Техникалық қызметшілерге қойылатын талаптар.

Скачать

Қазақстан Республикасындағы телевизия, радио хабарларын тарату және радиобайланыс ұйымдарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ережелері

1. Жалпы ереже

1. Қазақстан Республикасындағы телевизия, радио хабарларын тарату және радиобайланыс ұйымдарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі осы ереже (одан әрі – Ереже) «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасындағы телевизия, радио хабарларын тарату және радиобайланыс ұйымдарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптарды бекітеді.
2. Осы Ереженің талаптарын орындау әкімшілік, инженерлік-техникалық қызметтер мен телевизия, радио хабарларын тарату және радиобайланыс ұйымдарының (одан әрі – ұйымдар) жұмыскерлері үшін міндетті болып есептеледі.
Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
еңбек қауіпсіздігі-еңбек қызметі барысында жұмыскерлердің зиянды және қауіпті ықпалдардан қорғаудағы кешенді шараларымен қамтамасыз етілген жұмыскердің қорғалу жағдайы;
қоршап тастау-белгілі бір жағдайда қауіптің алдын алу мақсатында немесе оның жоғары кернеудегі бөлшектеріне таянбауды көздеген жағдайларда құрылғы бөлшектерінің қызметін тоқтату немесе шектеуге арналған электротехникалық бұйымның бөлшегі;
жерге қосқыш - өткізгіш немесе жермен не оның баламасымен жалғанған металл өткізгіштерінің жиынтығы;
жерге қосушы өткізгіш - жерге қосушы тетікпен жерге қосылуға тиіс бөлшектерді байланыстыратын өткізгіш;
жерге қосушы құрылғы - құрылымды түрде біріктірілген жерге қосушы тетіктермен өткізгіштер жиынтығы;
еңбекті қорғау- өзіндік құқықтық, әлеуметтік– экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, сауықтыру және басқа шаралар мен құралдары бар еңбек қызметі барысындағы жұмыскерлердің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
электроқұрылғы - электр қуатын өндіруге, өзгертуге, тоқ кернеуін өзгертуге, тасымалдауға, электр қуатын үлестіруге және қуаттың басқадай түріне ауыстыруға арналған мәшинелер, аппараттар, көмекші жабдықтар (орнатылған құрылыс ғимараттарымен бірге алғанда) жиынтығы;
наряд – электрқұрылғыларда атқарылатын жұмыстар жөніндегі арнайы үлгідегі бланктарға толтырылған және жұмыстың мазмұны, орыны, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, оның қауіпсіз атқарылу шарттары, бригаданың құрамы және осы жұмыстардың қауіпсіздігіне жауапты адамдардың аты-жөні, және өзге мәліметтер көрсетіліп ресімделген жазбаша тапсырмалар;
жарлық – электрқұрылғыларда атқарылатын, жарлық беруші немесе жарлықты тікелей ауызша түрінде немесе жарлық берушіден байланыс құралдары арқылы алынып, жедел тіркеу жорналына ресімделген жұмыстар тапсырмалары;
ағымдық пайдалану деген – жедел (жедел жөндеу) қызметшілер тобының бір ауысым мерзімінде өзіне бекітілген ушәскеде осы Ереженің «Ағымдық пайдалану тәртіптері бойынша атқарылатын жұмыстар туралы» тармақтарына сәйкес өз бетінше жүргізілетін жұмыстар; жарлықта жарлықты кім бергені, атқарылатын жұмыстардың орыны, мазмұны және уақыты, қауіпсіздік шараларына қатысты жұмыстар категориялары, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық тізбесі,жұмыстардың ойдағыдай атқарылуын ұйымдастыратын адам мен бригада құрамына кіретіндердің аты-жөндері мен олардың электірқауіпсіздігі бойынша кәсіптік санаттары көрсетілуі керек. Жедел тіркеу жорналында жарлық берілген уақыт, жұмыстың басталуы мен аяқталу уақыты туралы белгілер қойылады.
3. Егерде жабдықтар толығымен немесе жартылай кернеулі электрқуатына жалғанып және кез келген сәтте осы жабдықтарға коммутациялық аппараттарды іске қосатын электромагниттік индукция арқылы кернеулі қуат берілетін жағдайда болса, радиокәсіпорындар қызметін атқарып тұрған болып есептеледі.
4.Ұйымдардағы жергілікті жердің және өндірістің жағдайларын ескере отырып қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар нақты жұмыс түрлеріне ұйымдар басшыларының бекітуімен құрылуы қажет.
5. Ұйымдардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды басшымен, басшының орынбасарымен және техникалық басшымен іске асырылады.
6. Ұйымдарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде ағымдағы жұмыстарды ұйымдастыру мен атқару үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қызметі құрылады немесе келісімшарт негізінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі мамандар жұмысқа тартылады.
Ұйымдардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі жұмыс берушімен анықталады және ол Қазақстан Республикасының «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы» Заңының 21-бабына сәйкес болуы тиіс.
7. Осы Ереженің бұзылғанын немесе адамдардың өміріне қауіп төндіретіндей жағдайдағы жабдықтың істен шыққанын байқаған, сонымен қатар қорғаныс құралдарының істен шыққанын немесе олардың тиісті мөлшерде санының жетіспеушілігін байқап қалған әрбір жұмыскер міндетті түрде тез арада тікелей өзінің бастығына хабар беруі керек, ал ол орынында болмаған жағдайда одан да жоғары басшыларға хабарлауы қажет. Егерде білінген ақаулық адам өміріне немесе жабдыққа кауіпті болған жағдайда ақаулықты байқап қалған жұмыскер өзінің тікелей бастығына хабарлай отырып ақауы бар жабдықты дереу ажыратуы керек.
8. Қайғылы оқиға орын алған жағдайда жедел дәрігер шақыртып, зақым шеккен адамға дәрігер келгенше көмек көрсететін шаралар алу керек.
9. Өндірісте жұмыскерлермен орын алған қайғылы оқиғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағыды № 326 қаулысымен бекітілген тергеу және қайғылы оқиғаларды, еңбек қызметіне байланысты жұмыскерлердің денсаулығы зақымданғанын және басқа жағдайларды тіркеу туралы Ереже талаптарына сәйкес тергеуге, тіркеуге және есепке алынады.
10. Жұмыскерлерге арнайы киім мен арнайы аяқ киімін тегін беру туралы қазіргі күші бар нормативтік-құқықтық кесімдерді мемелекеттік тіркеу Реестрінде №3456 тіркелген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 22-е бұйрығымен бекітілген қызметкерлерді жеке, ұжымдық қорғау құралдарымен, санитарлық-әлеуметтік бөлмелермен, құрылғылармен және емдеу-профилактикалық жабдықтармен қамтамасыз ету ережесіне сәйкес ұйымдардың қызметкерлері арнайы киімдермен, аяқ киімдермен және қорғаныс жеке заттармен қамтамасыз етілуге тиіс.
11. Сақтық құрылғылары мен көтергіш механизмдер 1- қосымшада көрсетілген нормалар бойынша және белгіленген мерзімдерде сынақтан өткізіліп отыруы керек.

2. Техникалық қызметшілерге қойылатын талаптар.

12. Ұйымдардың жабдықтарын қондыруға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеу жұмыстарын атқаруға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 2780 тілкелген 2004 жылғы 12 наурыздағы «Зиянды, міндетті қауіпті және сәтсіз өндірістік факторларға алып келетін жағдайлардан жұмыскерлерді сақтау, алдын алу, мезгіл-мезгіл дәрігерлік бақылау өткізу жөніндегі Нұсқаулық және алдын ала және мезгіл-мезгіл дәрігерлік бақылау, зиянды өндірістік факторлар, мамандықтар туралы» №243-ші бұйрығына сәйкес дәрігерлік байқаудан өткен, жасы 18 –ден төмен емес тұлғалар жіберіледі.
13. Ұйымның басшысының бұйрығы бойынша жасы 18 – ге толмаған тәжірибеден өтіп жүрген жоғарғы және орта оқу орындарының практиканттарына жұмыс істеп тұрған электрқондырғылардың маңайында электротехникалық қызметшілер қатарынан тұратын, 1000 Вольтқа дейінгі электрқондырғылар бойынша ІІІ-ші санаттағы, 1000 Вольттан жоғары кернеудегі қондырғылар бойынша ІҮ санаттағы оқытушы тұлғаның қадағалауында ғана болуларына рұқсат етіледі. Жасы 18 –ге толмаған тәжірибе өтуші студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге жіберуге және электрқауіпсіздігі бойынша ІІІ –тен жоғары санат беруге тыйым салынады

3. Телевизия, радио хабарларын тарату және радио байланыс ұйымдарындағы электр қондырғыларының классификациясы

14. Ұйымдардың электрқондырғылары электроқуатты қондырғылар (жабдықтар) және телерадиоқондырғылар (жабдықтар) болып бөлінеді.
Күш беретін электрқұрылымдар қатарына электр қуаты өндірілетін, тасымалданатын, тоқтың түрлі кернеу мөлшеріне қарай түрлендіретін және 50 ГЦ –тік жиіліктегі өндірістік және тұрақты электрқуатының пайдаланылуын жүзеге асыратын генераторлар, трансформаторлар, тоқты тұрақтандырушы түзеткіштер, электрқозғағыштар, тоқты бөліп таратқыш қондырғылар, күш беретін қалқандар, реле қалқандары мен басқару қалқандары, релелік қорғаныс қондырғылары және екінші кезекті автоматикалық қондырғылар, электр қуатын тасымалдаушы әуелік және кабельдік желілер, электр жарығын беруші тораптар және тағы да соған ұқсас қондырғылар жатады.
Телерадиоқондырғыларға мыналар жатады: стационарлық, жалғамалық және қозғалмалы телерадио хабарларын таратудың құрал-жабдықтары, көліктік телевизиялық спутниктік станциялар (бұдан әрі-КТСС)2, ұшқыр телевизиял


Скачать


zharar.kz