Бағалы қағаздар каржылардың ең тәуекелділігі жоғары салымдарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережелердегі өзгертулері мен қосымшаларына сәйкес бағасы белгіленген бағалы қағаздар баланста ең төменгі құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс. Бұл егер жылдың соңында балансты құрастыру кезінде бағасы белгіленген бағалы қағаздардың құны баланстық құннан төмен бояса, онда жаңа нарықтық құн бойынша олардың қайта бағалануы тиіс екеңдігін білдіреді. Бағасы белгіленген бағалы қағаз желтоқсан айыньщ соңғы күніндегі баға сатып алушы мен сатушының сол күндегі бағасының арасындағы орташа көрсеткіші ретінде анықталады. Бұл кезде бағалы қағаздардың баланстық (есепті) құны мен олардың қалыптасқан нарықтық басын арасындағы айырманың сомасына қорытынды проводкаларымен мынадай жазу жазылуы тиіс:
Дт - 7410 «Инвестициялардың пайдалануымен басланысты шығыстар» шоты.
Кт – 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоты.
Бағасы белгіленген курсқа жатпайтын бағалы қағаздар бойынша да қайта бағалау жүргізіледі, бірақ оладың баласттық құны өзгертусіз қалады. Қайта бағалау бағалы қағаздардың құнсыздануы бойынша резервтер құруға алып келеді. Бағасы белгіленген бағалы қағаздар бойынша резервтің мөлшерін анықтау кезде олардың нақты қамтамасыз етілуіне сүйенеді, ол бағасы белгіленбеген бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз етілу мөлшері дисконттау коффициентінің жәрдемімен шартты түрде анықталады. Дискоттау коффециенті жыл бойы өзгеріп отыруы мүмкін. Бухгалтерлік есепте резервтердің қырылуы төмендегі проводкаларымен бейнеленеді:
Дт - 7410 «Инвестициялардың пайдалануымен басланысты шығыстар» шоты.
Кт – 5310 «Заңдармен бекітілген резервтік капитал» шоты.
Әрбір жеке қағаз үшін барлық бағалы қағаздар құнынығ сақталу немесе өсуінен тәуелсіз резервтер құрылады. Сөйтіп, аналитикалық есеп әрбір резерв үшін жүргізіледі.
Нарықтық құнын қор құндылықтарының баланстық құнынан артығы бухгалтерлік жазуларымен қосақталады.
Егер құнсыздануға бұрын резерв құралған бағалы қағаздың жыл қортындысымен нарықтық күні жылдық резерв кіру үшін мөлшерлі баға ретінде пайдаланылған нарықтық бағадан артып кетсе, онда бұл қағаздың құнсыздану жөнінен резервтің сомасы құрытынды жазулаырмен табысты және залалдар шотына қаржылардың толық аударылуына дейін түзетіледі. Бұл жерде :
Дт - 5310 «Заңдармен бекітілген резервтік капитал» шоты.
Кт - 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған залалы)» шоты бейнеленеді.
Бұрын құнсыздануға резерв құрылған бағалы қағаздар сату кезінде қағаздың сатылуы бойынша жазулармен бір мезгілде олар бойынша резерв сомасы № 551 шоттын дебетінен № 5510 шоттың кредитіне ауыстырылады.