Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

Скачать

Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушылық мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджментінің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.

Сабақта оқушылардың жеке дара, топтық және ұжымдық танымдық іс-әрекеттері.

Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады. Оқыту процесі-мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізнен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама – шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді.
Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналық пен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып білуге ықылас тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.
Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне:
1. Оқулық пен жұмыс істеу.
2. Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма жазу, диалог құру т.б.)
3. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр түрлі лабороториялық тәжірибелерді орындау.
Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқугшылардың оқу-таным әрекетін ұйымддастыруда жеке дара жұмыс түріне басқа олардың топтық және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше.
Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.
Жұмыстың бұл түрі негізнен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай (однородный) және бірнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру.
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту – бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалау мен ерекшеленеді. Оқушылардың осындай өзара бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді. Әр уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің (переживание) маңызы ерекше.
Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:
- оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;
- жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
- оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;
- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы т.б.
Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату -тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілігін (күйінішін, сүйінішін) т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқушылардың ұжымдық жұмыс дегеніміз – ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол береді. Оған сыныптағы оқушылардың жеке дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді.
Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.
Фронталдық жұмыс ерекшелігі – бір сыныптағы барлық оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайда орындау.


Скачать


zharar.kz