Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау

Скачать

Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жүмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жүмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.
Макроэкономика ғаламдық мәселелерді де зерттейді. Белгілі бір уақыт аралығында ұлттық экономиканың байлығы өсті ме, әлде кеміді ме? Қарастырып отырған мемлекеттегі халықтың қор жинағының мөлшері қан-дай? Неге кейбір мемлекеттерде инфляция бар, ал тағы біреулерінде ол жоқ? Міне, осындай және тағы басқа да сүрақтарға макроэкономика жауап береді.
Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы түрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы фак-торлардың үзақ мерзімдегі динамикасы әлуетті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімде экономика осы негізгі траекториядан ауытқып отырады. Сол себепті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін осы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.
Ресурстардың толық пайдаланылуы және экономиканың инфляциясыз өсуі мақсатында экономикалық циклдерді басқару макроэкономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық саясат бюджет-салық немесе қазыналық және ақша-несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет-салық саясаты сыртқы саудада, тек қана үкімет арқылы, ал ақша-несие саясаты Орталық банк арқылы жүзеге асырылады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың көмегімен мемлекет ішкі және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылық орнатуға және оны ұстап тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшін макроэкономикалық саясатын қатесіз анықтау, оны таңдалған бағытта дүрыс жүргізу ең өзекті де басты мәселе болып табылады.
Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні — үй шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол "берілген" шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механизмдері болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өл-шем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады.
Экономикалық үлгі экономикалық айнымалылардың арасында байланыстар орнатуға қажетті алғы-шарттардан түрады. Үлгі қисынның (логиканың), гра-фиктің және математиканың көмегімен құрылған теориялардан белгілі бір қорытынды алуға пайдаланылады, ол өз кезегінде теория түсіндіруте тырысатын құбылыстардағы алғышарттардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, үлгіні экономикалық шарттардың өзгеруі және сатып алынатын игіліктердің құны мен көлеміне қандай өзгерістер енгізетінін анықтау, жорамалдау үшін пайдаланамыз.
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші — кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады — баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда "баға" деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші — белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кепнстік қөзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-тендік айырбасталатын көлем — тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҮӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен зандылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ, басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді. Олар мыналар:
1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және жинақтау;
3) жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз.
Статистикалық бақылау - статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардын, өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактыны өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықтың толық қамтылуын, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау.
Статистикалық бақылау әрқашанда кең көлемді, толық жүргізіледі. Демек, бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғүрлым көп болатын болса, көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді. Бұл - статистиканың үлкен сандар заңы қолдануы деген сөз. Мысалы, А. қаласында туған балалардын арасында ұлдарға қарағанда, қыздардың саны көп болды делік, ал бүкіл Қазақстанға шаққанда бұл көрсеткіште өмірге жаңадан келген 100 қыз балаға 106 ұлдан келді. А. қаласымен салыстырғанда республика бойынша жинақтаған мәліметіміз дұрыс. Дегенмен, статистикалық бақылау жүргізу кезінде кездейсоқ қателер болмай қоймайды. Алайда, олар математикалық статистика арқылы, яғни ықгималдықтар теориясы бойынша анықталады.
Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өндеу және жинақтау. Бұл - статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топгарға және іштей жіктерге бөлінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы статисшкалық жеке көрсеткіштер жүйесіне сай сипатталады. Сондьіқтан, зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсетім айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.
Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Бұл статистикалық зерттеудін, соңы, яғни үшінші сатысы. Мүнда жинақталған, топталған, өнделген статистикалық көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Сондай-ақ қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік қатарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді. Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау жөне солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.
Жоғарыда көрсетілген статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы арасында қолданысына қарай өзара айырмашылығы бар. Бірақ, олар бірінен-бірі бөлінбейді. Мысалы, бақылаусыз топтау болмайды, ал топтаусыз талдау немесе қорытынды жасалынбайды. Демек, статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы бір-бірімен тығыз байланысты. Соған орай оларды әр түрлі мамандар жүргізеді.


Скачать


zharar.kz