« СӨЗДІКТЕР »
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Ақша – барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша
тауар.
Ақша бірлігі –барлйқ тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі
Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылғанн акциалардың белгілі бір санына бөлінген заңи тұлға, акциялардың саны олардың пайдадан өзінің үлесін (дивиденттер) алу құқығын куәландырады.
Акциздер – акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салықтардың түрі.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Облигация - оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы ( номиналдық құны ) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Овердрафт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несие.
Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірлігі.
Банкаралық несие – бұл комерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар нарығы (банктер, арнаулы несие институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің , мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдардың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Банкроттық – қаржылық күйреу, жұтау , жоспардың күйреуі.
Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқық беретін ақша немесе тауар құжаттары ; мүліктік құқықты куәландарыратын белгілі бір жазбалар мен басқада белгілердің жиынтығы. Бағалы қағадарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың заңнамалық актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы.
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Жай вексель – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель
Қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгіленген өзіндік номиналы бар құнының белгілері.
Қаржылық вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Коммерциялық банк – бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғаласы.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Депозит – бұл клиенттердің ( жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Дивиденттер – акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; заңи тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңи тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңи тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар.
Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді (өтімді активтерді) кепілге ала отырып , қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.
Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып берілетін несие.
Лизинг – бул лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналардыы, ЭЕМ , ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда- саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизинктік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзіаге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Чек – адымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзіінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Инвестициялар – лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңи тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланатын тіркелген активтерді ұлғайту.