары қосылған баға өнімдерін дакмыту және құру, сонымен қатар басқа да салаларды.

Қазіргі таңда Қор 70млн АҚШ долларын 20 жуық жобаны қаржыландырды.

2006 жылы Қор 1,1 млрд. АҚШ долларынан (145 млрд. теңге) астам 22 жобаны қаржыландыруға кірісуде. Олардың ішінде керамикалық плиткаларды жасау, мұнайгаздық құралдарды, спортты-аңшылық және суық қару оқтарын, құрылыс қыштарын, базальтты талшықтарды, шыныпластикалық трубаларды, көкөніс зауотын жаңаландыру, бидай жинайтын комбайындарды шығарушы ОК құру және т.б бойынша жобалар бар

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – ел экономикасына инвестицияларды тартуға қолдау жзасау және өңдеуші өнеркәсібіне және өндірістік инфрақұрылымның дамуына, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 531 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2001 жылы 25 сәуірде құрылды.

Экономикалық қызметтің Жалпы классификаторларына (ЭҚЖК) сәйкес Даму Банкі несиелеу үшін инвестицияның негізгі салалық басыңқылығы болып мыналар саналады:
• ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу;
• тігін және жүн өндірісі;
• аяқ киім терісін және тері өнімдерін, теріні өндіру;
• ағаштан өндірілетін бұйымдарды өндіру және ағашты өңдеу;
• баспа ісін санамағанда целлюлозды-қағазды өнеркәсіп;
• химиялық өнеркәсіп;
• пластмассы және резіңке өнімдерін өндіру;
• дайын затты өнімдерді өндіру;
• машина және құралдарды өндіру;
• электрқұралдарын, электрлі және оптикалық құралдарды өндіру;
• көлік құралдарын және құралдарды өндіру;
• газ және суды, электрэнергиясын тарату және өндіру;
• көлік және байланыс.

Инвестициялық жобаларды несиелеу кезінде, әлемдік рынокқа шығу жоспарымен жасалынған жобаларға және бағасы жоғары қосылған технологиялық байланысты өндірістердің жолағын құратын жобаларға басыңықылық береді.

Даму Банкі өзінің несиелік қызметінде несиелеудің төменгі түрлерін қолданады::
• орташұғыл және ұзақшұғылды несиелеу, сонымен қатар инвестициялық жобаларды қаржыландыру;
• қоса қаржыландыруды қосқанда, несиелеу және қазақстандық тауарлардың сыртқы рынокта жылжуын қамтамасыз ететін экспортты операциялар.

Даму Банкі инвестициялық жобаларды және экспортты операцияларды таңдаған кездегі басты ережесі:
• инвестициялық жобалардың салалық басыңқылықтарға сай келуі;
• жобаның өзін-өзі ақтауы және тиімділігі;
• жобаны іске асыру барысында құрылатын өнімнің өтуін қамтамасыз ету және шикізат қорының жеткілікті болуы.
• жоба шешімдерінің технологиялық және техникалық тұрғыдан негізделуі;
• экологиялық талаптарды сақтау;
• жоба құжатының толық және сапалы болуы;
• институтционалды тұрғыда жетілдірілгендігі, мамандандырылған менеджменттің боуы;
• несиелеуді қамтамасыз ететіндгінің дәлелі;
• қарыз алушыға қойылатын талаптардың барлығын орындау (несиені төлеу мүмкіндігі, төлей алатындығы, қаржылық тұрақтылық және т.б.).

Ұйымдардың, шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеу бойынша қоятын талаптары жайлы толық ақпаратты мемлекеттің қолдауымен құрылған «Шағын кәсіпкерлікке қаржылы-несиелік қолдау көрсету» методологиялық құралынан ала аласыз.

Қазіргі таңда Қазақстанда, жоғарыда айтылған даму институттарынана басқа құру және дамыту бойынша технопарктер, бизнес-инкубаторлар және өндірістік аймақтар кең қолданысқа ие болды.

Технопарктер – технопарктер аймағына сыйятын кіші-инновациялық кәсіпорындарды дамыту және құру арқылы жасалынған технологияларды коммерциялау және вуздардың басыңқылығын қолдану мақсатында жоғары оқу орны базасында немесе ғылыми-зерттемелік институттарында құрылатын жүйе.

Технопарктерді құру мақсаты ғылыми зерттеулер нәтижесін және құрылымдарының тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуші инновациялық қызмет субьектілерін ұйымдастыру.

Мемлекет технопарктерге қойған міндеттемелердің ішінде:

• озық жетістіктер өндірісіне отандық және әлемдік ғылыми-техникалық прогрестерді енгізу;
• инновациялық өндірістерді және ғылыми-техникалық зерттеулерді инвестициялау;
• инновациялық кәсіпорындардың дамуына және құруына заттық-техникалық көмек беру.

Бизнес-инкубаторлар – бұл кәсіпорындарға қажетті кеңестер мен қолдау көрсетуін қамтамасыз ететін бизнеске көмек бағдарламалары. Әдетте бизнес-инкубаторлар бірнеше жаңа фирмалар жинақталған арнайы мекемелерде орналасады. Олар мекемемен, құралдарды ғана бірге қолданбай бизнес-инкубаторлар көрсететін қызметтердің барлығына бірдей құқығы бар. Қызметтердің кейбір түрлерінің бағасы, жалға алудың бағасына қосылуы мүмкін, басқа ұсынылатын қызметтердің бағасы төменгі бағамда.

Бизнес-инкубаторларды құрудың мақсаты – қайта құрылған кәсіпорындарға тәжірибе жинау үшін, ары қарай көтерілу үшін, рынокта өз орнын нық белгілеу үшін кәсіпорындарға жағдай жасау үшін құрылған. Дамудың белгілі бір дәрежесіне жеткеннен соң, (әдетте бұл үш жылдан соң болады) фирма бизнес-инкубаторлардан кетіп өз еркі бойынша жұмыс жасайды. Бұл кезге дейін олар белгілі бір деңгейде тәжірибе жинап, банкроттыққа ұшырамаудың алдын алып, ары-қарай өркендеуге мүмкіндігі бар. Ал босаған орындарға өз ісін енді бастап жатқан фирмалар келеді.

Өндірістік аймақ – біртектес өндірістік аймақта (бір шатыр астында)жұмыс жасайтын және орналасқан көптеген шағын жеке кәсіпорындардың обьектісі іспеттес.

Өндірістік аймақтардың негізгі міндеті – бұл шағын кәсіпкерлікті дамытудың және отандық тауар өндірушілерді активтендіру, кәсіпкерлерге қызметін енді бастап жатқан сатыда көмек беру және қолдау жасау.

Өндірістік аймақ төңірегінде шағын жеке кәсіпорындар орналастырылады, олардың әрқайсысы бөлек мекемелерге орналасып өз өндірісін ұйымдастырады. Көптеген шағын кәсіпорындарды бір ғана Өндірістік аймаққа орналастырудың бір ғана мақсаты олардың салалық және технологиялық үйлесімділігі. Өндірістік аймақ кешенінің ойдағыдай қызмет істеуі тиісті органмен қамтамсыз етіледі – компаиня басқарушысы мекемені жалға беруден басқа бизнесті әкімгерлеу және жүргізу бойынша қызметтерді де көрсете алады.

Сонымен, құрылған кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының көмегімен мемлекет және кәсіпкерлер, қоршаған орта арасында қырым-қатынас қалыптасады.


Скачать


zharar.kz