Қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасы

Скачать

Қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасы

Қылмыстық заңда,қылмысқа барған жасөспірімді әр түрлі терминдар- мен анықтайды: «қылмыс істеген жасөспірім», «қылмысты тұлға», «айыпкер».Қалайша, неге осы жасөспірім қылмыс әрекеттеріне барды? Нақты бір қылмыс жасаған жасөспірім қандайжауапкершілік арту керек? Оның ресоциализация жүйесі қандай болу керек?Қылмыскер жасөспірім қалыптаспас үшін қандай ескертулер болу керек? Деген сұрақтарға жауап алу үшін қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғалық ерекшеліктерін талдау керек.
Заң шығарушы қылмыс барысында байқалынған жасөспірімнің ерекшеліктерін айқындап алуы міндетті. Нақты қылмыс құрамын құрастыруда, жаза мен қылмыстық жауапкершілігін жекелеуінде де қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасының индивидуалды ерекшеліктері еске алынады.
Қылмыскер жасөспірімді сипаттау – индивидтің маңызды қасиеттерін типологиялық – криминогендік анықтау, зерттеу дегенді білдіреді. Жасөспірімнің қылмыстық тұлғасы – ол сол тұлғамен істелінген қылмысқа себеп болатын, индивидтің типологиялық қасиеттерінің жиынтығы болып табылады.Қылмыс негізінен индивид қылмысқа тигіштігінен, дұрыс өмір сүру керек екендігін түсіне алмай немесе түсіне алғысы келмегендіктен емес, әлеуметтік шындықтың нақты бір жағына қатысты шартталынған адамның ой құрылымының жүйесінің қарапайымдануынан іске асады. Қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғасын бағалай отырып,оның жүріс-тұрысының жалпы үлгісін, өмірлік стратегиясын құрайтын басыңқы ниетін, өмір сүру әдістерін анықтап алуымыз керек.Негізінен адамның жүріс – тұрысы тұлғаның құндылық позициясымен ұйымдастырылады. Адамның мақсатқа жету үшін құралын таңдау субъектінің өзіндік сана сезімімен байланысты. Тұлғаның жетекші жүйелендіруші фактор ретіндегі механизмі оның мағыналық құрылымы.Жалпы адамның әр саналы әрекетін тұлғалық құндылық бағалайды. Қылмысқа барған жасөспірімдердің құндылықты жүріс-тұрысында бір жетіспеушілік бар,олар өздерінің қылмыстық ісіне адекватты емес баға береді.Өзінің антиәлеуметтілігін өз бетінше бағалай отырып, өзінің қылмыстық мақсатына жететін әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығарып, өзінің мотивтерін қорғауға жүйе құрады.Жасөспірімдер қылмыстық жүріс-тұрыс себебін өздерінің жағымсыз жақтарынан емес, басқалардың жүріс-тұрысынан, сыртқы қоршаған ортадан көреді.Әдетте олардың өзіндік бағалауы жоғары болады, ал бұл олардың адекватты емес бағалауын, тұлғасында құндылық аясының бұзылуын көрсетеді.Қылмыстың мотивациясы қылмысқа барған жасөспірімнің жағымсыз, яғни пайдақорлық, кекшілдік, қызғаныштық, мансапқорлық, қате түсініктер сияқты тұлғалық қасиеттерден құралады.Қылмысқа барған жасөспірімнің мативационді-қажеттілік сферасында терең қозғалыстар байқалады,олардың әрекеттері төменгі импульсивті нұсқаулық деңгейде жүреді.Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып, «мотивсіз»қылмыс деген жалған көрініс береді.Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен,әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің гипертрофиялық болуымен ерекшеленеді.
Жалпы интеллектуалды дамудың жеткіліксіздігі, алдын-ала бейнелеудің қалыптаспағандығы, өзіндік рефлексияның төмен болуы – қылмыскер жасөспірімдердің негізгі айрықша ерекшелігі.Қылмыс жасаған жасөспірімнің жүріс-тұрыс механизмдерін түсіну үшін «тұлғаның типі» деген ұғымды да қарастыру керек. Тұлғалық тип дегеніміз – бағыттылық, жүріс-тұрыстың жалпы әдістерімен сипатталынатын құндылық бағдар.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық типологиясында негізгі үш нәрсені қарастыру керек:
1. қылмыскер жасөспірімнің жалпы түрі;
2. белгілі категорияның қылмыскер тұлғасы;
3. белгілі түрдің қылмыскер тұлғасы;
Бұл градациялар бір – бірімен жалпы, ерекше, біркелкі деп сәйкестенеді. Тұлғаның әлеуметтік негізі болып оның бағыты, өмірлік қатынастардың жүйелері, мотивациялық-құндылық бағдары болса, онда осы негіз қылмыскер жасөспірімнің типін анықтауы керек.Қылмыскер жасөспірімнің типтік критериі, яғни асоциалды, антиәлеуметтік деформация мөлшері, өзіндік психологиялық реттеу кемшілігі оның қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі болып табылады.Осы критери бойынша қылмыскер жасөспірімнің үш түрін бөліп шығаруға болады:
1. антиәлеуметтік жасөспірім,
2. асоциалды жасөспірім,
3. психологиялық өзіндік реттеудің кемшілігімен сипатталынатын
қылмыскер жасөспірім.
Жалпы әрекет қылмыс жасаған адамның субъективті жақтарын толық ашпайды.Заңды белгі бойынша ұсақ әрекеттер әр түрлі психологиялық факторлармен негізделеді.Қылмыскер жасөспірімнің криминалды – психологиялық классификациясының негізінде басыңқы позициялар: итермелеуші күші, мотивтары, қалыпты мақсаттары, қылмыс жасаудың амалдары, тұлғаның десоциолизация өлшемі, антиәлеуметтік бағдардың сипаты жатыр.
Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:
1. қылмыстың түрімен – объект, қылмыстық салдардың ауырлық
сипаттылығымен;
2. айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;
3. қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;
4. қылмыс жасаудың жағдайымен;
5. жұмсарту жағдайының бар болуы;
6. қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі жүріс-тұрысы.
Әлеуметтік дезадаптация дәрежесі бойынша қылмыс жасаған жасөспірімнің 2-типі бөлініп шығарылынады: бірінші,антиқоғамдық тип, яғни бірнеше рет қылмыс жасағандар ,екінші, асоциалды тип-алғаш рет қылмысқа барғандар.Өзіндік реттеу кемшілігі бар қылмыскер жасөспірімді төртке бөледі:
А) әрекетсіз, қылмыстық селқостық жіберетіндер;
Ә) өзіне тым сенімшілдік нәтижесінде қылмысқа барғандар;
Б) қатты жан толқуларын сезініп, басқалардың заңсыз әрекеттеріне
қарсы қылмысқа барғандар;
В) тым жоғарғы дезадаптация жағдайының әсерінен қылмысқа
барғандар.
Құндылыққа бағдарланған бағыт бойынша қылмыс жасаған жасөспірімдерді келесідей түрлерге бөледі:
1. антиәлеуметтік – пайдақорлыққа бағытталған, олар әсіресе қоғамның құндылығына қол сұғумен айналысады.
2. антиқоғамдық пайдақор-зорлау бағытындағы .
3. антигуманды-агрессивті бағыттағы .
Айтылып кеткен қылмыстық типтер қажеттілік, мотивациялық, интеллектуалды, еріктік, эмоционалды-құралдық жүріс-тұрыстық қасиеттер бағыты өзіндік «тұлға үлгісіне» ие.
Қылмысқа барған жасөспірімдер қайта түзету мекемелерінде өзіндік бір психологиялық ерекшеліктерге ие болады.
Адамды еркінен айыру, оны әлеуметтен оңашалау- адамның жүріс-тұрысының күшті модификация факторы болып табылады. Бұл факторға әр адамның психологиясы әр түрлі жауап береді. Дегенмен, мұндай қысымдағы, ал кейде стрестік жағдайда адам жүріс-тұрысының негізгі психологиялық симптомдарын бөліп шығаруға болады. Түрме, колонния – адамның үйреніп қалған өмір қалпынан айрылу, жақындардан ажырау, қиын жылдарға ұшырау. Түрме- адаптацияға деген қиындықтың жоғарылауы: жиі тұлға аралық конфликттер, келіспеушілік, дөрекелік, тұрмыстық жағдайдың жеткіліксіздігі, криминалды субмәдениет, персонал жағынан криминалды топтық көшбасшылардың жағынан үнемі қысымның болуы және т.б. Осындай жағдайда түзету мекемесіндегі жасөспірімдердің тұлғалық дефектісі ұштаса түседі.
Алғашқы екі-үш ай–бұл алғашқы адаптация кезеңі.Ол сотталғандардың психологиялық үйінің кернеуімен ерекшеленеді. Келесі кезеңде сотталғандардың құндылығы қайта бағдарланып, микроортаның құндылықтарын , нормаларын қабылдап, жаңа жағдайға жүріс-тұрыс стратегиясы мен тактикасын құрады. Барлық тұтқындалғандар өзіндік бағаны қайтаруды армандайды. Түрмеде, колонияда адам белсенді іс-әрекетпен өз жағдайын жақсарта алмайды.
Сотталғанның бүкіл өмірі түзету мекемесінің режимінің типімен анықталады. Түзету мекемесінің әкімшілігі жағында күштеп әсер етуге құқығы бар. Түзету мекемесінің режиміндегі сотталған жасөспірімнің өмірлік режимі күнделікті қатаң тәртіпте болады, ол жаза өтеудің құралы, түзету, қайта тәрбиелеу амалдары болып табылады. Түзету мекемесінің режимі сотталған жасөспірімнің жүріс-тұрысында жағымды дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Түзету мекемесі іс-әрекетінің психологиялық негіздерін қарастыруда олардың іс-әрекетінің екі негізгі міндетін бөліп көрсетуге болады: біріншісі, құқықтық жазаны орындау,екіншісі, сотталған тұлғаны – ресоциализациялау- қоғамға қажетті бейімделгіш жүріс-тұрысының қасиеттерін қалыптастыру.
Түзету мекемесінің негізгі тәрбиелік іс-әрекетінің ерекшелігі- жауапқа тартылғандарды тәрбиелеу кезіндегі қиындықтардың болуы.Тұлғаны қайта тәрбиелеу үшін түзету мекемесіндегі қызметкерлер әр сотталған адамның тұлғалық ерекшеліктерін білу керек. Бұл міндет қиын әрі көп көлемді болып келеді. Оны орындау арнайы психологиялық білімді, тұлға құрамындағы бағдарды, жүріс-тұрыс динамикасын, әсер ету амалдарын талап етеді. Түзету мекемесінде әсер ету жүйелері индивидуалды бағыттылықсыз алдына қойылған міндеттерді орындай алмайды. Индивидуалды тәрбиелік жұмыстың табыстылығы тәр


Скачать


zharar.kz