Кәсіпорынның инновациялық қызметі — бұл жаңа немесе ӨНІМІІІҢ жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияньң екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік;
• үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация — бұл жаңалыкты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен отандық және шетелдік практикада үқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нүсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастаганға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық ңызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда косылатындары:
• жаңалық идеяны өзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, онімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
• қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан откізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға багытталган үйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
• қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
• лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;
• инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейінің корсеткіштері
Нарықтық экономика жағдайыида инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде - жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.
Техникалық-үйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және оз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, үйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде ондірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады.
Жоғарыдағы аталган көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке корсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу іқажет. Жеке корсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және үйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына томендегі топтарга бірігеді:
• еңбек онімділігінің үстелуі, жүмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқуы;
• материалдық қайтарымның үстелуі (материалдық-жетсіну), материалдық ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
• негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі (қор сиымдылығының төмендеуі), негізгі ондіріетік қорлардың салыстырмалы ауытқуы;
• айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
• қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шыгару молшерінің үстелуі;
• пайданың немесе өнімнің өзіндік қүнының үетелуі;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жагдайының көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялык шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарга технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге оның бейімделу-үйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.