Салық жүйесі дегеніміз

Скачать

Салық жүйесі дегеніміз – бұл мемлекетте жиналатын салықтардың, сондай-ақ оларды ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Салық жүйесінің әрбір құрамдас бөлігі мемлекеттік экономикалық реттеудің нақты құралы болып табылады. /3,4/
Салықтардың және салықтық сипаттағы алымдар мен төлемдердің тізімі Қазақстан Республикасының Салық кодексімен бекітіледі және 9 салық түрлерін қамтиды:
1) Корпоративтік табыс салығы;
2) Жеке табыс салығы;
3) Қосылған құн салығы;
4) Акциздер;
4-1) Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық;
5) Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері;
6) Әлеуметтік салық;
7) Жер салығы;
8) Көлік құралдары салығы;
9) Мүлік салығы.
Негізгі салық түрлерімен қоса Қазақстан Республикасының салық жүйесі алымдардың 12 түрін және төлемдердің 9 түрін, сонымен қатар мемлекеттік баждарды және кедендік төлемдерді қамтиды. /8/
Салық жүйесінің және салықтық заңнаманың көзге көрінетін жетістіктеріне қарамастан, бірқатар сұрақтар әлі де болса жан-жақты, мемлекет деңгейінде қарастыруды қажет етеді. Атап айтар болсақ, салық салу базасын анықтау үшін шығындарды анықтау, табыстар мен шығындардың есебін жүргізу секілді сұрақтар әлі күнге дейін өз шешімін таба алмай келе жатыр.
Салықтан жалтару әдетте салық объектісін жасыру, салық базасын төмендету секілді басқа да жолдармен салық органдарына табыстардың немесе мүліктің бір бөлігі туралы мәлімет беруден бас тартуға келіп тіреледі. Қазақстан билік органдары тарапынан жіберілген кемшілік пе әлде қателік пе, алайда олар мұндай жағдайларды айтарлықтай қылмыс деп танымай, жәй ғана әкімшілік заң бұзушылық ретінде қарастырады. Салық төлеуден жасырыну әрекеттерімен салық органдары айналысады, олар, әдетте, сот процесінде қарастырылмайды. Мұндай әкімшілік заң бұзушылықтар үшін жәй айыппұлдармен немесе салықтарды өндіріп алумен ғана жазалайды.
Сондай-ақ, қалыптасқан салық жүйесіне қарсылық білдіру әкімшілік заң бұзушылық деп саналады. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларында мұндай заңға қарсы әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылады. Жауапкершілік жүктелетін әкімшілік заң бұзушылықтардың тізімі 1 кестеде берілген.

Салықтық заң бұзушылықтар туралы айта отырып, олардың белгілі бір кері нәтижелермен байланысты екенін ескерген жөн. Мұндай заң бұзушылықтар көп жағдайда салық төлеушінің бухгалтерлік және салықтық есеп жүйесіне тікелей байланысты болып келеді. Сол себепті теориялық және практикалық жетістіктерге сүйене отырып, бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу тәртібіне түзетулер енгізу қажет.
Салықтық тексерулер, салықтық бақылаудың негізгі формасы ретінде, есептік мәліметтердің нақтылығын анықтау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеудің, уақтылы және толық төленуін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Салықтық тексерулерді жүргізумен қатар салық төлеушілердің салықтық мәдениетін көтеру мақсаты да жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтық тексерулер құжаттық және рейдтік болып бөлінеді. Өз кезегінде, құжаттық тексерулер кешенді, тақырыптық және қарсы тексерулер болып бөлінеді (ішкі түрлер).
Кешенді тексеру деп салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын тексеруді айтады. /16/
Кешенді тексерумен салыстырғанда, тақырыптық тексерулер жекелеген салықтардың түрлеріне немесе басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне қатысты, мысалға, қосылған құн салығына қатысты, жүргізіледі.
Қарсы тексерулер, егер де салық органы тексеру жүргізген кезде салық төлеушінің салықтық есебіндегі операциялардың дұрыстығын анықтау үшін осы салық төлеушімен байланысты үшінші тұлғалардан қосымша ақпараттар алудың қажеттілілігі туындаған жағдайда жүргізіледі. Қарапайым тілмен айтар болсақ, егер тексеру барысында бір компания қандай-да бір тауарларды екінші бір компаниядан сатып алғанын айтса, онда салық органдары аталған екінші компанияда осы операциялардың есепке алынғанын тексеруге құқығы бар. Бұл жағдайда мәміленің мерзімі, сатып алынған тауарлардың бағасы мен көлемі, мәміленің жалпы сомасы тексеруге алынады.
Рейдтік тексерулерге келетін болсақ, онда мұндай тексерулерді салық органдары жекелеген салық төлеушілердің салықтық заңнаманың талаптарын қадағалауы жөніндегі сұрақтар бойынша жүргізеді, атап айтар болсақ: салық төлеушінің салық органдарында салықтық тіркеу есебіне тұруы; фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолданудың дұрыстығын, лицензияның немесе басқа да рұқсат беруші құжаттардың бар болуын; акциздік тауарларды өндіру, сақтау және сату ережелерінің қадағалануын; хронометраждық зерттеулерді жүргізу тәртібін. /17/
Құжаттық тексерулер қандай-да бір жекелеген кәсіпкердің қызметін тексерумен байланысты болса, рейдтік тексерулер бір мезгілде бірнеше шаруашылық субъектілеріне қатысты жүргізіледі (мысалға, бір мезгілде бір көшеде, бір мөлтекауданда орналасқан салық төлеушілерді тексеру, немесе бірден бірнеше түнгі клубтарды тексеру секілді).
Қазіргі кездегі салықтық тексерулердің түрлеріне камералық тексерулер де жатады. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес камералық тексерулер салықтық бақылаудың жеке формасы ретінде қарастырылады.
Салық кодексіне сәйкес, камералық тексеру деп салық төлеушінің ұсынған салықтық есебін және басқа да құжаттарын зерттеу және талдау негізінде салық органының тікелей жүргізетін тексеруін айтамыз. Камералық тексеру тікелей салық органының орналасқан жерінде жүзеге асырылады.
Салық органы салық төлеушінің есептік және басқа да құжаттарында қателіктер тапқан жағдайда салық төлеушіге аталған қателіктерді түзету туралы ескерту жіберіледі.


Скачать


zharar.kz