Банктік несиелеудің принциптері мен әдістері

Скачать

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік поцесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді: 1-топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциалдығы.
2-топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамасыз етілуі.
Несиелеу әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша несиелеу әдістері;
- айналым-қалдықдық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтиежсінде айналым-қалдықпен әдісі түзіледі.


12.Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметі
Банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру, сондай-ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары 2 топқа бөлінеді: қор және коммерциялық бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түсіпейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.


10.Қазақстандағы тұтыну несиесі
Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Қазақстан тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады. Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
- автомобильдік несие;
- ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
- кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу) берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады: жиһаз, сантехника, аудио-видео және тұрмыстық итехникалар, компьютер және оргтехника.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сырятында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Тұтыну несиесін ҚР-дағы Казкоммерцбанк, Альянс Банк, БТА, Каспийский Банк, Темірбанктер ұсынуда.
Тұтыну несисін алуға қажетті құжаттар:
1. Қарыз алушының анкетасы.
2. Жеке куәлігі (көшірмесі).
3. СТТН (көшірмесі).
4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
6. Отбасы құрамы туралы анықтама (№3 форма).
7. Неке туралы куәлік, жұбайыңыздың куәлігі.
8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.


13.Ипотекалық несиелеу: мәні, принциптері, түрлері, ипотекалық келісім шартты рәсімдеу
Ипотека – бұл дамыған капитализм елдерінен келген қазіргі заман сөзі емес. Ипотекалық несиелеудің тарихы өркениет дамуының тамырларынан бой алады. «Ипотека» термині ең алғашқы рет Грекияда б.з.д. VI ғасырдың басында пайда болған.
Ипотека термині (ағылшынның hyrotheke) – кепілдік, кепілзат, кепілге салу деген мағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және тағы басқаларды) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
2002 жылғы 1 қыркүйектегі «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ипотекалық несие дегеніміз – кепілге берілген жылжымайтын мүлік немесе ондағы үлесі кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында қалатын кепіл түрі. Жылжымайтын мүлік ретінде жер учаскелері, сондай-ақ үйлер, ғимараттар, жермен берік байланыстағы өзге де мүліктер, яғни ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтірусіз мүмкін болмайтын объектілер. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады.
Ипотекалық несиенің басқа несие түрлерінен ерекшеліктері келесідей:
- ипотекалық несие – бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде саналады;
- ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржыландыру, сатып алу, тұрғызу үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;
- ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.
Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялылығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.
Ипотекалық несие алу үшін мынадай қажетті құжаттар тапсыру қажет:
- үй иесінің сатып алу туралы келісімшарты (түпнұсқа, көшірме);
- пәтердің жоспары (көшірмесі);
- техникалық жоспар;
- жерге жеке меншік құқығы туралы акт;
- пәтерде тіркелген азаматтардың жеке құжаттары;
- үй иесінің жеке төлқұжаты (көшірмесі);
- өз құжаттарыңыз (төлқұжат, СТТН, үй иелерінің меншік иелері кооперативінен алынған 3-форма анықтамасы);
- еңбек кітапшасы немесе жұмысқа алу туралы келісім-шарт;
- табысыңыз туралы анықтама.

7.Вексель және оның түрлері. Вексельдік айналым.
1930 жылы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды. Ол несиелік ақшаның бір түрі болып табылады. Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу-сату процестеріне тартылғандықтан вексельді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады. Вексель – қарызгер несиегерге беретін және несиегерге қарызгерден белгіленген мерзімде вексельде көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін және заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай-ақ, бұл коммерциялық несиенің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін вексельмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес вексельде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық несие береді дегенді білдіреді.
Вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, ссудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы – ресурстардың айналымын жеделдету.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель болып бөлінеді. Жай вексель төлеуші немесе вексель беруші жазады. Аудармалы вексель деп несие берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Вексельді өзге біреуге пайдалануға берген жағдайда «индоссамент» деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яки индоссант жазады, ал индоссаментті алған адам индоссант деп аталады. Вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процесі индоссация деп аталады. Жай вексельді – соловексель, аудармалы вексельді – тратта вексель деп атайды.


5.Акция және оның түрлері
Акция – акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам тартылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Акция шығару мына жағдайда болады:
- меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
- жарғылық капиталды қосымша ұлғайтқанда.
Акция бірнеше түрге жіктеледі.
1) бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және ұсынушыға арналған.
2) корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша: жай және артықшылықты.
Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорация реестрінде тіркелуі тиіс акция.
Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы иелену оның иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция.
Жай акция – иеленушелерінің корпорация тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарға дауыс беру арқылы корпорацияның жабылып қалған жағдайында несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар акция.
Артықшылықты акция – меншік иелеріне дивидентті қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивиденттер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар акция немесе оны меншік туралы ерекше сертификат деуге болады. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25%-нан аспауы тиіс.
Акциялар еңбек ұжымының, акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың ак циялары ретінаде шығады.


Скачать


zharar.kz