ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жалпы экономикалық сипаттамасы

Скачать

«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментің (бүдан әрі - «Департаментің) мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие, өз құзыретінің шегінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік, сауда және туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы коммерциялық емес мемлекеттік басқару органы болып табылады.
«Департаментінің облыс әкімиятының 2006 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен құрылған.
«Департаментің өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімиятының қаулыларына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімдеріне және өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Департаменттіңң құрылтайшысы Оңтүстік Қазақстан облысының экімияты болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 5 үй.
Департаменттің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Заңды мәртебесі
«Департаментің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады. "Департаменттің" дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары, өзінің атауы мемлекеттік және орыс тілінде жазылған мөрі, мөртаңбасы, бланкілері болады.
«Департаментң өз міндеттемелері бойынша билігіндегі ақшамен жауап береді. Департаменттің ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша жауапкершілік заңнамалармен белгіленген тәртіпте болады.
«Департаментң азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіріседі.
«Департаментің жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуі тиіс.
«Департаменттіңң шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға бекітілген сметаның шегінде болады.
«Департаменттің:
1) «Оңтүстік Қазақстан облысының индустрия және сауда департаментің;
2) «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқармасың мемлекеттік мекемелерінің құқықтық мұрагері болып табылады.
«Департаменттің қолданыстағы заңдарға сәйкес өз филиалдары мен өкілдектерін ашуға, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатысты уәкілетті орган болуға құқығы бар.
Осы Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды құрылтайшы енгізеді. Осы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.
Негізгі міндеттері
«Департаменттің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімиятының қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін және өкімдерін іске асыру және олардың орындалу барысын бақылау;
2) индустриялық-инновациялық даму стратегиясының орындалу барысын үйлестіру, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, сауда және туристік қызмет салаларында тұжырымдамалар, өңірлік бағдарламалар, негізгі бағыттар әзірлеу және жүзеге асыру;
3) өз құзыретінің шегінде өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті, сауда және туристік қызметті дамытудың салалық, өңірлік бағдарламалары аясында инвестициялық жобаларды несиелеуде ықпал көрсету;
4) өнеркәсіп пен кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді іске асыруға бағытталған шаралар әзірлеу және жүзеге асыру;
5) сауда қызметін дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру, оның ішінде белгіленген тәртіпте отандық өндірістің дамуына және оны қолдауға жағдай жасау;
6) туристік қызметті дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру, оның ішінде белгіленген тәртіпте туристік қызмет сапасын жоғарылату және оның инфрақұрылымын нығайту арқылы туризм индустриясының бәсекелестікке қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау;
7) өз құзыретінің шегінде жекелеген қызмет және қызмет көрсету түрлерін лицензиялау функцияларын іске асыру;
8) тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуының қысқа жэне орта мерзімдік кезеңге арналған стратегиялық жэне индикативтік бағдарламаларын әзірлеу;
9) өз құзыретінің шегінде облыстың аудандары мен қалаларының әкімдерімен бірлесіп, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, сауда және туризм салаларындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қызметін үйлестіру және өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;
10) қызмет көрсету, кәсіпкерлік, сауда және туристік қызмет саласын дамытушы, өнеркәсіп тауарларын, халық тұтыну тауарларын өндірумен және әзірлеумен шұғылданатын қауымдастықтардың, консорциумдардың, акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктерінің және басқа ұйымдардың қызметіне өз құзыретінің шегінде ықпал ету;
11) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, сауда, туризм, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің және базарлардың тұрақты қызмет етулеріне ықпал ету;
12) Қазақстан Республикасының, ТМД мемлекеттерінің таяу және қиыр шетелдердің деңгейінде заңмен белгіленген тәртіпте шаруашылық және ғылыми-техникалық байланыстар үшін қолайлы жағдай жасауға көмек көрсету;
13) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, сауда және туризм салаларына инвестициялар тартуға ықпал ету, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инновациялық жобалар тізіміне ұсыныстар енгізу, ішкі инвестициялық саясатты іске асыруға, сонымен бірге шетелдік инвестициялау процестеріне қатысу.
Функциялары
Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсіптік салаларының қызметін үйлестіру;
2) өнеркэсіп салалары кәсіпорындарының ғылыми даму ұйымдарымен және институттарымен өзара іс-әрекеттерін нығайту жөнінде іс-шаралар өткізу;
3) мемлекеттік, облыстық жэне салалық даму бағдарламалары шегінде жаңа технологиялық қүрылысты енгізу, өнеркәсіп саласындағы жаңа қайта өңдеуді игеру, ғылымды көп қажет ететін, ресурстарды үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар мен құрал-жабдықтарды жасау жөніндегі инновациялық процестерді жылдамдатуға көмек көрсету;
4) облыс өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін қолдану тиімділігін арттыру, бэсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруды көбейту шараларын дайындау және іске асыру;
5) жекелеген салалар және салалық кластерлерді дамытуға ықпал ету;
6) құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру, осы саланы дамытуға ықпал ету;
7) заң актілерімен берілген құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізу үшін берілген жер жэне су учаскелерін қорғауға, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауына, археологиялық ескерткіштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауына бақылау жасауды жүзеге асыру;
8) келісім шарт жасасу барысында облыс халқының элеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтауға байланысты мэселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен өтетін келіссөздерге қатысу;
9) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім шарттық міндеттемелерді қазақстандық мазмүны және облыс аумағын әлеуметтік дамыту бөлігінде орындауларына мониторинг жүргізуге қатысу;
10) келісім шартпен байланысты жолай қызмет үшін немесе жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу барысында келісім шарттық негізде сатып алу үшін қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылған тауарлар, жүмыстар мен қызметтердің мемлекеттік тізіміне енгізуге жататын жэне мемлекеттік жэне (немесе) халықаралық стандарттарға сэйкес тауар өндіруші, жүмыс пен қызмет көрсетуші облыста тіркелген үйымдар бойынша мэліметтер регистрін қүрастыруды жүзеге асыру;
11) кең тараған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру жэне бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісім шарттар жасасу, тіркеу жэне орындау жөніндегі материалдарды дайындау;
12) ғылыми, тарихи-мэдени жэне эстетикалық маңызы бар жер қойнауын пайдалануға байланысты объектілерді құру мен сақтауға ықпал ету;
13) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жататын, ерекше экологиялық, ғылыми, мэдени және басқа қүндылықтарға ие жер қойнауы учаскелерінің жэне жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық жэне гидрогеологиялық объектілерінің тізімін қүзыретті орталық атқарушы органдардың келісімімен бекіту үшін ұсыныстар дайындау жэне енгізу;
14) өз өкілеттігінің шегінде өңірлік инновациялық бағдарламалар дайындау жэне жүзеге асыру, оларды құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа қолдаумен қамтамасыз ету;
15) инновациялық қызметтің инновациялары мен мамандандырылған субъектілерін қүруға қатысу;
16) шағын кэсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын эзірлеу жэне жүзеге асыру жэне оларды қаржымен қамтамасыз ету;
17) өз құзыретінің шегінде жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен сапалы жүзеге асуын қамтамасыз ету жэне ол үшін жауапты болу;
18) шағын кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті қолдаудың өңірлік инфрақүрылымын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз ету;
19) шағын кэсіпкерлік саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды жэне олардың біліктілігін жоғарылатуды осы іс-шараларды заңнамамен белгіленген тәртіпте қаржыландырумен қамтамасыз ету арқылы үйымдастыру;
20) Қазақстан Республикасының шағын кэсіпкерлікті қолдауды жүзеге асырушы уәкілетті органына шағын кэсіпкерлік субъектілерінің қызметіне байланысты өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы есептерді және басқа ақпараттарды үсыну;
21) шағын кэсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғауға бағытталған қызметті атқаратын қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
22) мемлекеттік сауда жүргізуді қамтамасыз ету;
23) өз құзыретінің шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
24) тиісті аумақта сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар дайындау;
25) көрмелер мен жэрмеңкелер үйымдастыруды жүзеге асыру;
26) сауда, қоғамдық тамақтандыру кэсіпорындарының және базарлардың қызметін заңнамада белгіленген тэртіпте үйлестіру;
27) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес базарларға санаттар беру жөнінен ұсыныстар енгізу жэне оларды беру;
28) қызметтері эпизодтық сипаттағы жеке түлғалардан бір жолғы талон негізінде жекелеген табыс салығы бойынша жиналатын алымды заңнамамен белгіленген тәртіпте жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
29) халықты жұмыспен қамтуды молайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кэсіпкерлікті дамыту жэне қолдау;
30) туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және орындау;
31) жергілікті туристік ресурстарды қорғау бойынша шаралар эзірлеу жэне енгізу;
32) тиісті аумақтағы туристік қызмет рыногын талдау;
33) тиісті аумақта туризмнің дамуына талдау жасау жэне ол туралы қажетті мәліметтерді уэкілетті органға үсыну;
34) туристік қызметтер мен туризм объектілерін жарнамалау, туристік ақпараттар ұсыну;
35) туристік ақпараттық орталықтар құруға қатысу;
36) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын туристік қызмет саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау жэне олардың біліктілігін жоғарылатуға қатысу;
37) балалар мен жастарға арналған лагерлердің қызметіне жэрдем көрсету;
38) туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік жэне консультативтік көмек көрсету;
39) мынадай қызмет түрлері бойынша Лицензиар қызметін жүзеге асыру:
- облыс аумағында (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) лотерея үйымдастыру жэне өткізу;
- тотализаторлар, казино ұйымдастыру жэне өткізу;
- алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудамен сату;
- заңды тұлғалардың қара жэне түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы, сақтауы, өңдеуі және сатуы;
- турагенттік, туроператорлық, экскурсиялық қызмет және туризм инструкторының қызметтері.
40) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Құқықтары
Өзіне жүктелеген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, «Департаментң өз қүзыретінің шегінде мына тәмендегілерге қүқылы:
1) өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туристік жэне сауда қызметі салаларының даму басымдықтарының негізгі бағыттары бойынша облыс экіміне, Қазақстан Республикасының тиісті орталық атқарушы органдарына ұсыныстар
енгізуге;
2) «Департаменткең жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, кэсіпорындардан, мекемелерден және басқа ұйымдардан, облыс аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдарынан қажетті ақпараттар мен мэліметтер сұратуға жэне алуға;
3) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп өнеркәсіп жэне сауда кэсіпорындарын экономикалық сауықтыру шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуға;
4) кэсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеуге қатысуға;
5) инновациялық жобалар бойынша өнеркәсіп және кәсіпкерлік субъектілер бюджеттік несиелеуге ықпал көрсетуге жэне конкурстық іріктеуге қатысуға;
6) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік
бағдарламалары мен жоспарларын түзуге, сондай-ақ «Департаменттің құзыретіне жататын басқа да мэселелер бойынша облыс әкімиятының қаулы және облыс әкімінің шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу;
7) заңмен белгіленген тәртіпте және өз құзыретінің» шегінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік кәсіпорындары жұмысының, сауда жүйе туристік қызмет мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге, келісімдер мен басқа заң актілеріне қол қоюға;
8) салааралық сипаттағы мәселелерді облыстық деңгейде шешу үшін «Департаментің жанынан комиссия мен топтар ұйымдастыруға;
9) «Департаменттің құзыретіне жататын мәселелерді шешу жэне «Департаменттіңң алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмыстарды жақсарту жэне жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының мәжілістеріне енгізуге;
10) өз құзыретінің шегінде қолданыстағы заңнамаларға сэйкес заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
11) «Департаментің Қазақстан Республикасы заңнамасымен жэне осы Ережемен белгіленген басқа да қүқықтарды пайдаланады.
Басқару
1) «Департаментке басшылық жасауды Қазақстан Республикасы заңнамасына сэйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын директор жүзеге асырады.
«Департаментің директоры «Департаменттің атынан сенімхатсыз іс-эрекет жасайды.
2) «Департаментің директоры «Департаменттің жұмысына басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, «Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына жэне оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады;
3) «Департаментің директоры дара басшылық принципімен эрекет етеді жэне Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде белгіленген өз қүзыретіне сэйкес «Департаментң қызметінің мэселелерін дербес шешеді;
4) Осы мақсатта «Департаментің директоры:
1) өз орынбасарлары мен «Департаменттіңң құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін, өкілеттіктерін, «Департаментің жұмысының регламентін бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес «Департаментің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіпте «Департаментң қызметкерлеріне тэртіптік
жаза қолданады;
4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес «Департаменттіңң барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады жэне нүсқаулар береді;
5) штаттық кестені жэне тиісті кезеңге бекітілген қаражат шегінде шығындар сметасын бекітеді;
6) жылдық қаржылық есепті бекітеді;
7) «Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
8) барлық мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда «Департаменттіңң мүдделерін білдіреді;
9) «Департаменткең берілген мүліктің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасайды;
10) заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде «Департаментң мүлкіне
билік етеді;
11) «Департаментң атынан мәмілелер, шарттар жасасады, оның ішінде еңбек келісім шарттарын да, сотта талапкер жэне жауапкер болады, сенімхаттар береді, қызметкерлердің іссапарлары, іс-тэжірибе алмасу, қазақ жэне
шетелдік оқу орталықтарында оқыту жэне біліктілігін арттырудың басқа түрлері бойынша «Департаментң жұмысының тэртібін жэне жоспарын бекітеді;
12) заңдармен, осы Ережемен, облыс экімі жэне облыс экімияты жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
13) «Департаментің директоры «Департаменткең жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауап береді.
14) Директор болмаған жағдайда, оның орынбасарларының бірі тиісті бүйрыққа сэйкес оның міндеттерін орындайды.
"Департаменттің" мүлкі және оны қаржыландыру
1) «Департаментң мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қүрылады жэне негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны «Департаментің балансында көрсетілген өзге де мүліктен түрады.
2) «Департаментің мүлкі оған шүғыл басқару қүқығымен тиесілі болады жэне облыстың мемлекеттік коммуналдық меншігіне жатады.
3) «Департаменттің өзіне берілген мүлікті Құрылтайшының келісімінсіз өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей түрде билік етуге құқығы жоқ.


Скачать


zharar.kz