Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы

Скачать

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-кредит ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:
־ мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
־ төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
־ валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
־ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Сонымен бірге, Ұлттық Банк:
־ айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
־ Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
־ банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
־ банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;
־ төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
־ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын жалғыз орган болып табылады. Ақша-кредит саясаты:
־ ресми қайта қаржыландыру ставкасын;
־ ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
־ ең аз міндетті резервтердің нормативтерін;
־ ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне және көлеміне қойылатын тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық Банктің құрылымына мынылар кіреді:
־ департаменттерден, басқармалардан (1 басқарма Астана қаласында) жеке бөлімдерден тұратын орталық аппарат;
16 аумақтық филиал;
־ Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
־ Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
6 есеп беретін ұйым (Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар):
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы»;
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы»;
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы»;
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Автобазасы»;
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы ғимараттарды пайдалану орталығы»;
־ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы».
Ұлттық Банк:
־ «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры»,
־«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы»,
־ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»,
־ «Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры»,
־ «Қазақстан Актуарлық орталығы» жабық акционерлік қоғамдарының 100%-ті құрылтайшысы және
־ «Процессинг орталығы» жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі (Ұлттық Банктің үлесі - 80,6%) болып табылады.










Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) Алматы Қалалық Филиалының (АҚФ) тарихы.

АҚФ – ның тарихы екі кезеңді қамтиды: кеңестік және Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезең. Оның ресми құрылу уақыты 1959 жыл. Бастапқы кезеңде Облыстық мекеме құрамына Алматы және Талдықорған облысының ауылдық филиалдары кірген. Кейін, филиал жүйесінің кеңеюіне байланысты 1967 жылдың тамызында оның құрамына алматы қаласының Мемлекеттік банк бөлімшелері және Республикалық Мемлекеттік банк мекемесінің қалалық басқармасы кірді.
Облыстық мекеме құрамына кіретіндер: экономикалық жоспарлау бөлімшесі, ақша айналымы жөніндегі бөлімше, несиелеу және қаржыландыру бөлімшесі, операциондық бөлімше және бухгалтерия, инженерлік – техникалық бөлімше, инкассациялау қызметі. Облыстық мекеменің дамуының негізгі кезеңі болып 1972 жылғы Мемлекеттік банктегі Есептеуіш орталықтың құрылуы болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп ЭЕМ – ауысты.
1987 жылдан бастап Қазақстанда банктік жүйені қалыптастыру басталды. Мемлекеттік банктер қайта құрылып, бірінші коммерциялық, кейін жеке және біріккен банктер құрылды. 1993 жыл - теңгенің шығу жылы ҚРҰБ – нің құрылу және жаңа қаржылық жүйенің құрылу кезеңі болды. Кейінгі он жыл ішінде банктік жүйеде техникалық және ұйымдық жағынан даму үлкен жетістіктерге жетті. ҚРҰБ – мен қатар оның облыстық құрылымдық бөлімшелері де қарқынды түрде дамыды. оның ішінде ең басты роль атқаратын ҚРҰБ АҚФ болып табылыды.
Алматыдағы екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағалау мен бақылау үшін 1994 жылдың ортасында Облыстық мекеме ҚРҰБ Бас Алматы Аумақтық Басқармасына ауысты. Қадағалау функциялары банктік қызметті лицензиялау қызметі мен аудит және ревизиялау қызметіне кеңейді. Кейінірек өтімділікке ұшыраған банктер санының өсуіне байланысты өтімділік бөлімшесі, ал кейін Басқарма пайда болды. Заңгерлік қызмет те кеңейді. Шетел валютасымен операциялар жүргізу үшін ҚРҰБ – де лицензиялары бар ұйымдар қызметін бақылау қалпына келтірілді.
1996 жылы Бас Алматы Аумақтық Басқармасы – Алматы филиалына ауысты және кейбір құрылымдық бөлімшелер мен функциялар қысқарды. Автошаруашылық ҚРҰБ- ның жүргізілуінде болды.
1997 жылдан бастап Бас Алматы Аумақтық Басқармасы валюталық операцияларды тіркеумен айналыса бастады. Осыған байланысты филиалда бөлімше құрылды.
1997 жылдан бастап Бас Алматы Аумақтық Басқармасына банктік емес мекемелердің қызметін жедел қадағалау тапсырылды, ал 1999 жылдың аяғында осыған байланысты бөлімше құрылды.
1999 жылдың 15 тамызынан бастап Бас Алматы АумақтықБасқармасы ресми түрде Алматы филиалы деп атала бастады.
ҚРҰБ –ның АҚФ – ның қызметінің негізгі бағыттары.

ҚРҰБ – ның АҚФ ҚРҰБ –ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ҚРҰБ – ның бірыңғай орталықтандырылған жүйесінің құрамына кіреді. Ол өз қызметін ҚРҰБ берген өкілеттілігі шегінде атқарады (алматы қаласының аумағында).
ҚРҰБ – ның АҚФ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР – ның «ҚРҰБ туралы» Заңына және «ҚР –ндағы Банктер және банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес атқарады.
АҚФ – ның негізгі мақсаты – ҚР- ның Ұлттық валютасын сыртқы және ішкі тұрақтылықпен қамтамасыз ету.
Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, филиал ақша айналымындағы қаланың экономикалық даму, несиелеу, банктік төлемдерді ұйымдастыру және валюталық қатынастар саясатын жүргізеді.
ҚРҰБ –ның АҚФ – ның 2004 жылғы құрылымы 9 бөлімнен тұрады.
Филиалдың негізгі қызметері мына бөлімшелерден тұрады:
• Бухгалтерлік есеп;
• Экономикалық талдау және статистика;
• Валюталық операцияларды бақылау;
• Ақша айналымын талдау;
• Төлем балансының статистикасы;
• Компьютерлік жүйелерді жабдықтау;
• Жалпы бөлім;
• Заңгерлік қызмет;
• Ревизиялық қызмет.
Мен тәжірибе барысында экономикалық талдау және статистика, валюталық операцияларды бақылау, төлем балансы және статистика бөлімшелерімен, олардың атқаратын қызметтерімен толық таныстым. Сонымен қатар осы бөлімшелердің әр қайсысына байланысты құжаттармен жұмыс істеп, Басшылықпен бекітілген ережелермен таныс болдым.
Әр бөлімшенің Ережелері және құжаттардың үлгілері көрсетілген.















«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі
Алматы қалалық филиалы


Скачать


zharar.kz