Қазақстандағы қазіргі заманғы қоғамдық-саяси жағдай

Скачать

Қазақстандағы қазіргі заманғы қоғамдық-саяси жағдай
Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген өмірден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, нарықтық экономикасы әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-қатынастарға негізделген күшті егемен мемлекетті құруға кірісті. Саяси жүйе мен мемлекеттік құрылыс түбегейлі түрде өзгеріп келе жатқаны, республиканың демократиялық бағытқа, халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы айқын. Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы — адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген, топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары негізделген.
Осының бәрі — сайып келгенде, реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырудың берік негізі. Алайда саяси және экономикалық жүйелердің ауысуына байланысты қоғамдық санада өзгерістер өздігінен болады деу сенімсіз болар еді. Бұл құбылыстың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі, өйткені әлеуметтік өмірдің терең процестерімен, дүниетанымдық тағылымдардың өзгерістерімен, психологиялық таптаурындармен, сонымен бірге қоғам өмірімен, әрбір адамның тұрмыс салтымен байланысты. Әрі бүгінгі таңда біздің бәрімізге қос ауыртпалық түскен тәрізді: экономика мен қоғам өткен мен болашақтың ортасында сияқты. Артқа қайырылар жол жоқ екенін біле отырып, біз шаруашылық жүргізу жүйесінің, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, рухани өмірдің бүгінгі таңда өткеннің сарқыншағынан арыла алмай отырғанын мойындауға тиіспіз.
Тап осындай жағдай қоғамдық санада да болып отыр. Өткен ғасырдың өзінде ғылымда «аномия» деген ұғым қалыптасқан болатын. Мұның өзі адамның қалыптасқан құндылықтар жүйесі қайтадан ой елегінен өткізіліп, бүкіл ғұмырлық мұраттардың бәрі түбегейлі түрде өзгерген жағдайда адамның абдырап-сасқан кезін білдіретіні шындық. Мұның өзі жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғам үшін ауыр сын. Осыған орай қазақстандықтардың басым көпшілігі реформа жөніндегі бағытты қолдап отырғанына қарамастан, өзгерістердің қажеттігін білгешмен, былайша айтқанда, жүрекпен жете түсінсе де, ақыл-оймен мән-мағынасына ой жүгірткен жоқ, адамдар өз болашағы үшін әлі сенімсіз, келешегін әлі де айқын көре алмай отыр.
Күнделікті тіршілігіміздегі күйкі күйімізді экономикалық жағдай үдетіп отыр. Мүның өзі қарапайым адам үшін ең алдымен, бағаның шексіз өсуінен, тұрмыс деңгейінің құлдырауынан, көптеген әлеуметтік проблемаларының шешілмеуінен көрініп отыр. Оның үстіне адамдарды саяси күрестердің үшқарылықтары да адастырып отыр. Кейде саяси жымысқы алдап-арбаудың қоғамдық санада өзіне орын тауып жататын кездері де бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанның саяси саласында қалыптасып жатқан жағдайды түсіну үшін баспасөздің беттерінде, партиялардың пікірталастарында, экономикалық топтарда, сондай-ақ қоғамның қалың қатпарларында талқыланып жататын идеялардың мазмұнына мұқият талдау жасау қажет.
Саяси пікірлердің бүкіл күрделі жағдайының өзінде, ал олардың жиынтығы өте көп, қазіргі қоғамдық-саяси алуан түрліліктің екі полюсі ретінде социалистік және либералдық пікірлерді қарастырған жөн. Әрине бұл қарапайым баяндау, бірақ мұның өзі бар болмысты толық көруге мүмкіндік береді.
Социалистік тұғырнама қоғамда белгілі бір дәрежеде жақтастар тауып отыр, бірақ реформалау кезеңінде оған иек арту, сірә жөн болмас. Социалистік мұраттарды оғаш, ретсіз әрі әділетсіз сынаудың кезеңі өтті, социализмнің кеңестік нұсқасында халыққа не бергенін және оның біз мүлдем қабылдамайтын жақтарына елеулі талдау жасайтын кезіміз жетті.
Кеңес өкіметі жылдарында жасалған қуатты өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, бірегей технологиялық кешендер, жаппай сауаттылық, абаттаңдыру және басқалары Қазақстанды индустрия жолына көшірмей мүмкін емес еді. Біздің бүгінгі күш-қуатымыз — белгілі дәрежеде кешегі құрылыстың нәтижесі. Мүны тек пікірталас қызбалығына салынғанда ғана жоққа шығаруға болар.
Социалистік идеялардың әсіре жақтастары өткенді сағына еске алып, оның қайта орнауын қалайды, сөйтіп «атқарылған істер» үшін тіпті саясаткерлерді жауапкершілікке тартуға шақырып отырған жайы бар. Мәселенің бұлай қойылуының өзі қисынсыз: оппозиция бүгінгі таңда өзінің назарын жеке адамдарға, кездейсоқ немесе уақытша жағдайларға аударып отыр. Әрине мемлекеттің ыдырауына сол уақыттағы жекелеген көшбасшылардың ықпалы болғаны белгілі. Алайда қызбалыққа салынбай, шынайы тұрғыдан қарайтын болсақ, социализм әлеуметтік-экономикалық және саяси қарым-қатынастар жүйесі ретінде түпсіз дағдарысқа тап болғаны айдан анық. Қазір енді кең ауқымдағы дағдарыс жөнінде айтуға болады.
Бұл — экономикалық дағдарыс. Қоғамдық жүйелер тиімділігінің түйінді өлшемі — бұл экономикалық тиімділік. Осы өлшем бойынша алғанда орталықтандырылған жоспарлы экономика, сайып келгенде, нарықтық экономиканың алдында жеңіліс тапты.
Бұл — саяси дағдарыс. Боямаланған халық билігі мен ішкі партиялық бюрократияның үстем тобының қолына шоғырланған билік арасындағы қарама-қайшылық қисынды шегіне жетті. Сырт көзге қарағанда саяси құрылымдар демократияны сөз жүзінде ғана көрсетіп, шын мәнінде барлық шешімдер жергілікті және орталық деңгейде партия көшбасшыларының айтуымен қабылданды.
Бұл — ұлттық дағдарыс. Интернационализмді жариялағанына қарамастан, социалистік жүйе ондаған жылдар бойына халықтардың еркін дамуын қатаң түрде бұғаулап келді. Атап айтқанда, Қазақстанда, сарапшылардың бағалауы бойынша, күштеп ұжымдастыру жылдарында бүкіл қазақ ұлтының жартысынан астамы қаза тапқан және шетке кеткен. Елдің бүкіл халықтары орасан зор зардап шекті. Ұлттық дағдарыс — көп ретте экономикалық дағдарыстың салдары. Орталық пен аймақтар арасындағы қарым-қатынас жартылай отарлық сипатта болды. Республиканың экономикасына шикізаттық бағыт, оның шетін сипаты саналы түрде таңылды. Тап осындай жағдайда Қазақстан сыртқы рынокқа өз еркімен шықпауы үшін көліктік жүйе бойынша орталықпен және басқа аймақтармен қатаң байланысқан еді. Ішкі ұлтаралық шиеленіс тек күштеп-зорлаудың арқасында ғана тежеліп отырды. Жүйе күйрегеннен кейін бұрынғы КСРО-ның аумағында ұлтаралық жанжалдар мен соғыстар өрті басталды. Мұның өзі халықтың емес, өткендегі және қазіргі саясаткерлердің кінәсінен болып отыр. Тұтас халықтарды тікелей құртудан бастап ұлт тілдерінің қолданылу аясын тарылтуға дейінгі зорлық-зомбылық қайшылықтарды елемеуге соқтырды. Оларды шешудің басқа әдістері болған жоқ. Интернационализм туралы барлық мәлімдемелерге қарамастан ресми идеологияның тасасында белгілі бір халықтарда басқа халықтар туралы берік, жаттанды теріс пікірлер қалыптасып жатты, мұның өзі тұрмыстық деңгейде күні бүгінге дейін жаны сірі күйінде қалып келеді. Барлық ұлттарды біртұтас әсіре этностық қауымдастыққа — кеңес халқы аталатын бір қалыпқа салу әрекеті айқын сәтсіздікке ұшырады.
Одан әрі — экологиялық дағдарыс. Социалистік экономикалық жүйенің абстрактілі-жалпы-халықтық тұрғыдағы, ал іс жүзінде ведомстволық меншік тұрғысындағы ерекшеліктері министрліктер мен ведомстволардың шектен шыққан экологиялық қиянаттарына душар етті. Проблеманың мәні мынада болатын: жер мен табиғи ресурстарға бақылаусыз қожалық еткен ведомстволар, сонымен қатар экологиялық тұрғыдан таза өндірістерге мүдделі болған жоқ және сөзсіз қасіреттер үшін нақты жауапкершілік арқалаған емес. «Ешкімнің де иелігінде болмаудың» осынау өлшемі еткен тарих естіп-білмеген ғаламдық апаттарға киліктірді. Экологиялық сауатсыздық қоғам мен табиғаттың тайталасына әкеліп тіреді. Қазақстан бұл ретте аса қиын жағдайда қалды.
Семей ядролық полигоны қазақ халқына аса ірі қасірет әкелді. Қазақстанда ядролық қаруды, соның ішінде жер бетінде сынауды жүргізе отырып, жүйе өз мемлекетінің азаматтарына қарсы адамзат тарихындағы ең қайғылы қылмыстардың бірін жасады. Тек біздің республикада ғана жарты миллионнан астам адам радиациядан зардап шекті. Олардың көпшілігі бойындағы күш-жігері толысатын кезде өмірден өтті, жүздеген мыңы денсаулығынан біржола айырылды. Балалардың бірнеше ұрпағы туғанынан өмір бойы мүгедек болып қалды. Сөйтіп, қазірде мүгедектер туып жатқан көптеген отбасыларында бұл қасірет әлі де жалғасуда.
Қазақстанға келген апаттың бірі — жер бетінен құрып бара жатқан Арал теңізі. Бұл қырсық кең байтақ Орталық Азия аймағының халықтарын шексіз азапқа салып отыр. Және оларды ғана емес: ғалымдар Аралдағы апаттың планетаның орасан зор аумағына ғаламдық бүлдіруші ықпалы бар екені туралы негізделген қорытындылар жасады.
Жүйе «жарқын болашақ үшін» күрес ретінде көрсетіп келген осы эксперименттерден ең алдымен, Қазақстан халқы бәрінен де көп зардап шекті.
Біздің алдымызда адамдарға, жерге, жалпы алғанда табиғатқа келтірілген бүкіл шығынды есептеу міндеті тұр. Бұл тым болмаса апаттың шынайы ауқымын бағалау үшін және оның салдарын жою жөніндегі шараларды белгілеу үшін қажет. Оның үстіне бүкіл дүние Қазақстандағы экологиялық жағдай туралы нақты түсінік алуға тиіс.
Имандылық дағдарысы. Идеологиялық рәміздер мен адамдардың нақты құндылықтары арасында шыңырау


Скачать


zharar.kz