Эксперименттік тарау бойынша тұжырым

Скачать

Қылмыс жасаған жасөспірімдерге жүргізілген эмпирикалық зерттеу нәтижесінде, қылмыс үшін жазасын бас бостандығынан айыру арқылы өтеу кезінде құндылықтар жүйесінің негізі ретінде тұлғалық мағыналық сферасына жағымсыз әсері айқындалды. Бұл әсіресе, жасөспірімнің үйренген өмірлік ортасынан алшақтауы және жаңа әлеуметтік жағдайға бейімделу қажеттілігі, бостандықтағыдай өзінің қажеттіліктері мен құндылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндіктің шектеулілігімен сипатталады.
Бұл жайттар өз кезегінде олардың болашақ өмірінің бейнесін жағымды қалыптастыруға кедергі келтіретін маңызды психологиялық мәселелер болып саналады. Себебі, жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, мағынасын қалыптастыратын тұлғаның құндылықтар иерархиясы бостандықтан айыру жағдайында күрделі өзгерістерге түседі. Бұл кезеңдегі ең маңыздысы - индивидуалды, әлеуметтен тыс тіршілік етуді қамтамасыз ететін құндылықтар бірінші реттік маңызға ие болады.
Сондай-ақ жасөспірімдер өзінің болашақ өмір жолы туралы түсінігінің бұзылуы және олардың көбісі үшін дәл қазіргі қалыптасқан жағдайлар олардың болашақ туралы толыққанды бейне қалыптастыруы үшін тікелей кедергі жасайды. Бұл жайттар эмпирикалық зерттеу мәліметтерімен дәлелдене түсті. Бақылау тобымен салыстырғанда оларда өмірдің мағыналық көрсеткіштерінің ситуациялық төмендеуін аңғаруға болады.
Біздің ойымызша қылмыскер жасөспірім тұлғасының құндылықтық- мағыналық сферасын түзету мақсатында психологиялық әсер ету тұлғаның мағыналық құрлымдарын сақтау принципіне және тұлғаны маңызды іс-әрекет принціпіне қосуға негізделуі қажет. Себебі, көптеген жасөспірімдерде құндылық мағыналы компоненті ғана емес, сондай-ақ әрекеттік (мағыналық бағдарлар, локус бақылау, өзінің болашақ өмірін жоспарлау) құрылымдар да ауытқуларға ұшыраған. Мұндағы психологтың басты міндеті - оларға позитивті бейне құруға және болашаққа үміттенуге көмектесу мен қатар олардың тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыруына барынша тиімді жағдай жасау.
Сондай-ақ, қылмыскер жасөспірім тұлғасының мағыналық сферасының болашақ бейнесін қалыптастыру жолдарын коррекциялау үшін бірқатар мазмұнды психологиялық жұмыстар бағытын құруға болады: оларға бойындағы құндылықтар иерархиясы түзеу мекемесінің дәл қазіргі арнайы жағдайларында қалыптасқанын және бостандықтағы өмірге адекватты емес болғандықтан мақсатқа бағытталған түзеуді талап ететінін түсіндіру; жасөспірімдерге болашаққа мақсат құру процесін белсендіруге, болашақ үшін маңызды құндылықтардың мағынасына терең үңілуге көмектесу; жасөспірімдерге өзінің өміріне қатысты оның кезеңдері мен жеке оқиғаларға тұтас жағымды бағдарларды құруға күш салу; оларға әр адам өзінің тіршілігінің мағынасын табу керектігін және бұл мағынаны жүзеге асыруға болашақта тікелей жауапты екені туралы саналы бағдар қалыптастыру.
Бұл бағыттағы жұмыстардың табыстылығы, яғни қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасының құндылықтары иерархиясының өзгеруі, әлеуметтік құндылықтармен және болашақ мағыналық бағдармен үйлесімді болуымен шарттастырылған. Бұл орайда осы мекемме психологының жоғарыда көрсетілген шараларды жүзеге сәтті асыруы жасөспірім тұлғасының еңбекпен түзеу мекемесі жағдайына алғашқы бейімделу кезеңінде ғана емес, оның бостандыққа шығар алдында болашақ өмір бейнесін қалыптастыруы мен тұлғалық құндылықтарын мағыналандыру кезеңінде ұтымды болып табылады.
Қорыта келгенде, зерттеудің мақсаты мен міндетін жүзеге асыру барысында жүргізілген зерттеуде алынған болжам толығымен расталып, бітіру жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға болады.


Скачать


zharar.kz