Қазақстандағы экожүйелер

Скачать

Орман дала.
Қоңыржай белдеудегі орманды дала экологиялық жүйе Батыс Еуропаның көпшілік жерін,Шығыс Еуропа жазығын,Орал,Батыс Сібір, Орта Сібір таулы үстірттерін, Қиыр Шығыс алқабын алып жатыр.
Қазақстан жерінде орманды дала экологиялық жүйесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау облыстарының Солтүстік аудандары кіреді.Басқаша айтқанда жалпы сырт қыратының солтүстігі осы жүйеге жатады. Ол Республика териториясының 7 пайызын алып жатыр.
Ормандарда бұлан,елік,сусар, ақ тиін,құстар, ашық далада атжалман, саршұнақ,сиыр,қоян,безгілдек,түлкі,қасқыр т.б.
Орманды дала қойнауы,темір рудасына,мұнайға, фосфорға құрылыс материалдарын шығаратын шикізат қорларына өте бай.
Дала – ормансыз негізінен жазық,жайылым өңірі. Бұл экологиялық жүйеге Қазақстан териториясында Каспий маңы ойпатынан Алтай тауларына дейінгі 2200 км – ге созылған үлкен алқар кіреді. Республика жүйесіне 20 % далалық экологиялық жүйеге жатады. Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстары, Ақтөбе облыстарының шығысының, Қостанай облысының оңтүстігі, Семей облысының солтүстігі рудалары осы жүйеге кіреді. Климаты қуаң және құрғақ,жауын – шашын орта мөлшері 220 – 310 мм. шамасында, жылы күндер саны 135 – 170, қуаңшылық жылдар солтүстікте 2-3 жылда,оңтүстікте 1-2 жылда қайталанып отырады.
Топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай кәдімгі қаратопырақтан,қара қызыл қоңыр, қызыл қоңыр топырақ түрлене ауысып отырады.
Оңтүстік бөлігінде төбешіктер, аласа таулар, кездеседі. Қазақ даласында ерекше шөп,бетеге ойпаттау келген ылғалды жерлерде жоңышқа, бидайық, сор жерде ақ жусан, қара жусан,ақбас сортаң шөптер өседі. Өзендер жағалауында тепек ақ қайың, тал түрлері өседі.
Қазақстан даласы – пайдала қазба кендер қоймасы болып есептеледі.
Шөл.
Бұл экологиялық жүйеге жататын алқаптар шөлейт жүйенің қоңыржай,субтропиктік және пропиктік белдеулерінде кездесе береді.
Жер шараның 2 % ғана шөлді өлкеге жатса, Қазақстан Республикасы териториясының 40 0% осы алқапқа кіреді. Солтүстік еңдіктің 48 градусынан төмен жатқан Қазақстан жерінің кең бөлігі шөлді өлке болып табылады.
Бұл өңірдің климаты тым қуаң, күні мен түнінің t айырмашылығы көп. Жылдық жауынның орташа мөлшері 200 мм. шамасында, кей жерлерде 75 мм дейін азаяды. Жазда күннің ыстығы 40 градусқа дейін,ал құм ішінде 70 градусқа дейін көтеріледі.Климаты құрғақ болуына байланысты егін шаруашылығымен тек суармалы жерлерге ғана айналысады. Орта Азия мен Қазақстан жерлерін басып өтетін Сырдария,Әмудария, Іле,Шу өзендері халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен роль атқарған. Ол жерлердің үсті қатты және тегіс, шөп шықпайды, жаңбыр жауса тұздар тез еріп, тақыр беті лай болады. Құмдағы өсімдіктер жылжымалы құм жағдайына бейімделген болса, сор жерлерде тұздан қорықпайтын ащы шөптер өседі.
Жануарлардан қабан, қоян, құлан, қасқыр, түлкі, жылан, тасбақа, кесіртке т.б.кездеседі. Құстардан жек,қырғауыл,қызғыш т.б. мекендейді.
Шөл алқап қазбалы кеңдерге де бай. Мұнда мұнай, газ, тас және көмір, күкірт, темір рудасы, мыс марганец, алтын, фосфор т.б. Кендердің мол қорлары бар.
Таулар. Қазақстанда таулы алқаптар жердің 10 % - тін алып жатыр. Аласа таулар қатарына мұғалжар, Ұлытау, Шыңғыстау, Тарбағатай, Маңғыстау, Шу, Іле, таулары жатыр. Мұнда көктеректі,қайыңды, қарағайлы ормандар, бұталар, жусан, бетегелі боздар өседі. Тау арасында шағын көлдер, бұлақ көздері бар. Жыл бойына 560 мм шамасында жауын – шашын түседі. Бұл жерлер көбінесе жайылым ретінде пайдаланылады.
Биік таулар Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь – Шянь тауларының қырқаларында, Алтайда 2700 – 2800 м биіктікте, қалғандарына 3300 – 3000 биіктікте кездеседі.

Шөлейт. Таралу орнына қарай шөлейт экологиялық жүйе қоңыржай, субтропиктік белдеулерге бөлінеді.
Солтүстік қоңыржай белдеулікке Еуропа мен Азия шөлейт аудандары кіреді. Ол Каспий теңізінің батыс шетінен Қиыр шығысқа дейінге ұзындығы 10 мың км – ден астам,ені 500 км – ге жететін алқапты алып жатыр.
Қазақстанда шөлейт аймақ жердің 23 % алады. Солтүстік шекарасы Орал қаласынан басталып, Теңіз көлін, Қарағанды облысының оңтүстік бөлігін басып өтеді. Оңтүстік шекарасы Ақтөбе облысының Ырғыз селосы, Жезқазған қаласы, Мойынты теміржол станциясы арқылы өтеді. Бұл жүйеге Батыс Қазақстан облысы, Атрау облысының Қызылқоға ауданы,Ақтөбе, Жезқазған облыстарының солтүстігі, Ақмола,Торғай,Қарағанды,Семей облыстарының оңтүстігі кіреде. Өсімдіктер жаппай өспейді,тақырлар мен сортаң жерлер шөпсіз болады. Құрғақшылыққа төзімді дәнді шөптер (бетеге,көде,қаселеу) бұталар (шағыл,тал,шілік), қызғалдақтар кездеседі.
Жануарлардан ақ бөкен, қоян,түлкі, қасқыр,сасық күзен,саршұнақ, кемірушілер,құстардан бүркіт,дуадақ,жек, тырна, көкек т.б. мекендейді.
Шөлейт өлкеде қой шаруашылығы, әсіресе жартылай биязы қойларды,етті және сүтті ірі қара малды, жылқы мен түйе өсіру жолға қойылған. Қолдан шығарылатын суармалы жерлер бар.

Теңіз сулары экологиялық жүйелердің түрі.

1.Ашық мұхиттар экология жүйесі – теңіз сулары жүйесінде көлемі жағынан үлкен алқапты алып жатыр.
2.Жағадағы сулар экологиялық жүйесі теңіз жағалауынан басталып ашық мұқиттар экологиялық жүйесіне дейінгі алқапты алып жатыр.
3.Апвеллинг аудандар экологиялық жүйесі. Апвелинг деп теңіздің тік жағалауынан үстіңгі қабаттағы жылы суды желмен теңіздің ортасына қарай қуып,олардың орнына төменгі қабаттан сулар көтеріліп жататын табиғи құбылыстарды айтады.
4.Лимандар экологиялық жүйесі. Лиман деп су жайылатын ойпат жерлерді айтады. Лимандар теңіз жағасында не өзендердің теңізге құяр жағасында орналасады.


Скачать


zharar.kz