Ақша қажеттілігі және оның мәні

Скачать

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы болмайды.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасындағы тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды.
Айырбас құны – бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
1) Құнның жай және кездейсоқ формасы.
2) Толық немесе жалпы формасы.
3) Жалпылама формасы.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатынасуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:
- жалпыға тікелей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.


22.1922-2924 ж.ж. ақша реформалары
Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 ж.ж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты.
1917 ж. жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикетк аларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп атады.
Қазан рефолюциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есе құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды.
Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және а қ гвардия «үкіметі» өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылады.
1921 ж. наурызда болған РКП(б)-ның Х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. 1921 ж. қазанда Ресей кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік Банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын жүргізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы жатады.
Ақша реформасының мазмұны. Ақша реформасы 2 кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 22 қазанда КеңХалКом декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. 1 червонец = алтын монетадағы 10 рубль. (7, 74234 г. алтын).
Червонец ірі ақша болғандықтан да олар көбіне шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері базар, бөлшек сауда айналымында жүрді. Екі валютаның қосарлы айналысы – халық пен елдің экономика жағдайына қатты әсер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерде берілді.
05.02.1924ж. ОАК және Халық комиссарлар Кеңесі декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1, 3, және 5 рубльдегі қазыналық билеттер шығарылды. 10 қазыналық билет = 1 червонец. Валюталық нарыққа алтын мен шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.
1922-1924ж.ж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.
(«Ақша. Несие. Банктер». Ғ.С.Сейітқасымов. 54-бет).


1.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметін қамтамысз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне, сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.
1. Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-әрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдімгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде рәсімдейді. Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болады. Бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға жұмсалатын шығындар басымырақ болады.
2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мекемелер сметалар жасайды.
3. Қаржы ресурстарының басқа түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан гөрі сметаның айырмашылығы: сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әртүрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.
Экономикалық жіктеме бойынша: сметаларда шығындар санатқа, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.
Ағымдағы шығыстар санаты мына сыныптарды кіріктіреді:
1) тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар;
2) сыйақы төлеу;
3) субсидиялар.
Күрделі шығыстар санаты:
- негізгі капиталды сатып алу;
- негізгі капиталды жасау;
- күрделі жөндеу;
- жерді сатып алу;
- ел ішіндегі күрделі трансферттер.
Кредит беру, үлескерлікпен қатысу санаты:
- несие беру, акционерлік капиталға үлескерлікпен қатысу;
- ерекшелігі бар ішкі несиелендіру;
- халықаралық ұйымдар акцияларын сатып алу.
Қаржыландыру санаты:
- өзгешелігі бар ішкі борышты өтеу;
- ішкі нарыққа орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу;
- сыртқы борышты өтеу.
(Қ.Қ. Ілиясов, С.Құлпыбаев. «Қаржы». 181 бет).


16.Коммерциялық емес ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
Қызметтің коммерциялық емес түрлері жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайырымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады:
- бюджет қаражаттары;
- мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
- жаппай шараларға билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткізуден түскен түсім-ақша;
- түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келісімшарттарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткені үшін түскен қаражат түсімдері;
- мүлікті жалға беруден түскен түсім-ақша;
- халықтың қаражаттары;
- кадрларды дайындаудан түскен табыс және басқалары.
Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады.
КЕҰ-ды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомстваға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың үшінші көзі – банктердің несиелері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның несиені пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді.
Осылардан басқа, қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, демеушілік қаржыландыру, гранттарды айтуға болады.
(С.Құлпыбаев, Қ.Қ.Ілиясов. «Қаржы». 178 бет).


11.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақыляау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
ҚБ-ң өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. ҚБ функциялары: 1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру; 2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру; 3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
ҚБ-ң сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілерге қарай, ҚБ 3 бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
ҚР-ң қазіргі ҚБ жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық бақылау болып ажыратылады.
Мемлекеттік ҚБ мемлекеттік ҚБ объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есептеме алу және жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің ҚР-ның заңдарына сәйкестігін тексеру.
Жалпымемлекеттік ҚБ-ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Мұны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Салықтық бақылау – салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық пен басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бақылау – тексерістік және таңдамалық қызметтің мынандай түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау.
Банктік қадағалау – несие ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі.
Кедендік бақылау. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік рәсімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында жүргізіледі.
6.Мемлекеттің экономикалық қызметі және мемлекеттік қаржы түсінігі
Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі мына функцияларда білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиканы тұрақтандыру;
5) ресурстарды тұрақтандыру.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан, мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдайдың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.
Экономикалық ресурстарды қайта бөлу 2 жағдайда нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:
1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;
2) ресурстарды бөлуден нарықтың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады. Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.


Скачать


zharar.kz