«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі – Орта мерзімді фискалдық саясат) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» және 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан халқына жолдауларын (бұдан әрі – Мемлекет басшысының Жолдауы) ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмді перспективаға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Ұлттық қордың тұжырымдамасы), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымда № 521 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 – 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (1 кезең) (бұдан әрі – Орта мерзімді жоспар), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленді.
Осы құжатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары айқындалған.
Орта мерзімді фискалдық саясат республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын іске асырған кезде үйлестіруші құжат болып табылады.
Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2007 – 2009 жылдарға арналған әлеуметтік–экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің болжамдары Орта мерзімді жоспарда айқындалған.
2003 – 2005 жылдары Қазақстан экономикасы қарыштап өсті. Осы жылдары жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жылдық орташа өсу қарқыны 9,5 %-ды құрады.
2003 – 2005 жылдары қаржы нарығының барлық сегменттерінің тұрақты дамуы елдің ішкі кредит нарығын елеулі түрде жандандыруға және өндірістік сектор мен қызметтер көрсету секторын дамытуға бағытталатын ақшалай қаражаттың мөлшерін арттыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) халықаралық резервтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (Ұлттық қор) қаражаты 2005 жылдың соңына қарай 15084,4 млн. АҚШ долларына дейін өсті.
Қазақстан экономикасының дамуы үшін сыртқы факторлар қолайлы болды. 2003 – 2005 жылдары сыртқы сауда айналымының жылдық орташа өсуі 40,9 %–ды құрады, қазақстандық өнімнің экспорты орта есеппен 42,6 %-ға, импорт – 38,5 %-ға артты.
Импорттың жалпы көлеміндегі инвестициялық тауарлар 2005 жылы 8412,2 млн. АҚШ долларын немесе 48,5 %-ды құрады (2004 жылы – 5871,0 млн. АҚШ доллары немесе 45,9 %).
2003 – 2005 жылдары республикамызға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 19,3 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Бұл ретте 2005 жылы республикамызға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
Экономиканың өсуіне өнеркәсіп елеулі үлес қосты. Үш жыл бойы өнеркәсіп өнімін өндірудің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 8,0 %-ды құрады, оның ішінде, тау-кен өндіру өнеркәсібі – 8,9 %, қайта өңдеу өнеркәсібі – 7,7 %, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратуда – 4,8 %.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жылдық орташа өсуі 2003 – 2005 жылдары 2,9 %-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығында- 1,1 %, мал шаруашылығында – 5 %.
Қызметтер секторында кәсіпорындар мен ұйымдар 2003 – 2005 жылдары көрсеткен қызметтері орташа 28,5 %-ға өскен байланыс саласында ең көп өсу қамтамасыз етілді.
Өткен үш жылда көліктің барлық түрлерімен тасымалдаудың орташа өсу қарқыны 108 %-ды құрады.
Нақты жалақының мөлшері 2003 – 2005 жылдары орта есеппен 11,2 %-ға ұлғаюы халықтың нақты ақшалай табысының жыл сайын орта есеппен 12,1 %-ға артуына ықпал етті.
Жұмыссыздардың саны 2003 жылы 672,1 мың адамнан 2005 жылы 639,3 мың адамға қысқарды. 2003 жылы 8,8 %-ды құраған жұмыссыздық деңгейі 2005 жылы экономикалық белсенді халық санының 8,1%-ына дейін қысқарды.
Соңғы үш жыл бойы инфляцияның орташа деңгейі 6,4 – 7,6 % дәлізінде болды.
Тұтастай алғанда инфляциялық процестерді реттеу кешенді инфляцияға қарсы саясатты әзірлеу мен іске асыру жолымен жүргізіледі.
Әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы Қазақстан үшін барынша қолайлы конъюнктурамен сипатталады, бұл шикізат тауарлары экспортының серпініне оң әсерін тигізуде.
Қазақстан экспортының аса маңызды баптарына әлемдік баға деңгейінің жоғары болуы, экспорттық пайданың өсу шарты болып отыр. 2001 жылмен салыстырғанда экспорттың номиналды өсуі 2005 жылы 3,2 еседен астамды құрады.
Халықаралық валюта қорының деректері бойынша 2005 жылы әлемдік экономиканың өсуі 4,8 %-ды құрады. 2006 және 2007 жылдары болжам бойынша ол тиісінше 4,9 %-ды және 4,7 %-ды құрайды.
ЖІӨ жылдық нақты өсуі 2007 – 2009 жылдары 8,8 %-ды құрайды, бұл 2008 жылы 2000 жылға қатысты ЖІӨ-ні еселеу жөніндегі стартегиялық міндетті шешуге мүмкіндік береді.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 2009 жылға қарай 8962 АҚШ доллары деңгейіне жеткізу жоспарланып отыр, бұл 2005 жылдың деңгейінен 2,4 есеге артық.
Орта мерзімді кезеңде тауарлар өндіру қызметтер көрсетумен салыстырғанда озық қарқынмен өсетін болады. Тауарлар өндіру жылына орта есеппен 10,3 %-ға, ал қызметтер көрсету 8,5 %-ға өсетін болды.
Өнеркәсіп өнімін өндірудің өсу қарқыны 2007 – 2009 жылдары орта есеппен 8,2 %-ды құрайды.
Қызметтер көрсетуде сауда, көлік, байланыс, сондай-ақ кәсіпорындарға көрсетілетін түрлі қызметтер барынша көп үлес алады. 2007 – 2009 жылдары осы салалардың одан әрі өсуі күтілуде. Көлік қызметтері орта есеппен 6,6 %-ға, ұсынылатын байланыс қызметтерінің көлемі 24,5 %-ға артады. Сауда саласында қызметтер орта есеппен 9,1 %-ға өседі.
Жоспарланып отырған кезеңде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсуі орта есеппен 103 %-ды, құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі – 122,6 %-ды құрайды.
Инвестициялық сұраныстың кеңеюі, бірінші кезекте, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен алынатын инвестицияларды қаржыландырудың ішкі көздерімен байланысты болады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсу қарқыны жоспарланып отырған кезеңде орта есеппен 118,7 %-ды құрайды.
Сауда теңгерімінің оң сальдосы 2007 – 2009 жылдары жылына орта есеппен 7 млрд. АҚШ долларын құрайды.
2007 – 2009 жылдары экономика дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканың өсуінің барлық негізгі факторларын дамытудың қолайлы макроэкономикалық жағдайы жасалатын болады.
Қазақстан Республикасының 2007 – 2009 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы
Көрсеткіштің атауы 2007 2008 2009
ЖІӨ, млрд. теңге 11879,8 14036,6 16540,4
ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, өткен жылға %-бен 108,6 108,9 109
Тұтыну бағаларының индексі, жылына орта есеппен %-бен 5-7 5-7 5-7
Тауарлар экспорты, млн. АҚШ доллары (ФОБ) 32900,6 34932,2 38580
Тауарлар импорты, млн. АҚШ доллары (ФОБ) 25603,9 28215,6 31242,2
Мұнай және газ конденсатын өндіру, млн. тонна 64,0 70,0 78,0
Мұнайға әлемдік баға (Brent қоспасы), бір баррелі үшін АҚШ доллары 60,0 60,0 60,0
Орта мерзiмдi кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгi мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiне бекiтілiп берiлген мемлекеттiк қызметтердi толық көрсетуi және өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшін оларды жеткiлiктi қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексiнде белгiленген қағидаттардан және түсiмдер мен шығыстардың бюджет деңгейлерi арасында бөлiнуiнен бастау алады әрi өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейiндегi анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбiр басқару деңгейiнiң дербестiгiн күшейтуге, сондай-ақ тиiмдi бюджет саясатын жүргiзуге бағытталған. Бюджет кодексiне сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттiк кредиттер арқылы реттеледі, ал облыстық және аудандық бюджеттер арасында бұдан басқа, кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледі.
Трансферттер жалпы сипаттағы ресми трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлiнедi.
Аумақтардың экономикалық дамуының тым күшті саралануы салдарынан кiрiс базасының өңiрлер арасында