АҚ-ның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

Скачать

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған.[48]
Ақша қаражатының козғалысы туралы есеп беру. ХҚЕС №7 талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялык, және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.
№7 халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық жағдайыңдағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.[48]
Ақша қаражаттарынның қозғалысы туралы есеп беру- Бұл «Ақмай» АҚ-ның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді сипаттайды. Бұл есеп беруді жасаудың қажеттілігі белгілі бір есеп кезеңінде серіктестік құралдарының көзін және бұл құралдардың қалай қолданылып жатқандығын көрсету қажеттілігімен туындады.
Акционерлік қоғамның кассасында жалпы ақша сомасы 510,0 млн теңгені құрайды. Соның ішінде:
Тауарларды (жұмыстарды,қызмет көрсетулерді) сатудан түскен табыс-469 млн теңге.
Алынған аванстар – 33,0 млн теңге.
Басқалар – 8,0 млн теңге.
Ақша қаражатының есептен шығуы – 190,0 млн теңге.
Түскен ақша қаражаттының таза соммасы – 320,0 млн теңге.
Ақша қаражаттының есептен шығуы – 40,0 млн теңге.
Ішкі шаруашылық есеп айырысу нәтижесі бойынша ақша – 240,0 млн теңге.
Жалпы жиынның өсуі немесе кемуі өткен кезең бойынша - 40,0 млнтеңге.
Есеп кезеңінің басындағы ақша қаражаттары- 76,0 млн теңге.
Есеп беру кезеңі соңында ақша қаражаттары -36,0 млн теңге.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақшаа қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім каражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялык немесе қаржылык қызметгің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.
Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады.
Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлык төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциондық кызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен жәнет.б. шығыстарынын тұрады.[48]
Жанама әдістер — бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық кызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржьшык-шаруашьшық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі. Жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім каражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянга ағымдағы актавтер мен міндеттемелерге, акша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап тұзетулер енгізіледі.
«Ақмай» АҚ-ның қаржылық есеп берудің келесі формасы ол , яғни кәсіпорынның – «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі».


Скачать


zharar.kz