Маркентинг пинциптері мен қызмет түрлері

Скачать

Маркентинг шаруащылықты іскерлікпен басқару барысында ғылыми-техника жетістіктеріне сүйене отырып, өндіріс пен тұтыну салаларын халық мүддесіне сай бағыттау жолында елеулі қызмет атқарады.
Маркетинг атқаратын қызмет түрлері мынадай.
1) нарықты кешенді зерттеу;
2) кәсіпорынның өндірістік, тауар өткізу мүмкіндіктерін талдау;
3) маркетингтік стратегияға сүйене отырып неғұрлым айқын бағыдарлама жасау;
4) тауар,
5) баға,
6) тауар өткізу,
7) коммуникациялық саясаттарды жүзеге асыру;
8) маркетингтік қызметтің нобайфн белгілеу;
9) маткетингтік әрекетті бақылау және оған баға беру.
Бұл аталған қызмет түрлерін пайдалы өндіріс пен сұранысты өз дәрежесінде қанағаттандыру проблемаларымен байланыстыра отырып зерттеу маркетинг жүйесінің жұмысын жандандыра түседі.
Ал кәсіпорынның (фирманың) өндірістік, тауар сату мүмкіндіктерін талдай отырып, нарықтың коньюнктурасы мен сыйымдылығын анықтау, сол арқылы өндіріс орнының келешегіне сәйкес нарық сегментін таңдау маркетингтік жұмыс жүргудің маңызды бір тармағы болып табылады.
Тауар, баға тауар сату және коммуникациялық саясат маркетингтік бағдарламаның арнаулы тараулары ретінде қарастырылады. Мұнда көзделген бірқатар нақтылы шаралардың жүзеге асырылуы - кәсіпорындардың бәсекелік төзімділігін нығайтуға септігін тигізеді.
Маркетинг ісін ұйымдастыру саласында ең әуелі белгілі бір кәсіпорын құрамында жұмыс атқаратын ұйымдарр немесе бөлімдер құру мәселесі, олардың міндеттері айқындалады.
Маркетингтік бақылау қызметі оған қарасты кәсіпорын бағдарламасының орындалуы, өндіріс-тауар өткізу жұмыстарының тиімділігі мен олардың экономикалық тұрғыдан қайтарымдылығы, өндірілетін тауар сапасының жақсаруы және маркетинг жұмысшысының ұтымдылығы ауқымында жүргізіледі.
Сонымен, маркетинг құны оны жүзеге асыруға жұмсалатын еңбектің көлемі мен сапасыеа қарай анықталады. Маркетинг қызметі тікелей тауарға жатпайды, бірақ ол қызмет көрсету саласына джақындағанмен ерекшеленеді. Бұған қоса, маркетинг белгілі бір мекемеге қызмет еткен күннің өзінде, оны қолдану барысында жұмсалған шығынды болжаммен ғана білуге болады. Ал одан келетін кіріс те нақты белгісіз, яғни бұл жағынан маркетинг жарнамалық қызметке көбірек ұқсайды, өйткені тауар сатудың иолаюы, өндірістің дамуы жоғарыда аталған екі жаққа да бірдей қатысты болуы мүмкін.
Маркетинг: ішкі, экспорттық, импорттық, ғылыми-техникалық, тікелей инвестициялық, коммерцияға жатпайтын жүенің маркетингі тәрізді бірнеше салаға бөлінеді. Олардың жалпы тәсілдері мен жүйелерінің ерекшеліктеріне байланысты әрқайсысының міндеттері, атқаратын қызметтері де өзгеше болып келеді.
Маркетинг қызметінің аса жауапты әрі сенімді принциптерінің бірі - тауар өндіру мен сату әрекеттерін, сонымен қатар, тауарға тән қасиеттерді тұтынушылардың өзгермелі де өскелең талап-тілектеріне бейімді тұтынушылардың өзгермелі де өскелең талап-тілектеріне бейімдеп отыру. Және бұ принцип қана емес өндіріс-тауар өткізу жүйесінің тұрақты міндеті десе де болады. Шынтуайтына келгенде, өндірістің, тауар сатудың және басқа да оны ұйымдастыру тұрғысындағы әрекеттердің барлығының да тағдыры сол тауарды тұтынушылардың ойынан шығарумен соларға қалтқысыз қызмет көрсетуге байланысты. Міне, тап осы әрекет-ұтылыстардың оңды жүзеге асуына орай, өндірушілер ақырғы мақсатына, яғни мол табыс алуға қол жеткізетін болады.
Соңғы жылдары демография мен технологиялық даму аралығында салыстырмалы жағдай соңғысының пайдасына шешулуде. Сондықтан да тауар өткізу тым күрделі проблемаға айналуда.
Сондай-ақ тауар сапасын жақсарту, оның жаңа үлгідегі түрлерін өндіру, жаңа технологияны өндіріске енгізумен бірге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру, инженерлік-конструкциялық жұмыстарда жаңа бағыттарға бет бұру тәрізді әрекеттер инновацияның негізгі бағдарламасы болып табылады. Бұған қоса инновациялық шараларға: нарық жағдайында жаңа үлгілер мен тәсілдерді қолдана білу, тауар өткізу мен жарнама әрекеттерін ынталандыру ісіне жаңалық енгізу, кәсіпорынды басқаруда жаңа қызмет түрлерін қарастыру т.б. жатады. Ал маркетинг бағдарламасына сүйене отырып жасалынған фирманың ішкі жоспары нарықтағы бәсекелестік күресті бәсеңдетуге туғызады.


Скачать


zharar.kz