Қазір Алматы ауасының ластану деңгейі өте жоғары (АЛИ – 13,1) болып отыр. Тұрақты жылу көздері, соның ішінде АПК – ға қарасты ЖЭС – 1 8253 тонна зиянды зат бөліп шығарады. Бөлінген заттар ауада химиялық реакцияға түсіп , бұрынғыдан да қауіпті жаңа қосылыстар түзеді. Егер ауа азотпен , күкірт тотықтарымен ластанса, адамның тыныс алу жүйелеріне, көздің қабықшасына әсер етеді, өкпе ауруына ұшыратады. Өсімдіктердің жапырақтарында жүретін фотосинтезді тежейді. Ал , көміртегі тотығы қанның құрамын бұзады және жүйелеріне зиянды әсер етеді , қан арқылы оттегінің ағзаға тарауына бөгет жасайды.
Алматы қаласы үлкен шұңқырда орналасқандықтан, ауаның алмасуы – сирек құбылыс. Өндірістің шығаратын газ тәріздес лас заттарын бөлу немесе олардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі химиялық немесе физикалық әдістерді пайдалануға болады. Органикалық отындардың ішінде ауаны көп ластайтыны – тас көмір, ал , газды пайдаланғанда , ауа ластанбайды. Сондықтан , отынның таза түрін , табиғи және жасанды газды , электр энергиясын, биогазды пайдаланған жөн. Қаладағы және қаланың айналасындағы тас көмірмен жағылатын өндіріс орындары мен тұрақты жылу жүйелерін , мекемелер мен шағын кісіпорындарды жаппай табиғи газға көшіру керек. Брлық жеңіл , жүк және жолаушы таситын көліктерді де газға көшірген тиімді . Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанар – жағармай стансаларын жауып, олардың орнына газ стансаларын орнату қажет.
Тағы бір айта кететін жайт , қала мен қала сыртындағы жайма базарлардың айналасы лас қоқысқа , әртүрлі тұрмыстық қалдықтарға толы. Осылай ауаның ластануына жол бермес үшін , әр жер - әр жерде шашылып жатқан қоқысты жинап , оларды өңдеп , пайдаға асыру керек. Ол үшін шет мемлекеттердің жобасымен қоқыс өдейтін зауыт салсақ ұтылмаймыз.
Қаланың ауасы таза ма ? Ғаламдық экологиялық апатты аймақтарды екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - әлемдік экологияны улап жатқан Арал теңізі мен Балқаш көлі сияқты аймақтық табиғи апатты жерлер. Екінші - өркениеттің тірегі болып отырған қалалардағы зиянды қалдықтардың адамзатқа әкелген қасіреті.
Қала біткеннің барлығы қара жамылып отырған жоқ , әрине . Ал , сонда үлкен қалалар экологиялық мәселелерін қалай шешіп жатыр ? 20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико , 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай , 10-15 миллионның аралығында халқы бар Нью-Йорк , Лос-Анжелес , Лондон , Ыстамбұл , Токио мен Мәскеу сияқты қалалар тағы бар . Олардың қасында аядай Алматының экологиясын айту күлкілі көрінетіндей . Бірақ , бізде күлуге шама жоқ . Керісінше , Алматыға қарағанда әлемнің үлкен қалаларының ауасы таза сияқты. Солай көрінгенмен , бұл қалалардың қоқысы қора айналып кеткен жоқ.
Мәселен , 90 – жылдардың ортасында Шанхайдың ортасынан ағып жатқан Сучжоу өзені «өлі» өзенге айналып, осы қаланың басшысы өзенді «Шанхайдың соры» деп атаған екен . Қалалықтар қоршаған ортаны күн сайын 10 мың тонналық қоқысқа көмсе , 700-ге тарта өндірістік кәсіпорынның қалдықтарыы Шанхайдың экологиясын нашарлатып – ақ жіберіпті. Қытайлар қарап жата ма?! Шанхайды әлемдегі ең таза қалалардың біріне айналдыруды мақсат етіп , дереу көгалдандыруға кіріскен. Мамандар келтірген дәйектерге жүгінсек , жасыл – желек қала аумағының 35 пайызын алып жатыр. Демек , 17 миллион қала тұрғынының әрбіріне 9,2 шаршы метрлік көгалдандырылған лаңқай тиеді деген сөз.
Өткен екі жылда қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатындағы шараларға 1,5 миллиард доллар бөлінген. Былтыр қаланы ішкі жалпы өнімнің 3 пайызы қоршағн ортаны қорғауға жұмсалған. 40 мың такси мен 3 мың автобусты жанар – жағармайдан газға көшірген. Қоршаған ортаға зиянын тигізген кәсіпорын болсын , адам болсын , оларға қала басшылығының үкімі ауыр. 60 мың долларға дейін айып салып , керек десеңіз, түрмеге де жабады. Айтпақшы , осындай шаралардың арқасында қытайдың қаржы орталығында – Шанхайды «Қала – ұлттық бақша» белгісіне лайық деп тапқан . Демек , Қытай қалаларының арасында экологиялық мәселелерді шешу жөнінен бәсекелестік туды деген сөз. Егер Қазақстан қалаларының арасында осындай «көкпардың» лағын тастаса, Алматы , Өскемен , Қарағанды сияқты экологиялық қасіретке қанық қалалардың басшылығы мәселенің мәнісін ертерек түсінер еді .
Әлемдегі таза қалалардың қатарына Еуропаның қалаларын қосуға болады. Еуроодақтың экология жөніндегі талаптарыбар, халықаралық экологиялық ұйымдардың талаптары бар, Еуропа қалаларын баққа айналдырып жатыр десек, артық емес. Оның үстіне, қала әкімшіліктері қала тұрғындарының өтініштерін жерде қалдырмайды екен. Мәселен , Германиядғы Майн өзенінің жағасында орналасқан Франкрут қаласының ауасы тазалығы жағынан тау ауасымен қатарлас. Онда экологиялық көшелер бар. Кәдімгі тас көшені қопарып тастап, тал отырғызып, гүл егіп , үлкеналлеяға айналдырғн. Қалалықтардың талабымен тағы да бірнеше көше «экологиялық көшеге» айналу үстінде.
Әйтпесе , ауасы жұпар тартқан қалалар көлемі жағынан Алматыны «алты» орап алады . Бірақ , Алматының ауасы неге сонша лас ? Дүниеге келіп жатқан сәбилер арасында кемтарлық дерті неге көп? Себебі , қалда экологиялық талаптар сақталмаған. Көшелер тар болғандықтан , таза ауа массасы өте алмайды . Бұл – бір. Екіншіден , қай қаланы алсаңыз да , ортасынан арқырап өзен ағып жатады немесе мұхит , теңіздің жағасында орналасқан. Ал , Алматы ше ?
Үлкен Алматы өзені Есентай өзенінен таза судың аққанын әлі күнге дейін көз көрмепті. Өте лас. Құмы аузы мұрнынан шығып , бетінде бес қарыс болып қоқыс қалқып жүреді. Алатау Алматыны қалқалап, ауа ағынына тосқауыл болады. Ауада қалқып жүрген қалдықтар еш жаққа кетпей , қалалықтардың өкпесіне «тығылады». Алматылықтардың басым көпшілігі қоғамдық көліктерді пайдаланады. Мәселен , Америкадағы 1-2 миллион халқы бар қалаларда қоғамдық көліктер жоқтың қасы екен. Әр адамның жеке көлігі бар . Түптің – түбіне біздің қалалар да сондай жағдайға жетсе , не болмақ ? Қазірдің өзінде ауасы адамды шаршататын Алматының жайы осындай. Үшіншіден , кез келген қаланың сыртын жасыл желек белдеу орап жатады. Бүкіл қаланы оттегімен қамтамасыз ететін де осы ағаштар. Қала экологиясының жанашыры болып тұрған мұндай көріністер Алматыда әзірше жоқ.
Иә , бүгінде қаладағы экологиялық нашарлығы сонша , сау адамның ауру тауып алуы ғажап емес . Тіпті кейінгі жылдары мұнда да ядролық сынақ аймақтары секілді патологиялық ауытқулармен дүниеге келген сәбилер саны жиілей түскен екен . Сондықтан маман - дәрігерлер пікірі , халқы күннен – күнге артып отырған Алматы қаласына « Экологиялық қауіпті аймақ » статусын беру керек дегенге саяды .
Енді аяндай басып ауыз су мәселесіне келейік . Бүгінде Алматының ауыз су мәселесі баршаны алаңддатуда . Кез – келген шүмекті ашып кеп жіберсеңіз , біраз уақыт тат су мен немесе аппақ хлор ағады . Хлорын тұндырып немесе фильтр арқылы ғана пайдалануға мәжбүр боласың . Адам организміне тікелей әсер ететін осы процеске әлі күнге жөнді көңіл бөлінбей отыр . Бұл әсіресе « Тассай » сынды таза суды саудалау басталған уақыттан бастап тіпті ұмытыла бастағандай . Ал бүгінде « Тассайды » тастай қылып суытып қойып , сораптап ұрттап отыруға екінің бірінің шамасы келмейтіні анық .
Бүгінде қалада не көп ? Қоқыс аралап тіміскеленген ит пен мысық көп . Адамдар арасында ойқастап жүрген олардың ауру таратпасына кім кепіл ? Бетін ары қылсын дейік , құтырған біреу емес , бірнеше кісіні қауып алған соң не істемекпіз ?
Ал кейде қалың шөпті арықтар мен күл - қоқыс төгетін жерлерде , үйдің ылғалды астыңғы қабаттарында егеуқұйрық көбейді . Ондай кезде олар жейтін тамақ – самақ қалдықтарының болғанына да « шүкір » дейсің . Әйтпесе адам жеуден де тайынбайтындай .
Соңғы он бес – жиырма жылда бір кездегі сұлу қала азып – тоза бастады . Ең алдымен жасыл желегі оталып, олардың орындарына ресторандар казинолар , автозаправкалар , кафелер басты . Бүкіл әлемді апорт алмасымен тамсандырып отырған «Горный гигант» совхозының жері ту – талапайға түсті . Кейін жекешелендіру басталғанда ол жерлердің бәріне коттедждер салынған .
Ал осы тау баурайындағы биіктігі ишанмен таласқан биік офистер мен үйлер , сәнді котедждер мен особняктар күні – түні ауаны , суды былғап жатыр . Осыдан келіп қалаға келер ауа тарылған үстіне тарылуда .
Жоғарыда аталған кез - келгеніміздің денемізді тітіркентіп , ауыр ойға жіберетін мәселелерге мен төмендегіше ой қорытулармен толықтырамын . Ең алдымен , талай адамның денсаулығына кері әсер етіп отырған қаламыздың атмосферасына , одан соң осы экологиялық мәселелерді шешуге атқарыл