Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясына, іс – тәжірибесін атқарудың басты мақсаты – студенттерге эконом – географиялық білімдерін тереңдетіп экономикалық тұрғыдан ғылыми түрде алған білімдерін шыңдап іс – тәжірибе өтілетін аумақтан қажетті құжаттарды жинастырып, географиялық сауаттылығын, географиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік жасау. “Қазақстаның экономикалық және әлеуметтік географиясы”, “Өндірістік техникалық экономикалық негіздері”, “Қазақстанның физикалық географиясы пәнінен алған теориялық білімдері”, іс – тәжірибесін нақтылай отырып тереңдету.
Іс – тәжірибенің міндеті – Қазақстан Республикасындағы облыстардың аудандарындағы жергілікті өнеркәсіп комплекстерінің (ЖӨК) түрлері мен ауданының табиғат байлықтарын пайдалану жағдайы, табиғатты қорғау шараларымен танысу. Іс – тәжірибе өтілетін аудандардағы экономикалық географиясының сипаттамасын беріп географиялық, тарихи тұрғысынан зерттеу. Іс – тәжірибе жүргізгенде, студенттер кешенді картографиялық, жинақталған материялдарды өңдеу әдістерін қолдануы қажет.
Іс – тәжірибеге дайындықты ұйымдастыру.
Жетекшілердің студенттермен іс – тәжірибесінің өтілу барысын таныстыру. Техникалық қауіпсіздік құжаттарымен танысу. Студенттерге жеке – жеке жауапкершілікке алатын міндеттерін бөлу. Іс – тәжірибеге байланысты мәселелерді келісіммен шешу: іс – тәжірибесінің құжаттарын дайындау
рәсімі, ауданға қызмет хат жіберу, қаржылай көмек жағдайын қарастыру, жол билетін ұйымдастыру т. б.
Іс – тәжірибеге техникалық дайындық.
Оқу материялдарын қамту, әдістемелерінің құралдарын алу, ауданның осы жылдардағы мәліметтері мен Бұқаралық ақпарат Құралдарын пайдаланып дайындау.