Қазақстанның сыртқы саясаты

Скачать

Қазақстанның сыртқы саясаты

Еліміздің бас дипломаты Қасымжомарт Тоқаев жақында болып өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 61-ші сессиясында сөз сөйледі. Қазақстандық министр жасаған баяндамасында қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша маңызды шешім қабылдауда БҰҰ рөлінің талассыз екеніне тоқталды. БҰҰ өз тарихындағы терең реформаларды басынан кешуде. Бұл ауқымды жұмыстың алғашқы нәтижелерін қорытындылай отырып, Қ.Тоқаев Бітімгершілік жөніндегі комитет пен Адам құқығы жөніндегі кеңес тәрізді БҰҰ жүйесіндегі сайланбалы жаңа органдарды құру жөнінде маңызды шешімдер қабылданғанын атады. Бұлардың қызметі мүше мемлекеттер делегацияларының белсенді жұмыстарының нәтижесінде айқындалды. Екінші жағынан алғанда, Бас Ассамблеяны және Қауіпсіздік Кеңесін реформалау мәселелерінде прогрестің болмауы ұйымның институттық реформасын айтарлықтай тежеуде.
Қазақстанның халықаралық аренада өзінің ұлттық мүдделерін бекем қорғай отырып, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын берік сақтайтынын алға тартқан Қ.То­қаев еліміздің 1992 жылы жарияланған алғашқы бастамаларының бірі Азияда аймақтық қауіпсіздік тетігін құру болғанын еске салды. Қазіргі кезде АӨСШК деген атауға ие болған бұл бастама халықаралық қатынастардың маңызды факторы ретінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Форумның Хатшылығы құрылған АӨСШК екінші саммитінің қорытындылары Азияда ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыруға қажетті алғышарттар жасайды.
Министрдің пікірінше, өзінің міндеттемелерін орындауға жауапкершілік таныту – БҰҰ-ның әрбір мүше мемлекетінің парызы. Бүгінде өзекті болып отырған ядролық қару сияқты мәселеге тоқталған Қ.Тоқаев Қазақстан таратпау режімін нығайтуды ұдайы жақтап келе жатқанын атап өтті.
БҰҰ мінберінен қазақ министрі Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың Семей қаласында қол қойылуының маңызына көңіл бөлді. Орталық­азиялық бес мемлекеттің саяси ерік-жігері Ядролық қаруды таратпау шартын нығайту үдерісін жандандыруға серпін бере алар еді, ал бұл бағыттағы нақты прогресс барлық мемлекеттер таратпауға қатысты міндеттемелерін орындағанда ғана жүзеге аспақ. Орталық Азия мемлекеттері бұл Шарттың күшіне ену мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше-елдерімен консультациялар жүргізуді жалғастыруға дайындығын білдіреді. Барлық ядролық бағдарламалар ашық болуы және МАГАТЭ бақылауы астында іске асырылуы тиіс.
Мұнымен қатар, қазіргі дағдарыс жай қару саласын қамтиды. Жаппай қырып-жоятын қарудың лаңкестер қолына түсу қаупі үлкен алаңдаушылық туғызуда. Бұл міндетті шешудегі негізгі рөл БҰҰ-ның Ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі конвенцияға қосылу бойынша мүше мемлекеттердің міндеттемелеріне жүктеледі.
Елдер арасындағы шиеленістер туралы айтқанда, министр қарулы қақтығыстар әлі де халықаралық өмірдің шындығы болып отырғанын, мұны ливан дағдарысы көрсе­тіп бергеніне назар аударды. Осыған байланысты қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдау саласындағы БҰҰ әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Жанжалдың ең алғаш басталған сәтінде-ақ біздің еліміз бұл дағдарысты шешудегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рөлін нығайтуды жақтаған-тын. Уақыт көрсеткендей, БҰҰ бітімгершілерінің күшейтілген құрамын жанжал аймағына жіберу қалыптасқан жағдайдағы ең бір дұрыс шешім болды.
Ливан дағдарысы қарулы жанжалдардың пайда болуы мен таралуын болдырмаудың тиімді тетігі жоқ екенін көрсетіп берді. Қазақстан БҰҰ Алдын алу дипломатиясын және жанжалдарды болдырмау орталығын құрудың өзектілігін, олардың қызметін ұлттық мүдделерді және қауіпсіздік қағидаттарын ескере отырып, елдерге көмектесуге бағыттауға болар еді деп санайды. БҰҰ жүйесінің тиімсіздігі және мемлекеттер арасындағы өзара түсіністіктің жоқтығы жаһандық тұрақтылық пен қауіп­сіздікке кері әсер етерін тәжірибе көрсетуде.
Қ.Тоқаевтың пайымдауынша, Қауіпсіздік Кеңесін реформалау тым созылып кетті, ал сақталып отырған статус-кво БҰҰ мүше мемлекеттеріне тиімді емес, және соңғы шешім жүйелі диалог шеңберінде ғана қабылдануы ықтимал. Бас Ассамблеяның рөлі мен мәртебесін арттыру бұрынғысынша шешілмеген күйі қалуда. Қазақстан реформалау жолымен халықаралық басты проблемаларды шешуде барлық мемлекеттердің рөлін күшейтуге қол жеткізу абзал деп санайды.
Қазақстан өз кандидатурасын үстіміздегі жылдың қараша айында өтетін сайлауда Экономикалық және Әлеуметтік кеңеске сайлануға ұсынды. Қ.Тоқаев елімізге қолдау көрсеткен мемлекеттерге ризашылығын білдіре келіп, БҰҰ-ның бұл маңызды органына сайланған жағдайда оның барлық бағыттары бойынша белсенді іс-қимыл жасау ниетін жеткізді.
Лаңкестік төңірегіндегі өзекті мәселені таратып айтқан Тоқаев Ирак пен Түркияда таяуда болған жарылыстарды, Лондонда терактілерді жасау әрекетінің ашылғанын еске салумен қатар, қатердің бұл түрінің өсіп отырғанын алға тартты. Халықаралық қауымдастықтың бірлескен күш-жігерінсіз онымен күресу мүмкін емес, оны Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде нығайта түсу қажет.
Министр біздің еліміздің есірткіге қарсы пәрменді күресін мәлімдеп өтті. Алайда ешбір ел бұл қатермен жеке-дара күресе алмайды. Тек бірлескен күш-жігермен БҰҰ ресурстарын тарта отырып қолға алғанда ғана бұл әрекет тиімді болуы мүмкін. Міне, сондықтан да Қазақстан орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіруші орталық құру туралы БҰҰ идеясын бірден қолдады.
Қ.Тоқаев Бас Ассамблеяның көші-қон және даму жөніндегі жалпы отырысы қазіргі заманның осындай зор мәселелеріне мүдделі тараптар арасында диалог құруға септігін тигізгенін мәлімдеді. Қазақстан көші-қонмен бетпе-бет кездесіп отырған ел ретінде заңсыз және еңбек миграциясы мәселелерін шешуге белсенді қатысуға даяр.
Өз баяндамасын тұжырымдай келе, Сыртқы істер министрі тәуелсіздік жылдары құрылымдық реформалар біздің елімізді толығымен қайта түлеткенін атап өтті. Қазір Қазақстан әлемнің серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі, өзінің алдына сапалы дамуды көздейтін жоғары міндеттер белгілеп отыр. Үкіметке Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосуды қамтамасыз ету міндеті қой­ылған. Оған қол жеткізу үшін барлық негізгі даму институттары құрылды.
Қазақстан басшылығы демократиялық үдерістерді дамытуға, азаматтық қоғам құруға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға терең назар аударады. Мұндай саясат жүзден астам ұлт пен көптеген діни конфессиялар өкілдері тұрып жатқан ел үшін маңызды. Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезінде діндер арасында белсенді диалогқа шақыратын Декларация қабылданды.
Қазақстан ТМД төрағасы ретінде бұл ұйымның әлеуетін арттыру мақсатында оны реформалау жоспарын даярлады, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ шеңберінде белсенді жұмыс жүргізеді, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын қолдайды. Бұрынғы кеңестік елдер арасында көптеген көрсеткіштері бойынша алға шыға отырып, Қазақстан халықаралық бастамаларды іске асыру жауапкершілігін де ұдайы өзіне алып келеді. Тарихи қысқа мерзімде қалыптасу кезеңінен сенімді өте отырып және дамудың жаңа белесіне көтерілуімен еліміз халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша белсенді ұстанымда бола бермек және БҰҰ-ның маңызды шешімдерін жүзеге асыруда салмақты рөл атқаруға ниетті.
Осы күндері Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сесиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ-ның Бітімгершілік операциялар жөніндегі Бас хатшысының орынбасары Жан-Мари Гуэнномен болған кездесуде Қазақстанның әскери құрылымдарының бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі сөз болды.
БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Ибрагим Гамбаримен сұхбат барысында Орталық Азия аймағындағы жаңа сынақтар мен қатерлерге қарсы тұру, соның ішінде Ауғанстаннан есірткі тасымалдаумен күресу, аймақтық ынтымақтастықты күшейту, аймақта су-энергетикалық консорциумын құру, көші-қон үдерістерін реттеу мәселелері көтерілді. Орталық Азияда БҰҰ Алдын алу дипломатиясы мен Жанжалдарды болдырмау жөніндегі орталығын ашу мүмкіндігі туралы пікір алмасылды.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа бейбітшілікті нығайту, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қосқан жеке үлесіне ризашылық білдірді. Семей қаласында қол қойылған Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі шартқа үлкен баға беріп, мұның өзі таратпау режімі ісін нығайта түсеріне тоқталды. И.Гамбари Қазақстан халықаралық дипломатияның жаңа орталығына айналып келеді деп атап өтті, оның дәлелі ретінде соңғы екі жылда БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ мемлекеттері мәселелеріне арналған министрлік конференциясы, БҰҰ-ның Контртеррористік комитетінің көшпелі отырысы, АӨСШК саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діңдер лидерлерінің съезі сияқты ірі іс-шаралардың өткізілуін айтуға әбден болады. Қазақстан 2007 жылы БҰҰ ЭСКАТО-ның 63-сессиясы өтетін орын болмақ.
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастық мәселесі БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Анварул Чоудхури және ЮНИФЕМ атқарушы директоры Ноелин Хейзермен болған келіссөздердің тақырыбына өзек болды.
Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының Гватемала, Иордания, Индонезия, Ливия, Македония, Эстон


Скачать


zharar.kz