Қожа Ахмет Иассауидың өсиет-өнегелері.

Скачать

Қожа Ахмет Иассауидың өсиет-өнегелері.

Қазақ тәлім –тәрбие тарихында –Қожа Ахмет Иассауидың тағылымдық ой-пікірлері айрықша орын алады. Заманының бар шындығын ашып айтқан, әділдік пен адамгершілік мұраттрарына аңсаған және уағыздаған, халықты имандылық пен қайырымдылыққа шақырған мұрасы. “ Диуани хикмет” талай уақыттан бері айтылып та, зерттеліп те келе жатыр.Ұлы ғұлама ақын, ойшыл өзінің туындысында дін мұсылман қауымына Алланың ақ жолын –Ақиқат жолын айтып беруді ұғындыруды мақсат еткен. Кеменгер бабамыз бұл жинағында өз уақытының шындығын өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшылықтарын табу мен тану үшүін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен жырлап отырған.
Қожа Ахмет Иассауидың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері жөніндегі іргелі зерттеулер әзірге жоқ. Тек қазақ Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, М.Жармұхамбетов, К.Құнантаевалардың бірер еңбектерінен басқа арнайы зерттеулерді кездестіре алмаймыз.
“ Диуани Хикмет” шығармасында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің үлкен бір саласы-имандылық тәрбиесі. Осы кезге дейінгі педагогикасында тәрбиенің сан алуан түрлері сөз болғаны белгілі. Олар ақыл-ой, дене шынықтыру, адамгершілік тәрбиелері. Осынау тәрбие түрлерін ескі сарынмен топтастырмай-ақ, олардың барлығын жинақтап оны имандылық деп білеміз. Педагогиканың теориялық жақтарына қатысты осынау пікірді айта келіп Қожа Ахмет Иассауидың тәрбиеге орай айтқан тұжырымдарына тоқталайық. Ғұлама “Диуани Хикмет”
шығармасында осы имандылықтың терең түйінділерінің беті ашылып тәлімділіктің келесі мәселелері сөз болды. Оның ойынша адамның имандылығы оның тілегінен, мақсатынан, осыған орай жүріс-тұрысынан кішіпейілдігінен туындайды. Иассауидың өзі де сыпайылық танытып, ілтипат көрсетіп қажет болса жанашырлық жасап жүреді екен. Ол ата-анаңды аяла, қарттарды сыйла әрқашанда ата-бабаның қаны, алланың жасы тамған туған жерді қорғауға әзір болу керектігін ерекше ескертеді. Қазақ халқының бар өмірі іргелес елдердің басқыншылық әрекеттеріне қарсы күреспен өтті деуге болады. Осы кездегі ел бастаған даналар мен батырларды жастарға үлгі етеді. Өзінің шығармасында олардың өмірлерін кейінгі ұрпаққа өнеге тұтады. Ол халықты имандылыққаа шақырып, ынтымаққа , бірлікке, ұл-қыздарын сол қоғамның белсенді адамдарын етіп тәрбиелеуге шақырады.
Қазақ халқының бар өмірі сертке беріктік, досқа адалдық, мейірімділік, еңбек сүйгіштік, сұлулықты түсіне білу, отан сүйгіштік сияқты ізгі мінездерді басқаларға үлгі ету кітабында кең орын алған.
Кітап ашып, сүрелердің мәнін сұрап,
Ұққаныма асықтым, әзер шыдап,
Қол қусырып, ұстазымның сөзін сыйлап,
Жаутаң қағып, көңілін бағып тұрдым менде .
Осы хикметтердегі тәлімдік ой-пікірлері бүгінгі біз айтып жүргеен имандылық тәрбиесімен ерекше қоюласып, ұрпақты жас бесігінен тәрбиелеуге, көмектеседі.
Қожа Ахмет Иассауидың екінші хикметтерніде:
Жеті жаста Арыстанбаб келді бабам,
Хақ Мұстафа аманат берді маған,
Сол сәтінде –ақ көңілім тауып баян,
Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де.
Бұл жолдардағы психологиялық ой-толғаныстары да бүгінгі күнгі жастарымызды тәрбиелеуде көп көмегін тигізетіні белгілі. Оның адамның жас еркшеліктеріне берген сипаттамалары қазіргі ғылыми қағидалар мен ұштасады, әр жастағы адамның көңіл күйі, сезім эмоциялары, түсінік - толғамдары әр түрлі болатындығын дұрыс көрсетеді.
Дала ойшылының хикметтернің бір қатары ғашықтық жайында сөз етеді. Бірақ онда әдеттегідей жігіттің қызға, қыздың жігітке деген сүйіспеншілігі емес, керісінше -әңгіме ақынның Алла тағаалаға деген махаббат, іңкәрлігі туралы .
Қожа Ахмет Иассауидың даналық сөздерінің көпшілігінде ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады.
Менмен, көрсе қызар, кеудемсақ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес берді, яғни, бабамыздың хикметтері толған ғибрат, мәнді де мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова. Педагогика. Дарын-Алматы-2004ж.
2. К.Ибраева. Қожа Ахмет Иассауидың өсиет-өнегелері. Ұлт тағлымы-2004ж, 30-33беттер.
3. Қ.Ғабдуллина. Құқық социлогиясы. Алматы-2003ж.


Скачать


zharar.kz