Өндірістік бөлімшенің жалпы құрамы

Скачать

газдарды қышқылды компоненттерден ДЭА циркуляциялық ерітіндісімен тазалау үшін арналған қондырғы екі ұқсас тізбектен: 300,1 және 300,2 тұрады, олар өз кезегінде өз жартылай тізбектері құрамына: КТТ-2 (КТТ – кешенді технолдогиялық тізбек) кіреді, Әрбір тізбеше (У300,1 және У300,2) сәйкес өзімен бірге кешенді технологиялық тізбектің (КТТ-2) бір жарты тізбегіне кіретін (1-ші немесе 2-ші) мұнайды тұрақтандыру қондырғысынан (У200,1 немесе У200,2) келіп түсетін газдарды тазартуды жүзеге асырады.
У200 қондырғысынан тазалауға келіп түсетін көмірсутекті газ екі бөлек ағымдардан тұрады:
- жоғары қысымдағы шикі газ ағымы;
- орта қысымдағы шикі газ ағымы.
Жоғары қысымдағы тазартылған газ 300,3 және 300,4 қондырғыларынан одан ары өңдеу үшін 700 қондырғысына беріледі.
Орта қысымдағы тазартылған газ қайтадан компрессиялану үшін 200 қондырғысына беріледі.
300,1 және 300,2 қондырғыларында диэтаноламинді регенерациялау кезінде күкіртсутек мөлшері 80 пайызға дейін жететін қышқылды газ бөлінеді, ол 400,1 және 400,2 қондырғыларына күкіртті бөліп алу үшін бағытталады.
Екі тізбешенің де (У300,1 және У300,2) шикі газдарды қышқылды компоненттерді тазалау бойынша өнімділігі 200,1 және 200,2 қондырғыларында 4,25 миллион тонна/жыл өнімділікте тауарлық мұнайды өндіруін қамтамасыз етеді.

Процесті жасап және жобаны орындаған ұйымның аталуы. Генералды жобалаушы
Генералды жобалаушы болып – «ВНИПИгазпереработка» институты есептеледі. Жабдықтарды жеткізіп беру және жобалау «Лурги-Литвин-Лавалин» концорциумымен орындалған. Жобаның технологиялық бөлігі (технология, бақылау және автоматика, электрлік бөлімі) сатушы стандарттары және нормалары бойынша Лурги – Литвин – Лавалин консорциумымен орындалды.

1998 жылы Бехтель – Энка бірлескен кәсіпорыны жобасы бойынша У300,1 және У300,2 қондырғыларына 200,1 және 200,2 қондырғыларынан шығатын шикі газды тазалау мүмкін болуы үшін реконструкция жүргізілді, және сол арқылы тұрақты мұнай өнімділігі жылана 4,25 милин тоннаға дейін жетті.


Скачать


zharar.kz