Желтоқсан - ерлік тарихымыз

Скачать

Қазақ халқының ғасырлар бойы жүргізген ұлт – азаттық
күресінің соңғысы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болғаны баршаға мәлім.
Ізі әлі суып үлгармеген күні кешегі 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасының болғанына биыл 20 жыл толмақ. Уақыт деген
шіркін, зымырап өтіп барады.
Желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі желкілдеп өсіп,
жетіліп келе жатқан қаншама ағаларымыз бен әпкелері-
міздің қиылған тағдыры мен ағылған қаны, қасіретті
де қайғылы, қаралы күндері еріксіз еске түседі.
Желтоқсан оқиғасын айтқанда, жалын атқан қазақ
жастарының ерлігін асқақтатқанымыз орынды деп есеп-
теймін. Сонымен бірге, жастарымыздың сол көзсіз
ерлігін мейлінше бағалай, қолдай білген Жұбан Молдағалиев, Әзірбайжан Мәмбетов, Еркеғали Рахмадиев,
Сарбас Ақтаев аталарымыз еді.
Желтоқсанда алаңға шыққан жас ағаларымыз тек
қазақ халқын ұйқысынан оятып қана қойған жоқ, сонмен
бірге бүкіл Одақтың халқын ұйқысынан оятып кетті. Тек
қазақтың ғана ұлттық намысына қозғау түсіріп кетті.
Осы мақалаларды оқып қарасақ, желтоқсанның дүмпезінен
қалың ел үлкен өзгеріс күткен сықылды. Олар дәлме дәл
оқиға қайталануын қаламады. Бірақ саналы – санасыз түрде
қазақты ұлт ретінде серпілер, ұлт ретінде дамудың ең күшті жолына түсер деп үміттелген екен.
Желтоқсандықтар Қазақ егемен, азат мемлекет болсын,
оның басшысы қазақ болсын деген талаппен шыққан.
Бұл екі талап негізінде жүзеге асты.
70 жыл бойы жер бетіндегі ең әділетті, демократиялық
мемлекет біз деп, бүкіл әлемге жар салып келген Кеңес
Өкіметі бейбіт шеруді қанға бояп, өзінің нағыз қатігез
мемлекет екендігін дүние жүзі халықтарының алдында
өзін көрсетіп алды емес пе?
Шаш ал десе бас алатын қатігез шындықты айтқан адамды қудалауға салатын, арам ниетті сөз бостандығы жоқ ,
таталитарлық жүйенің жер бетінде мәңгілік өмір сүруі
мүмкін емес екенін ең алғаш рет бүкіл әлемге жария
еткен қазақ жастары болды.
Қазақстанда 70 жылдың ішінде барлығы 21 адам басқарса
оның 3 – і ғана қазақ болған.
Біз, қазақ халқы ел болғалы не бір қиыншылықтарды
басымыздан өткердік. Сонау жоңғар шапқыншылығы кезінен
бастап, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де, жергілікті халық
өкілдерінің жағдайлары жақсарып кете қоймағаны тарихи
ақиқат.

Дүние жүзінің 112 мемлекеті Желтоқсан оқиғасында
“азаттық үшін күрескен ел” деп Қазақстанды таныды.Қазақ
деген намысын ешкімге аяқ асты етпейтін қаһарман халық бар екендігін әлем білді. Желтоқсан көтерілісі тек
Қазақстанның егемендігіне ғана жол салып қойған жоқ.
Дүние жүзінде саясаттың өзгеруіне ықпал етті ғой. Осы
оқиғадан кейін бұрын бодан болып келген елдер өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізді.
.....Иә, Желтоқсанда адасқан , аяқтан шалғандар болды . Бірақ
“сүрінбейтін тұяқ жоқ” деген даналықты ойда ұстап, кезінде түсіне алмағандарға түсінікпен қараған жөн.
“Білместікті кешпесең - білерлігің қайда тұр”, - деп айтқан
аруақты бабаларымыз емес пе?
Қазақстан деген еліміздің әлемдік деңгейде өркендеп
өсуі үшін, әр бір азаматтың Отандық намысы болу үшін
күресейік те.....
..... Біз, Ұлы Отанымыз - Қазақстанның ешкімнен кем емес
дамыған елге айналуына ұйтқы болайық.


Скачать


zharar.kz