Этногенез және этника

Скачать

Этногенез және этникалық тарихы. Амери-каның екі материгінің қазіргі халқы 585 мил-лионға жуық адам деп саналады. Оларды тілі жағынан көбінесе екі бөлікке: Латин Америка-сы халықтары яғни Солтүстік (Мексика), Орта-лық және Оңтүстік Америка халықтары, бұл жерлерде үстем тілдер испан (көпшілік елдер) жэне португал (Бразилияда) тілдері болып та-былады; Канаданың шығыс облыстарының бі-рінде франко тілдес халық өзінің этникалық дербестігін Ьсы күнге дейін сақтап отырса да, негізінен ағылшын тілінде сөйлейтін (АҚШ пен Канада) Солтүстік Американың халықтары. Бу-яай етіп бөлу байырғы тұрғындардың үндістер тілдерінің осы күнге дейін сақталып қана қой-май, осы тілде 36 миллионға дерлік адам сөй-лейтінін ескермейді.
Американы көбінесе Жаңа Әлем деп атай-ды, мұның өзінде американ халқының бір үшін Колумбтың ашуларынан соң олардың қоныс ау-даруына дейін Евразия материгі бүрынғы отан (Ескі Әлем) болып келген деп түсінйе керек. Бұл, бірақ тек европалықтардың немесе негр халқының ұрпақтарына, қытайдан немесе Үн-дістаннан шыққандарға қатысты ғана айтылған әділ сөз ғана емес. Түтас алғанда іадамзат үшін Америка материктері Жаңа әлем. Рас, қоныс аудару Колумбтың жүзіп келуіне^ көп бұрын басталған болатын. Соңғы он жылдықтарда, Америкаға адамның аяқ басуын біздің эрамыз-•ға дейінгі 40 мың жыл өте ертедегі кезеңмен даталауға мүмкіндік беретін, неғұрлым мол археологиялық материалдар жинақталуда. Аме рика материктерін археологиялық зерттеуде айтарлықтай жемісті істер атқарылғанымен, әлі өз дамуының бастапқы қадамынан асқан жоқ. Бұдан былайғы зерттеушілер әлгі датаны бұдан да көнелендіруі мүмкін.
Ғылымда адамның қалыптасуы Ескі әлемде (Евразия мен Африка) ғана болып қоймай, жергілікті американдық мұрынды маймылдар-дың антропоидтер дәрежесіне дейін эволюция-лануы мүмкін деп дэлелдеуге тырысушылықтар
болды. Алайда мұндай жорамалдар ғылыми мәліметтермен дәлелденбеді, ал зерттеуші-лердің көпшілігінің Америкаға адам Солтүстік-Шығыс Азия арқылы қоныстанды деген пікірі жылдан-жылға сан түрлі сипаттарда барған сай-ын дәлелдене түсуде. Геология мұз қүрсану және мұхит деңгейінің ауытқуы тарихын зерт-тей келіп, Чукотка мен Алясканың мойнақ ар-қьілы қосылып жатқан (бір рет қана емес) ке-зеңдері болған деп санайды. Мұнымен Евразия ллен Солтүстік Америкадағы хаюанаттардың түр қүрамының жақындығын айтып жүрген зоолог-тар да келісіп отыр.
Сібір мен Солтүстік Американың археоло-гиялық материалдарын салыстыру да осындай тұжырымға келуге саяды. Зерттеушілер әлем-нің бұл бөліктерінің жоғары палеолит дәуірін-дегі археологиялық мәдениеттері арасында көптеген ортақ белгілер бар деп санайды.
Американың түпкілікті тұрғындарының ан-тропологиялық мәліметтері көптеген мәселе-лердің даулы екенін ескергеннің өзінде, аме-риканоид нәсілі өзінің негізгі, неғүрлым түрақ-ты антропологиялық белгілері бойынша Ескі Әлемнің монголоид нәсіліне анағұрлым жақын деген пікірге жетелейді. Көптеген топтастыру-лар американоидтерді айрықша тарам, нәсіл бөлігі ретінде адамзаттың үлкен монголоид нә-сілінің қүрамына жатқызады. Тікірейген қай-ратты шаштары, шығыңқы бетчсүйегі, Шаш пен көздің қара қоңыр түстері, сарғыш пен қызыл күрең аралығындағы тері түстері, мұрт пен са-қал түктерінің қалың болмауы,— міне осының бәрі Ескі Әлемнің монголоидтері мен амерй-каноидтердің жақын тектестігін көрсетеді. Аме-рикан үндістерінің моноглоидтардан негі-згі айырмашылығы — айқын бет пішін, тым шығың-қы мұрны (кейде орақ, «бүркіт тұмсық»), сирек кездесетін эпикантусты мамандардың айтуын-ша, бір жағынана американоид және монголоид нәсілдері жеке дами бастағаннан кейін шыққан вариацияларға жатқызуға болады, енді бір жа-ғынан американоидтерде Ескі Әлемде жойы-
лып кеткен ертедегі монголоидтердің бірқатар белгілері сақталып қалған деп түсіндіруге бо-лады.
Оңтүстік әмерикан ұндістерінің антрополо-гиялық кескінінде негроавстралоид белгілерінің болуын тұсіндіру анағұрлым күрделі. Мұны Америка мен Тынык Мұхиттың Оңтүстік бөлегі-иің халыңтарының арасындағы тікелей қарым-қатынастармен түсіндіруге әрекеттенушілер болды. Бірақ бүдән басқа да ұғымдар бар. Мә-селен, жеке топтардың миграциясы жоғары па-леолит кезеңімен ғана шектелмейді, халықтар-дың ілгері басуының бұдан да кештеу кезеңі болған. Антропологтар негроавстралоид белгі-лерінің (Тайвань аралы, Оңтүстік Жапония, Хок-кайда аралындағы айнылар) шығуының тұтас бір тізбегін байқады. Мүмкін, негроавстралоид кескіндерінің кейбір топтары Тынық мұхиттың жағалауларымен Оңтүстік Америка облыстары-на дейін жылжыған болар.
Алясканың, Канаданың, Гренландияның эс-кимос халықтары және алеуттар Американың басқа түпкілікті түрғындарынан Солтүстік-Шы-ғыс Азияның негізгі антропологиялық топтары-на тым көп жақындығымен де ерекшеленеді, мұның өзі олардың Америкаға неғүрлым кеш-теу қоныс аударғанын болжауға мүмкіндік береді.
Американың археологиясы жеткіліксіз және ең бастысы аймақтар бойынша өте ала-цүла зерттелгенін ескере келіп, жаңа материкті адамдардың. игеруінің тек ең жалпылама жол-дарын ғана атауға болады. Әуел бетте, шамасы, батыс региондар қоныстанылса керек, бұлардан алғашңы аңшылар тобы шығып, барған сайын оңтүстікке қарай тараған. Кейінірек тұтас Амери-ка ішінде және жеке американ материктерінде тұрғындардың қоныс ауыстыруы басталған. Бұл игеру 20-дан 30 мың жылға дейін созылған. Зерттеушілер бүДан кейініректе де Азиядан қоныс аударушылар болуы мүмкіндігін жоқңа шығармайды. Бірақ, олар, сірэ, Арктика регио-нын қоспағәнда, Колумб дәуіріне дейін түпкі-лікті американ халқының өмірінде қандай да бір елеулі роль атқара қойды ма екен. Жоғары палеолит дәуірінде Беринг теңізі мен Аляска арқылы Америкаға қоныс аударған американ үндістерінің ата-бабалары таптық цивилизация құрды, сөйтіп адам қоғамының, оның.мәдение-
тінің тарихи дамуы заңдылығының ортақтығын көз жеткізе дәлелдеді.
Солтүстік және Оңтүстік Америкада адам-дар пайда болғанға дейін жіңішке бұғаздар арқылы қүрамдасып жатса да оларда өсімдік-тер мен хаюанаттардың түр қүрамында көзге түсерлік айырмашылықтар сақталған. Басқа ма-териктерден Солтүстіктен бүрын оқшаулаиған Оңтүстік Американың осы күнге дейін айрықша өзіндік сипаттағы өсімдіктер мен хаюанаттар дүниесі бар. Оның тропикалық аймақтағы елеу-лі жерін сильваға, жыныс өсімдікке, адам үшін Колайсыз қалың жәндіктер мен қүстарға толы американ джунглиі алып жатыр. Облыстың сол-түстігінде жәие оңтүстік-шығысында тиіп жат-қан — маусымды шұғыл аума-төкпелерге, бірде нөсерлі жаңбырға, бірде күйдірген күн қапы-рыққа ұшырап тұратын — неғүрлым қуаң аме-рикан саванналары біршама тәуір көрінді. Ма-териктің қоңыр салқын оңтүстігі неғұрлым . қолайлы болды, оның шөбі қаулаған далала-рында жергілікті халықтың аулайтын кішігірім хаюандары — Гуанако табындары өрді.
Оңтүстік Американың бүкіл батыс бөлегін теріскейінен күнгейіне дейін Анд кең тау сілем-дері алып жатыр. Тынық мұхитқа шығатын тау аңғарларының, сондәй-ақ теріскей тау бөктері-нің жағдайы адам өмірі үшін иеғүрлым қолай-лы болып шықты, сейтіп уақыт өте келе мұнда осы континенттегі алғашқы цивилизациялардыһі бірі бой көтере бастады. Көбінесе мезоамери-ка деп аталатын кең мойнақтың территориясын-дағы жағдай да осыған үқсас. Мұнда тропика-лық орман тау үстірттерімен алмасып жатады, ал мезоамериканың теріскейінде кейде нағыз шөл далаға үштасып кететін қуаң далалар кез-деседі. Мезоамериканың тау бөктерлерінде ма-териалдық дақылдарды дамытуға неғұрлым қо-лайлы жағдайлар қалыптасқән, атап айтканда көптеген зерттеушілер дәл осы облысты Аме-риканың негізгі астық өсімдіктері жүгерінің не-месе маистің отаны деп санайды.
Солтүстік Америка адамдардың қоныстануы үшін анағұрлым колайлы. Тек оның батыс бө-лігін орасан зор Кордильер тау сілемдері алып жатыр. Ңалған территориялары шығыс орталы-ғында аласа және тіпті жатаған Аппалач тауы бедерЛенген біршама жазық болып келеді. Не-гізгі су жүйелері, әсіресе Миссисипидің Мис-
суриллен арнасы материктің бүкіл кеңістігінде алғашңы аңшылар тобының ңоныстануына да қолайлы жағдай тудырды. Материктің қоңыр-жай климаты оңтүстікте ғана қуаңшылығымен ерекшеленеді, ал Мұзды мұхитқа шығатын те-ріскейде — қысы суық, жазы салқын болады. Солтүстік Американың хаюанаттар дүниесі бай әрі алуан тектес болған: солтүстік және асыл бұғылар, бизондар, топ-тобымен суға жүзетін құстар, өзекдер мен көлдерде қүжынаған ба-лықтар. болған. Солтүстік Американың жырт-қыштары тау арыстаны пума мен сұр аю (гриз-ли) адамдар үшін елеулі қауіп тудырмаған, тіпті олардың өзі аң ретінде ауланған.
Тарихи дамудың аса маңызды факторлары-ның бірі адамның өзі, адам коллективтерінің мөлшері болып табылады. Тым шамалап алын-ған есеп бойынша европалықтар пайда болған-ға дейінгі бүкіл үндіс халқының саны барлығы бірнеше ондаған миллион адам болған. Орасан үлкен екі материктегісі міне осы-ақ. Осымен бір мезгілде Африкада кемінде 85 миллион адам тұрған. Солтүстік Америкада (Мексиканы қоспағанда) 10 миллионнан асар-аспас үндістер тұрды. Америкаға аяқ басқан алғашқы аңшылар тобы тым үлкен болмаған, рас мүндай қоныс тебушілер көп болғанымен материк бойынша қоныстану үшін, көбінде тұрмысқа мүлде жа-тық емес жергілікті жағдайларға төселу, қор-шаған ортаны игеру және тағы басқалары уа-қытты әрі ұшан-теңіз күш-жігерді қажет етті.
Американ үндістерінің өмірін елеулі этногра-фиялық зерттеу біршама кеш, XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында қолға алынды. Бұл уақытта көптеген тайпалар мен тұтас халық-тар отаршылдық соғыстарда қырғынға ұшыра-ды, ал тірі қалғандары өздерінің тұрмыс салт-тарын күшті өзгертіп жіберді. Қазіргі заманғы мамандардың әділ түрде көрсетіп отырғанын-дай американдық ундістердің алғашқы этно-графйялық жазбаларда көрсетілген өмірі көп дәрежеде олардың европалықтар келген кез-дегі жайын емес, Американың түпкілікті халық-тарының тұрмысы мен мәдениетіне, әлеуметтік қатынастары мен дүние танымдарына отаршыл-дық дәуір ықпалының күрделі процесінің нә-тижесін бейнелейді. Европалық ықпалдың әр-түрлі дәрежесін және әртүрлі тайпалардың
санқилы тағдырын ескере отырып, американ-дық үндістердің европалықтар келгенге дейінгі өмірін тым болмаса негізгі сипаттарда қайта қарау мұқият және көп еңбектеніп зерттеулер жүргізу арқылы тым қиынға түсуде.
Қазірде толық шешімін таппай отырған аса күрделі мәселелердің бірі Американың түпкі-лікті халқының тілдерін зерттеу және топтас-тыру болып қалуда. Тек бір ғана эскимос-алеут тіл семьясының жайы ғана шама-шар-қынша анықталды. Бұл семьяның тілдерінде басқа үндіс дүниесінен елеулі айырмашылық және Чукотка мен Камчатка халықтарының (чукчалармен, коряктармен, ительмендермен) палеоазиат топтарымен байланысы байқа-лады.
Американың түпкілікті халықтарының Ескі Әлем тілдерінен ең алдымен грамматикалық құрылымы жағынан айырмашылығы бар. Олар-ды полисинтетиктік немесе инкорпориктік деп атайды. Бұл тілдерде де сөздерді жүйелеу Ес-кі Әлем тілдері жүйесінен өте-мөте өзгеше болып келеді, өйткені, етістікке оның түбірі мен жалғауларының арасына зат есімдер не-месе басқа сөз табы жанастырыла береді. Көп-шілік үндіс тілдерінің (бірақ барлығының емес) осы сипаты жеке американ тілдерінің өзара тектестігінің генеалогикалық жүйесін құруды қатты қиындатады. Үндіс тілдерін топтастыруға қатысты мамандар арасындағы пікірлердің әр-түрлі болып отыруын міне осымен түсіндіру керек. Олардың бірі екі мьіңға дейін тіл семьяларын (іс жүзінде әрбір тіл — семья) бар десе, екіншілері — 100-ге жуық, үшіншілер — одан да аз деседі. Лингвистикалық тұрғыдағы қиыншылықтар тілдерді басқа да, тілге қаты-сы жоқ ■—этнографиялық, тарихи-мәдени бел-гілерді ескеру арқылы бірлестіруге бой ұру-шылықты тудырды. Мүның үстіне зерттеушілер мүндай «тіл семьяларының» немесе филдер-дің американ материгіне қоныстануының бел-гілі дәйектілігін көрсетуге тырысады. Ал, Аме-риканың түпкілікті халықтары тілдерінің сэн-шалықты бытыраңқылығы мен саналуандығына келгенде барлық зерттеушілердің- пікірі бір-дей. Тайпаларға бөліну және олардың әртүрлі жерлерге қоныстануы бірнеше ұрпақтар өт-кен соң сөзсіз тілдердің жекеленуіне әкеліп соғады. Осы тұрғыдан да басқа әлемдегі тіл


Скачать


zharar.kz