ҚР кәсіпкерлікті дамыту жолдары

Скачать

Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік экономикалық әлеуметті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, шағын және орта бизнесті дамытып, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген қызметтер атқаруда.
Экономиканы басқару жүйесін радикалды түрде қайта құру, яғни нарықтық қатынастарға өту елімізде жүргізіліп жатқан реформалық бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіпорын деңгейінде бұл проблеманың маңыздылығы ерекше, себебі, нарықтық экономикада оның жағдайы түбегейлі өзгеріске ұшырайды.
Экономикалық белсенділіктің негізгі факторы ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуы көптеген мемлекеттерде орын алған. Шағын бизнестің үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 50-60%, жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді, ал өндірілген өнімдер мен қызметтер ЖҰӨ-нің тең жартысын құрайды. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - капитал салымдарының тез орын толтыруы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, жұмыспен қамту деңгейінің жоғарылығы, сұраныс өзгерісіне икемділігі.
Бұл сектор экономикалық қатынастар жағдайында дамыған елдердің маңызды құрылымдық звеносы болып табылатындығы, әлемдік тәжірибеде айқын көрсетілуде. Шағын бизнес кәсіпорындарының ынталы түрде жұмыс атқару қажеттілігі бірқатар белсенді тенденцияларға байланысты туындап отыр, оның ішінде еңбек күшінің мамандандырылуы мен бөлінуі, өндірістің диверсификациялануы, жоғары сапалы тауарларға деген сұраныстың артуы, демографиялық факторлардың өсуі және т.б. Конституциялық ережеге сай: «Әрбір тұлға кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға, жеке мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік іс үшін пайдалануға құқылы». Сондықтан мемлекет кәсіпкерлік ісімен еркін айналысуға кепілдік береді және оны қорғап, қолдап отырады.
Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді.
Оңтүстік Қазақстан Облысының шағын және орта кәсіпорындарының жұмысына әсер етуші кедергілердің арасында бірінші орында дайын өнімді өткізу мәселелері алып тұр. Бұл мәселенің пайда болуы келесі факторларға байланысты болып табылады:
• шетелдік тауарларға қарағанда отандық тауар өндірушілер тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
• жалпы тұрғындардың, әсіресе сауда және өндіріс орталықтарынан шалғай орналасқан аймақтарда тұратын тұрғындардың төлем қабілеттіліктерінің төмендігі;
• отандық нарық сыйымдылығының төмендігі және отандық кәсіпкерлердің жақын не алыс шетел нарықтарына шығу қиындығы.
Екінші орынды салық жүйесінің жеткілікті дәрежеде орындалмауы орын алған. Соңғы жылдары бұл проблема басты орындарды алуда және шиеленіскен есеп беру жүйесі, салық ставкалары мен жиындарының жоғарылығы, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктердің жоқтығы және салымдар мен төлемдерді жинау жүйесінің күрделілігі тәрізді түрлі кемшіліктерге ие.
Кәсіпкерлердің тұжырымы бойынша үшінші орында несие алу қиындығы, оның ішінде-микрокредиттерге (жоғарғы пайыздық ставкалар, несие мерзімінің қысқалылығы, кепілдік мүліктің жоқтығы және несиеге құжаттар толтырудың күрделілігі) қол жеткізу қиын.
Келесі мәселе бұл шикізатпен қамтамасыз ету, оның пайда болу себептері: жоғарғы баға, сапа төмендігі, сапалы отандық шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың болмауы және транспорттауға тарифтердің жоғарылығы.
Бесінші орынды мемлекеттік органдардың араласуы мен бақылауы бойынша мәселесі орын алған, оның пайда болу себептері уәкілдік құқықтарын асыра сілтеушілік, күштеушілік және қайырымдылық жасауға мәжбүрдеушілік.
Бұдан басқа кедергілердің саны көп, солардың ішінде нарықтық және өндірістік инфрақұрылымның дамымағандығы. Көптеген кәсіпкерлердің ескертуі бойынша олардың өз кәсіпорындарын ашу барысында ақпараттың жетіспеушілігі тәрізді кедергілер көп кездескен. Кәсіпкерлер нарық конъюнктурасы, бәсекелестер саны туралы ақпараттарды көп қажетсінеді. Бірақ мұндай ақпараттардың болмауы салдарынан шағын кәсіпорындар өздерінің бастапқы стадиясында шығындалуына тура келеді.


Скачать


zharar.kz