Нарық жағдайында,маркетинг тауарларға салыстырмалы түрде тұрақты сұраным жасауға, бәсекеге төтеп беруге,пайда табуға мүмкіндік береді.Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің көптеген кәсіпорындары мен фирмалары лабораториялық зерттеулеге, конструкторлық жұмыстарға,өнімнің жаңа үлгісін жасауға,оны жетілдіруге,өндіріске дайындауға технологиялық жабдықтауға және шығаруды игеруге қанше ақша шығын жұмсаса, соншама соманы маркетингке жұмсайды екен.Америка мамандарының есептеуі бойынша АҚШ нарығында маркетингке жұмсалатын жиынтық шығын көптеген тауарлардың ақырғы бағасының 55-60 % құрайды.Шамамен осындай көрсеткіш Батыс Европа мен Жапония нарықтарына да тән болып отыр.
Қазіргі кезде, маркетингтігі өндірісі басқарудыңқалыптасқан қан жүйесіне өндіру тәсілі туралы екі көзқарас бар.
Біріншіден, маркетингті – кәсіпорындағы басқару процесін ұйымдастыратын жүйе деп қарау және оны жүйе түрінде бірден ендіру.
Екінші көзқарас – маркетингті бірте-бірте және әрбір элементі бойынша оған деген қажеттілікті түсіну барысына қарай өндіру.
Қазірде, қайсыбір кәсіпорындар шұғыл нәтиже мен қайтарым алу мақсатымен шетелдердің тәжірибелерін өз кәсіпорындарда дереу ендіруге тырысуда.Мұндай асығыстықтың пайдасынан зияны көп болуы мүмкін.Біздің елімізде, маркетингтің элементтерін пайдалануда кейбір талпыныстардың барын атап айту керек: сұранымды зерттеу, жарнама,тауар түрлерін және сапаның даму концепциясын жасау.Мысалы,1990жылы «Актюбрентген» өндірістік бірлестінінде маркетингтік қызметқұралды.Қазірде онда 4 адам жұмыс істейді.Бөлім бастығы маркетингтік зерттеулерді талдау,жоспарлау және өткізілетін шараларды бақылаумен айналысады.Қызметкерлердің біреуі дербес компьютерде маркетингтік мәселелер бойынша мәліметтер банкін жасайды, басқасы көрме ұйымдастыруға, үшіншісі жарнамаға маманданды.Бұрын завол өзінің өнімін қорлар бойынша бөлетін, ал нарықтық қатынастарға көшу өнімді өткізу қиындығын тұғызды.Бұл маркетинг қызметін құруды жеделдетті.Бөлімнің мамандары барлық республикалық «Медтехника» бірлестіктермен, облыстық денсаулық сақтау бөлімдермен,көптеген аурухана және емханалармен байланыс жасады.Олар туралы ақпарды компьютерлік банк мәліметіне еңгізді.Зерттеудің нәтижесін талдау барысында, олар тек қана облыстық денсаулық сақтау бөлімдерімен байланыс жасау, бұл саладағы нақты жағдайды көрсетпейтін анықтады.Көптеген емханалар, әсіресе медсанбөлімшелер рентген аппараттарына мұқтаж және сатып алатын мүмкіндіктері болғанмен,оны қорсыз сатып алуға болатынын білмеген болып шықты.
Біздің экономикада маркетингті өндіруге бірсыпыра жағдайлар қажет:
a) Елдің әлеуметтік –экономикалық дамуының деңгейі;
b) Нарықтық жағдайды қалыптастыру;
c) Маркетингті ендірудің ұйымдастыру шарттарының жүйесі;
d) Сатып алушылар нарығын құру
e) Нарық механизмнің даму деңгейі.
Маркетинг концепциясының негізгі мазмұнының – сатып алушылар нарығы жағдайындағы тауарларды өндіру мен өткізу құрайды.Сондықтан,маркетингті іс жүзінде жузеге асыру тұтынушылардың емес, сатушылардың алдында тұрған проблемаларды шешумен байланысты.
Тауарлар айырбасы арқылы сатып алушылардың тұтынуын қанағаттандыруға бағытталған көзқарастар жүйесі суретте көрсетілген концепция шеңберінде жузеге асырылуы мүмкін.(36 сурет)
Маркетингтің өндірістік ұйымдастыру, технологияны үнемі жетілдіру қажеттігіне деген сеніміне негізделген.Бұл концепция тауарға сұраным ұсынымнан артық немесе тауардың өзіндік құнын төмендету болған жағдайда тиімді болмақ.
Тауар концепциясы , кәсіпорын жоғары сапалы тауарларды ұсыну жолымен үлкен жетістікке жетеді деген ұйғарымнан шығады.Егер де өнім өндірушілер тауарлардың артындағы тұтынушылардың қажеттіктерін көрмейтін болса, бұндай концепцияны іс жүзінде жузеге асыру қиынға туседі.
Өткізу концепциясы өндірісте өнімдерді барынша көбірек өндіруді сосын барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып оларды нарықта сатуға ұмтылуды көздейді.
Нарықтық концепция кәсіпорынды, коммерциялық табысқа, нарықтың қажеттіктерін және оларды басқа бәсекелестіріне қарағанда тиімдірек тәсілмен қанағаттандыру арқылы жетуге болатынына көзін жеткізеді. Егер өткізу концепциясы тауарға бағдарланған болса, бұл концепция тұтынушыларды егжей –тегжейлі білуне негізделген . Бұл үшін өнім шығарушы кәсіпорын маркетингтік зерттеуді кешенді жүргізеді(тек қана сату кезеңінде емес).Басқаша айтқанда,өздерінің мақсатына жету үшін клиенттердің қажеттіктерін білумен және болжамдаумен айналысу қажет.