Қартпай Бержановтың педагогикалық көзқарасы

Скачать

Қартпай Бержановтың педагогикалық көзқарасы






Жоспар:
I.Кіріспе.
1. Қартпай Бержановтың өмірі.
II.Негізгі бөлім:
а)Қ.Бержановтың шығармашылығы.
ә)Шығармаларындағы көтерілген мәселелер.
III.Қорытынды:
Қ.Бержанов шығармаларының тәрбиелік мәні.























Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Бержанов Қазақстан педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз. Ол 1924 жылы Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында дүниеге келген. Ата-анадан ерте жетім қалған ол балалар үйінде тәрбиеленеді. Бержанов 1943 жылы орал қаласында орта мектеппен қоса, музыка мектебінің скрипка класын да үздік бітірелі.
Сол жылы Алматы қаласына келіп Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тарих факультетіне түседі. Оны 1947 жылы айрықша дипломмен бітіреді. Оқып жүріп қазақ орта мектебінде тарих пәнінен сабақ береді. 1947-51 жылдар арасында институтта педагогика кафедрасына аспирант және ассистент болады
Қ.Бержанов 1951жылы ірі ғалым Р.Г. Лашбергтің жетекшілігімен «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі тарихының» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ол диссертациясында «Совет үкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстан мұғалімдерінің әлеуметтік ағартушылық рөлі, олардың қызметінің ерекшелігі, мұғалім кадрларын дайындау жолы» туралы мәселелерді зерттейді.
Қартпай Бекенұлы ғылыми – зерттеу, ұстаздық жұмысымен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.
1957-1961 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының проректоры, әрі педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болады. 1961-1967ж. ҚазПИ-де оқытушы бола жүріп «Халық ағартудағы орыс – қазақ ынтымағы туралы» деген тақырыпқа докторлық диссертация қорғады. 1967-1976 жылдары аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттіе университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгеруші қызметін атқарады.
Қ.Биржанов ондаған монографиялық еңбектердің авторы. Олардың ішінде «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі», «халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы». «Педагогика тарихы», «Тәрбие мен білім берудің бірлігі», «Қазіргі педагогиканың актуалды мәселелері т.б.» ғылыми еңбектерін ерекше атауға болады. «Оқу-ағартудағы орыс-қазақ ынтымақтастығы» атты еңбегінде автор қазақ даласының тұңғыш ашылған қазақ мектептері мен Орынбор, Омбы қалаларында ашылған әскери шендегі офицерлерін сөз етеді. Қазақ халқын оқу ағарту ісіне шақырып, ғылыми еңбектор жазған, мәдени-әдеби мұраларды жинап бастыруға ерекше еңбек сіңірген Әбубәкір Дивеев, Е.Букин, Я.Лютень сияқты оқыған зиялылардың еңбектерінде арнайы тоқталып, ғылыми талдау жасаған. Ал «Тәрбие мен білім берудің бірлігі» деген еңбегінде тәрбие, білім беру, оқыту ұғымдарының бір-бірімен байланысы, мән-мағынасы жағынан теориялық тұрғыдан баяндайды. Автор жастарға білім беру ісін тәрбие ісімен тығыз байланыстыра жүргізуді қуаттап «Жастарға біліммен қарулана отыра, олар бұрынғы ұрпақтардың тарихи тәжірибесін меңгеруді, онсыз қоғамның дамуы болмақ емес. Білімді меңгеру үстінде адамның көзқарасы мен нанымдары қалыптасады. Тәрбие мен білім бірін-бірі толықтыратын және кеңіте түсетін бір процеcтің екі қанаты» деген қорытынды жасайды.
Қ. Бержановтың педагогика ғылымының дидактика, эстетика, этика саласында жазған еңбектері өзінің ғылыми деректемелерімен ұстаз қауымын сүйсіндірген еді. Ол өз шығармаларында адамгершілікке, имандылыққа шақырады.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ.Жарықбаев. С.Қалиев «Қазақ тәлім- тәрбиесі» 1995ж А.
2. Қ.Бержанов «Оқу-ағартудағы орыс-қазақ 6ж.ынтымағы» А.196


Скачать


zharar.kz