Халықаралық қатынастар

Скачать

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасы арасындағы мәдени ықпалдастықтың заңи негізі Алматыда 1994 ж.16 желтоқсанда қол қойылған мәдениет жөніндегі келісімі болды.
Мәдени ықпалдастық жөніндегі келісім жоғарғы , орта және мамандандырылған білім беру , ғылым, мектептік білім, тілдерді дамыту, Қазақстандағы неміс ұлтының азаматтарын қолдау , мамандандыруды жетілдіру , мәдени мекемелерді дамыту, өнер, мәдени алмасуларды қолдау, мәдени шараларды өткізу, баспа ісін, телевизия, радио, мұрағат ісін, жастар саясаты мен спортты қолдау салаларын қамтиды.
Екі мемлекет арасындағы мәдени ықпалдастықты дамытудағы жауапты орган қазақстан-герман Мәдени ықпалдастық жөніндегі аралас комиссия болып табылады. Комиссияның бірінші отырысы Алматыда 1994ж. 23-27 сәуірде, екінші отырысы Гамбург қаласында 1997ж. 5-7 қарашада, үшіншісі Астанада 2001ж. 28-30 мамырда өткізілді.
Германия тарапынан жоғарғы білім беру және ғылым, сонымен қатар Қазақстандағы неміс тілін дамыту саласында байланыстар үшін Алматыда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Гете атындағы институт жауапты болып табылады. Ал 1999 жылдан бастап Герман-Қазақстан университеті жұмыс істеп келе жатыр.
Ғылым және білім саласындағы тәжірибе алмасуда ГФР тарапынан қазақстандық студенттер мен ғалымдарға стипендиялар бөлу үшін жауапты Академикалық алмасулар герман қызметі болып табылады. 1999-2002 ж.ж. арасындағы кезеңде Германияда «Болашақ» бағдарламасының 100 астам стипендианттары білім алды. 2002-2003 жылдары Германияға 16 адам оқуға жіберілді. Неміс тарапы болса қазақстандық стипендианттарының оқудағы үлгерімін байқап, күн тәртібіне білім алушылардың санын көбейту мәселесін қойып отыр.
Қазақстанда Германияның саяси қорларының өкілдіктері бар: Фридрих Эберт атындағы қор, Конрад Аднауэр атындағы қор. Эберт қоры Алматыда 1996 күзінен бастап жұмыс істеп келе жатыр. Қор жобаларының мақсаты демократия мен нарықтық экономиканы қолдау болып табылады. Жобалардың қаржыландырылуы ГФР Ықпалдастық пен даму министрілігі тарапынан іске асады.
Екіжақты мәдени байланыстар саласында ҚР Президентінің Германияға іс сапары барысында өткен мәдени шаралардың орны ерекше. Гете атындағы институт пен Қазақстандағы Германия Елшілігімен бірігіп 2001 жылдың сәуірінен маусымына дейін « 2001 жылдың неміс мәдениетінің көктемі» атты кең ауқымды бағдарламасын өткізді. 2002 жылы Германияның бірқатар қалаларында Қазақстан өнер өкілдерінің қатысуымен мәдени шаралар өткізілді.
Бұқаралық ақпараттар құралдары саласындағы ықпалдастық белсенді түрде дамуда.11 қазақстандық телекомпания «Неміс толқыны» бағдарламаларын ретрансляция жөнінде келісімге келді. 7 радиостанция «Неміс толқыны» радиобағдарламасынын орыс және неміс тілдерінде жүргізіді. Сонымен қоса Қазақстанда Казгосрадио атты неміс редакциясы жұмыс істейді.
Қазақстанға гуманитарлық көмек Германияның үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарынан келеді.
«Гермеринг христиан ауызбірлігі» қайырымдылық ұйымы Қазақстанға жалпы соммасы 2,5 млн ДМ 7 көлік жіберді. Германияның Қызыл Крест тарапынан 1,5 евро көлемінде көмек көрсетті.
Алайда кейбір қиыншылықтарды атап кеткен жөн, әсіресе Қазақстанға гуманитарлық көмекті жеткізу саласында: ҚР кеден қызметінің құжаттарды дайындау барысындағы баяу жұмыс істеуі, кедендік пошлиналарды төлеу талаптары, лицензияларды талап ету және медикаменттерді кіргізу жөніндегі рұқсаттаманы талап ету( аталғандарға рұқсат беру болса сәйкес органдары тарапынан айлап дайындалуы мүмкін).









www.google.com // статья, Казахстанско-германские отношения



















әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті












Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасы арсындағы мәдени қатынастар
(Эссе)















Тексерген: Атымтаева Ж
Орындаған: Тлеужанова А.,
Аймақтану, 43






Алматы, 2006


Скачать


zharar.kz