СМЖ құжаттамаларын бөлімше бойынша жасап, бекітіп және әрекетке енгізген соң, және әрбір жұмысшының атқарушылығын анық етіп бөлу, ИСО бойынша оқытуларды жүргізу, аммоний перренаты өндірісінің бүкіл технологиялық схемасы сынау және бақылауларды жүргізу нұсқауы процедураларын сәйкес анықтаудан соң сапа бойынша жазбалар жүргізіліп және кәсіпорынның білікті мамандарымен жүргізілген ішкі аудиттер негізінде нақты өндіріс үшін СМЖ тиімділігі бойынша жетекшілік тарапынан келесі бағыттарда талдаулар жүргізіледі:
- технологиялық процесті аналитикалық бақылау жүргізу сапасы бойынша – Орталық аналитикалық зертхана бастығы;
- процесс параметрлерін және режимдерін сақтау бойынша – кәсіпорын бас металлургы;
- шикізатты алу және дайындау бойынша, технологиялық сынамалар алу, КИ негізінде процестің соңғы өнімдерін алу бойынша – ӨТБ бастығы;
- технологиялық процесті метрологиялық бақылау сапасы, жөндеу мерзімі, бақылау - өлшеу приборларын тексеру бойынша – кәсіпорынның бас метрологы;
- жоспарлы – ескертуші жөндеулерді жүргізуь тсапасы бойынша – корпорацияның бас механигі;
- бөлімшенің персоналының кәсіби дайындығы, оқытылуы, біліктілігін жоғарылату сапасы бойынша – кәсіпорынның УК кадрларды комплектілеу және дайындау бөлімі бастығы;
Жүргізілген ішкі аудиттер негізінде кәсіпорын жетекшілігіне есеп берулер құрастырылады, олар кәсіпорынның Техникалық Кеңесінде қаралып және барлық жоғарыда аталған процестерді жақсарту бойынша түзетуші және ескертуші әрекеттер қабылданады.
Ескертуші және жөнге келтіруші әрекеттер
Сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігін жақсарту үшін ескертуші және жөнге келтіруші әрекеттерді қабылдау жолымен потенциальды немесе айқындалған сәйкес еместіктер себептерін жоюдың тәртібін анықтап бекіту қажет.
Сәйкес еместік – бұл талаптарды орындамау.
Ақау – шамаланған немесе анықталған пайдаланумен байланысты талаптардың орындалмауы.
Ескертуші әрекеттер – потенциалды сәйкес еместіктер немесе басқа потенциалды жөн емес жағдайлардың себептерін аластату үшін қабылданған әрекеттер.
Жөнге келтіруші әрекеттер – айқындалған сәйкес еместікті немесе басқа жөнсіз жағдайлардың себептерін аластату үшін қабылданған әрекеттер.
АҚ «ӨК «Южполиметалл» кәсіпорынында ескертуші және жөнге келтіруші әрекеттердің процестерін басқару бойынша 2 құжаттамаланған процедура жасалынған. Осы ҚП негізінде әрбір құрылымдық бөлімше өзінің жұмыстарында немесе өндірілетін өнімнің сапасында сәйкес еместіктері байқалған жағдайларда қабылдайтын Ескертуші және жөнге келтіруші әрекеттер жоспарын жасап бекітеді.
Төмен әрбір құрылымдық бөлімше үшін жасалатын ескертуші және жөнге келтіруші әрекеттерді жасау, бекіту мысалы келтірілген.