Оқушылардың білім деңгейін көтеру

Скачать

Сонау 1930 жылдың өзінде-ақ атақты жаушы, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов «Әуелі біз елді түзету үшін бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек, халық та, билік те оқуменен түзеледі. Сондықтан да балалардың қалай оқып, жастардың қалай тәрбиеленетіні бәрінен жоғары қойылатын деген болатын. Әдетте «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» — деген мақал бар. Сондықтан мектептердегі оқушылардың білім деңгейін жоғары деңгейге көтеру үшін мектептегі кадр мәселесіне үлкен мән беру керек.
Мен қазіргі заманғы Әрбір мұғалімде мынадай қасиеттердің болуын талап етер едім: «Кім жақсы білсе сол ғана жақсы оқыта алады», - деп Ю.А. Конаржевский айтқандай біріншіден, мұғалімнің өз пәні бойынша білім деңгейінің жоғары болуын, және оған сыбайлас жатқан пән аралық байланыс бар пәндер бойынша да білімді болуын, екіншіден, педагогикалық, психологиялық білім деңгейінің жоғары болуын, үшіншіден, қарым-қатынас іскерлігінің, хабарлау іскерлігінің, зерттеу іскерлігінің, ұйымдастыру іскерлігінің, сұрау іскерлігінің, бағалау іскерлігінің, өз мамандығының шебері болуын, сонымен бірге әрі іскер, өрі ізденгіш, әрі мәдениетгі, әрі парасатты, әрі зиялы, әрі әділ, әрі мейірімді, әрі қатал, әрі кеңпейіл, әрі адал, әрі тапқыр, әрі сезгіш, әрі белсенді, әрі төзімді, әрі көргенді, әрі көңілді, әрі ақылды, әрі мықты, әрі сыншыл, әрі табанды, әрі өткір, әрі қайырымды, әрі қарапайым, әрі пысық, әрі ұстамды, әрі еңбекқор болуын қалар едім.
Нақты нәтиже жасау үшін, пән бойынша білімінің тереңдігінен басқа, білімді беру тәсілдері қызметі туралы білімінің болуы, ең бастысы оларды биік деңгейде игере білуі қажет.
Міне қазіргі кезде мектептерде білімді беру әдістері жағынан кемшіліктер бар. Сондықтан мектептерде әдістемелік жұмыспен айналысатын мұғалімнің әдістемелік шеберлігін дамытып отыратын әдіскер, мұғалімдер болуы керек.
Мысалы мен қазіргі кезде Ф.Я. Вассерманның «Биоинформатика және синергетика» технологиясы бойынша жұмыс жүргізіп жатырмын. Бұған дейін В.Ф.Шаталовтың, С.Н. Лысенкованың, И.П. Волковтың, Монаховтың, Ю.А. Конаржевскийдің, Т.Ғалиевтың оқыту әдістерін оқып үйренгенмін және өз іс-тәжірибемде пайдаланамын.
Оқушылардың білім деңгейін көтеру жолдары қандай?
Біріншіден, сабақтарды модульмен, яғни, үлкен блоктармен, тараулармен, бірнеше тақырыптармен қоса түсіндіру оны дұрысырақ қорытуға, бұрынғы жеке-жеке ережелерді, тақырыптарды өзара логакалық байланыста танып білуге мүмкіндік береді. Оқушыларға үлкен жолдың бір бөлігін ғана емес, оны тұтастай көріп білуге мүмкіндік береді. Екіншіден, мұның нәтижесінде үнемделген уақыт резервінің көбеюі көптеген қосымша әдебиетгермен жұмыс ісгеуге жоғарғы оқу орнына түсушілерге арналған тест тапсырмаларын шешуге, мектепішілік, аудандық, облыстық олимпиада есептерін шешуге, химия есептері мен жаттығулары жинағында берілген.
«Химия в школе» — ғылыми-педагогикалық журналында жарияланған. Жоғарғы оқу орнына түсушілерге арналған есептер жинағы ж.т.б. да қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге мүмкінік туғызады. Мақсат біреу: Оқушылардың білім, білік дағдыларын, ойлау қабілетін дамыту, пәнді тереңдете жан-жақты оқыту, олимпиадаларға қатысу.
Әрбір сабақта оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруды көздеуі тиіс. «Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас» - деп К.Д.Ушинский айтқандай негізі мәселе оқушыларды сабаққа қызықтыра білуде, дарыңды және алғыр оқушылармен жеке жұмыстар жүргізуде. Олардың мүмкіндіктері жоғары, олардың тағдыры біздің қолымызда ғой. Олар таланттар. Талант дегеніміз А.М.Горький айтқандай «Жұмыс процесіне, білімге деген махаббат» шығар. Білімге деген осынау махаббатты, ізденіске деген осынау талпынушылықты, осынау әсемдік әлеміне деген ішкі қажепілдікті, мейлі ол химия болсын, математика болсын, философия түрінде бола ма бәрі бір бала жанына біздер екпегенде кім егеді?
Оқушыларды пәнге қызықтыру мәселесіне қайта оралатын болсақ қазіргі мектеп бағдарламасы психологтардың дәлелдеулері бойынша орташалар үшін жаралған. Сондықтан оқу материалын біз қолдан жасауымыз керек. Оқу бағдарламасы әлсіздер үшін тым қиын, тапсырмалар дайындалмаса, олардың дамуы тоқтайды, олар үшін бірнеше рет қайталай беру де қызық емес. Осылай деңгейлеп оқытудың нәтижелі болатындығын Ғ.Ғалиев пен Монахов та дәлелдеп отыр. Екіншіден, мұғалім дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін көбейтуге міндетті. Бір сарынды сабақ жүргізу оқушылардың сабаққа деген енжарлығын туғызады.
Осы кезде М.Жанпейісованың «Оқушыларды активтендірудің негізгі формасы — ойын» деген сөзін іске асыру керек. Бұл технологиясындағы топтық жарыс, қарлы кесек, брейнг-ринг, деңгейлік тапсырмалар ойыны ж.т.б. дәстүрден тыс сабақтарды жиі-жиі пайдалану керек. Міне ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушының жүрегінен жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабілетгі дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы: мұғалім оқушылардың өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесу керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білу керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің және жолдастарының, мектептің, қоғамының алдындағы жауапкершілікті — адамгершілік қадір — қасиетті сезінуге тәрбиелеуіміз керек. Ал оның жауапкершілік өлшемі мұғалімге жүктеледі. Біз мұны ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайтын болайық:
Қазақстанның болашақ қайраткерлерін оқытып тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңіз табысты болсын.


Скачать


zharar.kz