Қазақстан Республикасының Заңы жайлы

Скачать

Осы Заң Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілетін қызметтің , процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу- аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілірінің белгілінген талаптарға сәкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы екенін ресми танитын рәсім;
2) аккредиттеу аттестаты-сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында жұмыс жүргізу ережелеріне сәйкес берілетін, сәккстікті растау жөніндегі органның және (немесе) сынақ зертханаларының(орталықтарының) белгілі бір салада белгіленген талаптарға сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
3) аудит( сәйкестікті растау саласындағы) – сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және сынақ знрт/ң қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау , сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілген қыметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;
4)өнімнің, көрсетілген қызметтің жән прцестердің қауіпсіздігі(бұдан әрі- қауіпсіздік)- қауіпті фактордың іске асу ықттималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің үйлесімін ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;
5) үйлестірілген стандарт- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;
6) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі- өз құзыреті шегінде тнхниекалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы;
7) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші- техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтпрының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат;
8) мемлекеттік стандарт- уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың көпшілігі қло жеткізе алатын стандарт;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттың және мемлекеттік органдардың өз құзыреттері шегінде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;
10) сйкестік туралы декларация- дайындаушы(орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
11) сәйкестікті ерікті растау- дайындаушының немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
12)өнімнің өмірлік циклі- өнімді жобалау, өндіру , пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және жою процестері;
13) мүдделі тараптар- қөызметі техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;
14)өтінім беруші- сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілген қызметті, процестерді ұсынған жек немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке)сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар;
15)сәйкестік белгісі-өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;
16) өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру- белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша бірмағыналы тануды қамтамасыз ететін рәсім;
17) дайындаушы(орындаушы)- өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе заңды тұлғалар;
18) инспекциялық тексеру- сертификатталған өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;
19) сынақ зертханасы(орталығы)-өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы;
20)халықаралық стандарт- стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынущылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
21)ұлттық стандарт- шет мемлекттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
22) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат- стандарттау жөніндегі нормативтік құжат- стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принцптерді белгілейтін құжат;
23) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық акт- осы Заңға және «Нормативтік құқұықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдаған, техникалық реттеу саласындағы құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысанадағы жазбаша ресми құжат;
24)аккредиттеу саласы- сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдарға және сәйкестікті растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бекітіліп берілген объектілердің тізбесі;
25) міндетті сертификаттау- сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны;
26) сәйкестікті міндеті растау - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқұықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
27) сәйкестік растау жөніндегі орган-сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
28)негізге алынатын стандарт- қолдану саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;
29) сәйкестікті растау- нәтижесі объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру(сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;
30) беруші-өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
31) өнім- прцестің немсе қызметтің нәтижесі;
32)процесс-өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
33) стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым – географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым.
34) өңірлік стандарт – стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
35)мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды есепке алу құжаты;
36) қауіп-қатер- зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға,оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы;
37)сәйкестік сертификаты-өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;
38)сертификаттау-сәйкестік растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;
39)стандарт-уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген,көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелеріне, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;
40)ұйым стандарты- ұйым бекіткен стандарт;
41)стандарттау-нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілген қызметке және прцестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізугн бағытталған қызмет;
42) сәйкестік растау схемасы- объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін(сынау,өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;
43)техникалық кедергі- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі;
44)стандарттау жөніндегі техникалық комитет- бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңнсші орган;
45)техникалық сарапшы-сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;
46)техникалық реттеу-сантарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестігі растау, аккредиттеу және белгілнген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда өнімге, көрсетілетін қызметке, прцестерге қойылатын міндеттіжәне
ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу;
47) уәкілетті орган-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестікті растау мен аккредиттеу мәселелері ббойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге уәкілетті мемлекеттік орган;
48) көрсетілетін қызмет- беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары;
49) сәйкестікті растау нысанасы- нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қалатын іс- қимылдардың жиынтығы;
50) сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор- уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;
2-бап.Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы
1.Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2.Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелерд белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Осы Заң өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне( бұдан әрі-процкстер) қойылатын міндетті және рікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
2.Өнім, көрсетілетін қызмет, прцестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.
3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылды.
4-бап. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принцптері
1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1)өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі
мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3)өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстырытын іс-әрекеттердің алдын алу;
4)саудадағы техникалық кедерілерді жлю;
5) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
2.Техникалық реттеу:
1)мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
2)біріңғай терминологияны, өнімге көрсетілетін қызметтке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану;
3)техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімді болуы, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;
4)отандық және импортталатын өнімге көрсетілетін қызметке және оларды белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы;
5)техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын басым пайдалануы;
6)техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы оның материалдық-техникалық базасы деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі;
7)мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және олар туралы оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігі;
8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерікті түрде таңдау;
9) сәйкестікті растаудың біріңғай жүйесі мен ережелері;
10)бір органның аккретиттеу және сәйкестігі растау жөніндегі өкілеттіліктерді қоса атқаруын болдырмау;
11)бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;
12)сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан(орындаушылардан),сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіздігі;
13)сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестіктің шектелуін болдырмау принциптеріне негізделеді.
5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы
Мемлекеттік технгикалық реттеу жүйесінің құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы(бұдан әрі-Ақпарат орталығы) ;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8)сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы- аудиторлар;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне мыналыр жатады:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) мемлекетік техникалық реттеу жүйесін құру;
3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту;
5) қорғану технологияларын қолдану ережелерін және міндетті қорғалуға жаттатын құжаттар мен объектілер тізбесін бекіту;
6) техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийін құру және жүргізу ережелерін бекіту;
7) өнімнің, көрсетілетін қызметін, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдесі үшін консультациялық – қңесші органдар құру;
8) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдау, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, олардың күшін жою;
9) сәйкстікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды акредиттеу тәртібін белгілеу;
10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Рспубликасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқару.
7 – бап. Уәкілетті органың құзыреті
Уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды:
Техникалық реттеу саласында:
1) мемлекетік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысады;
2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, және заңды тұлғалардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлейді және олардың орындалуын үйлестіреді;
5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтік құқықтық актілердің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармғында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комиттермен, жеке және занды тұлғалармен техникалық реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
7) стандарттау, сәйкестікті растау және акредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді, халықаралық және өңірлік стандартау, сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады;
8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімін жұргізуді ұйымдастырады;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандартардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
10) Ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) сәйкестікті растау, стандартау, акредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;
12) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенакредиттеу атестатын береді, оның қолданылуын алты айға дейінгі мрзімге тоқтата тұрады, өткізу сатысында өнімге, көрсетілетін қызметкек қатысты техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзған жеке заңды тұлғаларды жауапкершілікке тартады.
Акредиттеу атестатының қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылмаған жағдайда немесе акредиттеу атестатының қолданылумерзімі іщінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар қайталап бұзылғаны анықталған жағдайда акредитеу атестатының күші уәкілетті органның ұсынысы бойынша сот қана жоя алады.
Стандарттау саласында:
1) мемлекеттік стандарттарды және техникалық- экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің ,келісудің, есепке алудың, бекітудің, сраптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді;
2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен үйлестірілген стандарттарды таодау және әзірлеуді ұйымдастырады;
3) халықаралық,өңірлік және ұлттық стандарттарды шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін,стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік,халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;
5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді;
6) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.
Сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында:
1) мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен жұмыстарды жүргізудің ережелерін белгілейді;
2) заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асырады;
3) сәйкестік сертификатының, сәйкестік туралы декларацияның және аккредиттеу аттестатының нысаналарын белгілейді;
4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің ережелерін әзірлейді;
5) шағымдарды(апеляцияларды) қарау үшін апеляциялық комиссия құрады;
6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің талаптарына сай болмаса, олардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды;
7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салыстырмалар) бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды:
8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзіреті
Мемлекеттік органдар өз құзіреті шегінде техникалық реттеу саласында:
1) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды;
2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және толықтырулар әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды бір ізге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгізуді;
3) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
4) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, мемлекеттік органдардың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сарапшылық кеңестер құруды;
5) өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды;
7) стандарттау мен өзге де құжаттарды әзірлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестіру жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды дайындауды және іске асыруды;
8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестігі міндетті расталуға тиісті өнім, көрсетілетін қызмет жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
9-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер
1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу
саласындағы номативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттік органдардың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін құрылады.
2.Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердің құрамын және олар туралы ережені мемлекеттік органдар бекітеді.
Сарапшылық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және басқа да мүдделі талаптардың өкілдері кіреді.


Скачать


zharar.kz