Реформадан кейінгі жылдардағы елдің жағдайы

Скачать

Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару. 1861 жылдың 19 ақпанындағы "Ереже" Ресейдің бірде-бір аграрлык мәселесін аяғына дейін шеше алмады. Осындай жағдайда Ресей үкіметі, біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік толқуларды әлсірету жөне жер мәселесін өзінше шешу үшін орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуды ұйғарды. Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды. (7)
Әуелгі кезде патша үкіметі қазақ өлкесін әскери, яғни казак-орыс отарлауымен шектелді. Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасында басталды. XIX ғасырдың 70-жыддарынан Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды. Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің ұсынысына сай, 1868 жылы "Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы" жаңа Ереже қабылданды. 1883 жылға дейін күшін сақтаған бұл құжатқа сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді, бірқатар басқа да жеңілдіктер қарастырылды. (8)
1883 жылы Жетісу облысында жаңадан келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы жаңа ереже бекітілді. Енді жан басына берілетін жер үлесі 30 емес, 10 десятина болып белгіленді, сонымен қатар қоныстанушы орыс шаруалары салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға босатылды. Әрине, Жетісуда жердің тапшылығы және далалық аудандардан бұл жердің құнарлылығы, табиғи географиялык шарттардың қолайлылығы осындай шешімдердін іске асырылуын тездетті.
1889 жылы 13 шілдеде "Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру" жөнінде жаңа заң қабылданды. Бұл құқықтық талапта Тобыл, Том губерниялары, Жетісу, Ақмола және Семей облыстары шаруаларды қоныс аударатын басты аймақтар ретінде белгіленді. 1891 жылғы "Ереже" 1889 жылғы кұжаттың жекелеген мәселелерін нақтылады. Мысалы, кейінгі шешімде облыстар мен губернияларды бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 15 десятинадан жер берілетін болып шешілді.
Ішкі аймақтардан шаруаларды қоныстандыру патша үкіметінің отаршылдық саясатының да бетін ашты. Келімсектерге көшпелі қазақтардың жерін тартып алып беру, тұрақты қоныстарынан ығыстыра бастау, жергілікті қазақ ауылдарының мүддесімен ешқандай санаспаудың салдары байқалды. Бұл құбылыс тіпті жылдан-жылға тереңдеп, мал шаруашылығының дамуына да нұқсан келтірді. Тек 1855 жылдан 1893 жылға дейінгі аралықта Ақмола облысы қазақтарының пайдалануынан 250 мыңнан астам десятина жер тартып алынып, 11 мыңдай орыс шаңырағы жайғасқан 24 село ұйымдастырылды. Ал Семей облысында нақ сол кезде қазақ шаруаларынан 33 мыңнан астам десятина (9) егістік жері тартып алынды.
Әсіресе қоныс аударушылардың лек-легімен шұбырған басты аймағы - Жетісу өлкесі. 1868-1880 жылдар аралығында бұл өңірде 3 мыңнан астам отбасының 2 мыңдайы жаңа қоныстанушы болса, оның 1 мыңнан астам шаңырағы қалаларда орын тепті. Қоныстандыру саясаты сонымен қатар Сырдария облысын да жаппай қамтыды. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде орыс, украин шаруалары 1884-1892 жылдар аралығында 37 қоныс орындарын құрды.
Қазақ ауылының жағдайы. XIX ғасырдың ортасынан бастап қазақ жеріне капиталистік қарым-қатынастардың тарала бастауы қазақ ауылының шаруашылык өміріне, әлеуметтік жағдайына әсерін тигізбей қоймады. Мал шаруашылығы мен отырықшы жер шаруашылығының етек ала бастауы да капитализмнің тікелей әсер етуінің бір көрінісі.
Дәстүрлі көшпелі өмірге негізделген мал шаруашылығы Сырдарияға жакын аудандарда, Орталық Қазакстанда, Бетпақдалада, Маңғыстауда, Семей, Ақмола облыстарында және басқа да өлкелерде сақталынды. Қоныс аудару процесі Қазақстанның солтүстік аудандарында да кең етек алды. Мұнда егіншілік басым болатын да, таза көшпелі мал шаруашылығы сирек кездесетін еді. Бірақ оның өзінде малдың құрамы, жерді иелену сипаты ескі кешпелі шаруашылыққа көп ұқсай бермейтін еді. Жылқы санының азайып, сиыр санының көбеюі де біртіндеп ауыл өміріне ене бастаған капитализмнің белгісі болды.
Капиталистік қатынастардың біртіндеп етек алуы және орталық губерниялардан орыс, украин шаруаларын көптеп коныстандыру көшпелі қазақтар арасында отырыкшылықтың кең тарауына себепші болды. Егін шаруашылығымен шұғылдану ауылды астықпен, тұқыммен тұрақты қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік берді. Далалы, куаңшылықты аймақтарды суландыру жүйесін кең пайдалану казактарды отырықшылыққа кеңінен тартты. Егіншіліктің дамуы, әрине, табиғат жағдайына да байланысты еді. Ылғалдың жеткілікті сақталуы (мысалы, Жайық пен Тобыл өзендері бойында) қазақтардың қарапайым соқаны тұрақты пайдалануына жағдай тудырды. Сырдария, Жем, Ырғыз, Сарысу өзендері алқаптарында егін шаруашылығы маңызды орын алды. 15 мың десятина жерді суландыру әдісімен өңдегенде қазақ шаруалары 1 миллион пұтқа дейін астық өндіретін.
Патша үкіметінің қауымдык жерлерді зорлықпен басып алу саясатын жүргізуі, отаршылдык-әкімшілдік басқару әдісінің. күшеюі қазақ шаруалары арасында әлеуметтік жіктелуді тездетті. Қалалар мен орыс коныстарының маңайында орналасқан немесе көшіп-қонып жүрген қазақ шаруалары біртіндеп нарыққа тартыла бастады. Сөйтіп, көшпелі шаруашылық жүргізудің ескі әдістері өзгерді.
XIX ғасырдың 70-80-жылдарынан бастап кедейленген қазақтар күнкөріс кезін табу мақсатымен тау-кен орындарына, қалалы жерлердегі ірілі-ұсақты кәсіпорындарға тартыла бастады. Қазақ жатақтары ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгірмеген тобына жататын. Өз руластарынан бөліне бастаған жатақтар қазақ ауылының басқа топтарымен салыстырғанда жаңа, алдыңғы қатарлы өндіріске бір табан жакын еді. Жатақтар сонымен қатар әлеуметтік келбетін өзгерте бастады. Рулық, патриархаттың ортадан ажыраған жатақтар жаңа таптық мазмұндағы құбылыстарды біршама тез қабылдадық. Орыс жұмысшы шаруаларымен, қалалық нарықпен байланыстылығы олардың таптық көзқарастары мен мүддесі ортақтығын ерте сезіндірді.
Капитализмнің дамуы. Реформадан кейінгі жылдарда өндіргіш күштердің қауырт даму жолына түсуі, бүкілресейлік нарықтың орталыктануы капиталистік қатынастардың ұлттық аймақтарда кеңейіп, дамуына әсер етті. XIX ғасырдың 30 - 50-жылдарында қазақ жеріндегі табиғи байлық көздері біршама анықталып, көмір, кен, тұз, қорғасын жылдан-жылға көптеп өндіріле бастады.
Ресейлік кәсіпқойлар өз қаражатын Қазақстан сияқты пайдалы табиғи қазба байлықтары мол елде өндірістік орындар салдыруға жұмсай бастады.
Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін тері, май кәсіпорындары іске қосылып, Каспий, Арал теңіздерінде, Балқаш көлінде балық аулау кәсіпшілігі қанат жайды.
Қазақстанды елдің басқа аудандарымен байланыстыратын темір жол тораптары салынды. Егер XIX ғасырдың соңғы он жылында өлкеде 482 верста темір жол тартылса, XX ғасырдың басындағы бес жылда бұл көрсеткіш 1 818 шақырымға жетті.
XIX ғасырдың екінші жартысында негізгі бөлігі қалаларда шоғырланған өңдеу өнеркәсібінің зауыт, фабрикалары әлі де болса әлсіз, жабдықталуы тым қарапайым еді. Ешқандай техникалық мамандығы жоқ жұмыскер, әсіресе қазақ жұмысшылары, сапалы да көлемді өнім шығара алмады. Тек XIX ғасырдың соңғы жылдары өнеркәсіптегі жағдай біршама өзгерді. 300-400 жұмыскері бар, салыстырмалы түрде ірі деп атауға келетін өндіріс орындары пайда болды. Успен кеніші, Қарағанды көмір алыбы, Екібастұз, Риддер өндірістік орындары -бүкіл ел көлемінде белгілі болды. Тау-кен орындарымен қатар қазақ жерінде тұз өндірісі де ұлғайды. Мысалы, 1867 жылы Басқұншақ кәсіпорнында - 55 мың пұтқа жуық тұз өндірілсе, 1900 жылы – бұл көрсеткіш 20 миллион пұттан асты.
Қазақ жерінің табиғи байлығы шетел капиталистерінің көңілін де аударды. Спасск-Успенск, Атбасар, Риддер, Қарағанды және Екібастұз кәсіпорындары, бірнеше мұнай өндіретін орталықтар шетелдік иелерге сатылды. Мысалы, Спасск мыс кеніші акционерлік қоғамының акциялары АҚШ, Германия, Бельгия, Швеция, т.б. елдер өнеркәсібі иелерінің қолына көшті.
Табиғат байлықтарының қауырт игеріле бастауы, ақша-тауар қатынастарының дамуы банк-кредит ұйымдарына жол ашты. Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері алдымен шаруашылық және мәдениет ошақтарында -Оралда (1876 ж.), Петропавлда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда (189,5ж.), Верныйда (1912ж.) ашылды. Сібірлік 57 сауда бөлімшесінің жетеуі Қазакстанда қызмет етті. Филиалдары саны жағынан Қазақстанның шаруашылық өңірінде белгілі орын алған - "Орыстың сауда өнеркәсіптік банкі", оның бөлімшелері Қазақстанның ірі қалаларында XX ғасырдың басында кеңінен ұйымдастырылған болатын.
Сауда және қалалар. Қазақ аулына қоныс аударып келген орыс, украин шаруаларының тұрақ мекендеріне күннен-күнге әсерін күшейте бастаған капиталистік қатынастар сауда көлеміне де, оның мазмұны мен мәніне де әсер етті. Ресей сауда капиталының тіпті шалғай қазақ ауылдары өміріне де ықпал-әсері империяның орталық аудандары мен орталық өлке арасындағы шаруашылық байланысты, тауар алмасу мен айырбасты біршама кеңейтті. Ауылдың әлеуметтік және шаруашылық өмірінде малды саудалап, оны тауарға айналдыру ерекше байқала бастады. Мысалы, XIX ғасырдың 80-жылдарында Ақмола, Сарысу, Қарқаралы уездері арқылы Ресейдің орталық аудандарына 60 мың ірі қара, 200 мыңға дейін қой жеткізілетін. Петропавлдан Қорған жөне Шадринск арасындағы мал айдайтын жолмен жыл сайын 340 мыңдай ірі қара, сондай-ақ 550-600 мыңға тарта қой, ешкі айдалды. Қазақ даласында малмен сауда жасау аркылы әйгілі болған ірі көпестер Ботов, Колосов, Жиряков, Скажутин бай ауылдарынан жылына ондаған мың мал сатып алып, оларды Орта Азияның, Ресейдің орталық базарларына жөнелтетін.
Сауда тек малмен ғана байланысты болған жоқ, XIX ғасырдың екінші жартысында орталық өнеркәсіпті аудандардан мақта мата ендірісінің бүйымдары да көптеп өкелінді. Капиталистік фабрикада жасалынған тауарлар ортаазиялық сапасы төмен майда бұйымдарды ығыстырып, олардың көшпелі қазақтармен саудадағы үлесін төмендетті. Жүздеген мың сомға әкелінген металл, шұға, жібек, былғары бұйымдары жылдан-жылға сауданың өзара тиімділігін арттырып, еңбек құрал-жабдықтарының шалғы, пышақ, соқа, балта, т.б. күнделікті шаруа тұрмысында жиі пайдаланатын бұйымдар мен құрал-жабдықтардың сатылуын молайтты.
Қазак-орыс сауда байланыстарын дамытуда жәрмеңкелер ерекше орын алды. Әрине, тауар жеткізетін жолдар әлі де тапшы еді. Әйтсе де қалалық орталықтары енді ғана қарқынды дами бастаған қазақ даласында тұрақты сауданы дамытудағы жәрмеңкелердің орны ерекше. 1832 жылы Бөкей (Ішкі) ордасында ашылған тұңғыш жәрмеңке осы өңірдегі ірі сауда орталығына айналды. XIX ғасырдың ортасынан бастап жәрмеңкелер саны да жедел өсті. Бір ғана Шығыс Қазақстанда XIX ғасырдың 80-жылдары 70-тен астам ірілі-ұсақты қалалық, далалық жәрмеңкелер ашылған, олардың тауар айналымы жылдан-жылға өсті.
Қазақстан аудандарындағы жағдайды салыстыра қарасақ, жәрмеңкенің басты дамыған өңірі Ақмола облысы екен. Ең ірі жәрмеңкелердің басым көпшілігі де осы облыста шоғырланды. Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновкада (Еленецкая), Ақмола қаласында, Петровкада (Атбасар станицасында), Қарқарада (Жетісу уезінде) болды. Бұл жәрмеңкелердің сауда айналымы жөнінде төмендегідей мәліметтер сақталған. 1875 жылы Тайыншакөл жәрмеңкесінде сатуға түскен қой саны -78мың, Константиновкада — 77 мыңға жуық, Петровкада — 2 мың болды.
Аса ірі жәрмеңкелердің бірі - Қарқара уезіндегі Талды-Қоянды деген жерде 1848 жылы ашылған, көпес Варкав Ботовтың есімімен аталатын жәрмеңке. Қытайдан, Орта Азия елдерінен, Ресейдің ірі сауда орталықтарынан ауқатты көпестерді жинайтын бұл жәрмеңке өз кезінде Қазақстанның шаруашылык және қоғамдық өмірінде мейлінше белгілі болды. Бір мысал: 1880 жылы 256 мыңнан астам кой айдап әкелінсе, 1889 жылы сатуға түскен сол мал саны 270 мыңға жетті. Жәрмеңкеде тек сауда емес, сонымен қатар кызықты ойындар, сайыстар, той, мейрам өткізілетін орталық та еді.
Өлкедегі жоғарыда аталған ірі жәрмеңкелермен қатар, әсіресе Қытаймен сауда арқылы белгілі болған Қаркара (Жетісу уезінде), сонымен катар Ойыл (Орал облысы), Шар-Екатеринская (Семей облысы) жәрмеңкелері болды.
Отаршылдык сипат сауда байланыстарынан да көрініс тапты. Көшпелі қазақтардың көпшілігі ақша-тауар айналымына жетік мән бермеді. Өз тауарларының ақшаға шаққандағы құнын толық бағалай алмады. Сауда заттарына төлейтін ақшасы болмаған қазақтар олардың бір бөлігін несиеге алатын. Айырбас саудасында қазақтардың есебі "тоқты" немесе бір жасар "ісек" қой болды.
Несиеге майда-шүйде үй бұйымдарын алған көшпенділер көп жағдайда кіріптарлықта қалатын, өйткені ол тауарлардың ақысына кейіннен үстеме телейтін. Көшпенділердің аңқаулығын пайдаланған айлакер, жебір көпестер қазақтардың малы мен затын төмен бағалап, өз тауарларының құнын асыра көтеретін. Тең сауда болмайтын. Орталық аудандарда 6-7 сомға сатылатын самаурынға 20-25 қой, бір отар мал беретін; құны 15 тиыннан аспайтын ұстара үшін ашқарақ саудагерлер қой сұрайтын. Әкелген тауарларының сапасы да мардымды болмайтын.
XIX ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан қалаларындағы халық санында, әлеуметтік-экономикалық ахуалда түбірлі өзгерістер қалыптасты. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында Қазақ жерінде 19 жаңа қала пайда болды. Халқының саны, таптық діни құрамы жағынан бұл қоныстар әр түрлі дәрежеде қалыптасты. Олардың бір тобы көлемі шағын, тұрғындарының саны мардымсыз елді мекендер дәрежесінде қалды. Бір ғана Ақмола облысындағы ұсақ қалалардың саны 20-ға дейін жетті.
1897 жылы Ресейде тұңғыш өткізілген халық санағына қарағанда, жекелеген ірілеу қоныстарда халық саны төменгідей: Орал - 36 446, Верный - 22 744, Семей - 20 216, Қостанай - 14175 адам. Кіші қоныстар бойынша: Торғай (1845 жылы негізі қаланған) - 896, Атбасар (1846 ж.) - 3 038, Көкпекті (1827 ж.) - 2 830, Торғай (1845 ж.) - 896. Қала халқының саны түрліше жолдармен қоныс аударған шаруалар, ауылдан қол үзген қазақтар, ішкі демографиялык өсім есебінен қалыптасып отырды. Ірі қоныстарда біртіндеп өнеркәсіп орындарының салынуы жұмысшылар санының өсуіне және ұлттық құрамының өзгеруіне әсер етті. Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы тау-кен өнеркәсібі болғаны кездейсок емес. XIX ғасырдың соңында аталған салада 19 мыңдай жұмысшы болса, ол 1902 жылға қарай 30 мыңға жуық болды. Ұлттық құрамы жағынан қара жұмысшылардың басым көпшілігі қазақтар еді. Олардың ұлттық құрамы басынан интернационалдық негізде қалыптасқандығынан, бұл жағдай кейінгі жылдардағы таптық қозғалыстың да көп ұлтты мазмұнына әсер етпей коймады.


Скачать


zharar.kz