РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ

Скачать

Дені сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым – ВАЛЕОЛОГИЯ жөнінде сөз қозғағанда жалпы денсаулықтың сондай маңызды бөлігі - өрбіту саулығын (репродуктивтік өрбіту, көбейту) тыс қалдыру мүмкін емес.
БДҰ (ВОЗ) анықтамасымен өрбіту саулығы – бұл кәдімгі табиғи ақыл – ой қуатың бар кезде дені сау ұрпақ тудыру, өрбіту үрдісін жүзеге асыру. Өрбіту саулығы – бұл отбасы, біздің қоғамымыздың негізі. Ол өрбіттер кезеңіндегі денсаулық қалпын көрсетіп қана қоймай (әйелдерде 15-тен -45-ке дейін, ерлерде 13-тен 55-ке дейін), сонымен қатар балалық шақтағы, бозбала кездегі, өрбіту кезеңінен кейінгі тұстағы денсаулықты да айна қатесіз білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конститусиясында: «Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында» деп жариялаған. Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тағамына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл – тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орталығы, денсаулық сақтау орталықтары бала тудыратын үй және т.б.) қызметін пайдалануға байланысты.
Өрбіту саулығын сақтау қызметі мыналарды ескертеді:
1. Отбасын жоспарлау бойынша түсініктемелер беретін ақпарат, ағарту жұмысы, қызмет ету орындары (екіқабат әйелдерді қарайтын консультациялар, бала тудыратын үй, отбасын жоспарлау орындары т.б.).
2. Ағарту ісі және жүкті әйелдерге медициналық қызмет көрсету орындары (ФАП, ауыл амбулаториясы, әйелдер консультациясы, әйелдер ьосанатын үйлер).
3. Бала туу мезгілінде қалыпты жағдаймен қамтамасыз ету, босанғаннан кейін нәрестені омыраудан емізуіне жағдай жасау.
4. Белдеуліктің алдын алу, оны емдеу.
5. Жыныс жолдары ауруларының жыныстық қатынастардан туындайтын жұқпалы аурулардың, өрбіту саулығының басқа қолайсыз жағдайларынан болатын аурулардың алдын алу, оларды емдеу.
6. Ақпаратты білім беру, адамның нәпсілік қатынастардағы өрбіту денсаулығы және бала туу, тудыру жауапкершілігіндегі байланыс қалпы, яғни өрбіту саулығын сақтау ісінің тәсілдері, амалдар және қызметтердің іргелес үйлесімімен анықталады, осы үйлесімдік өрбіту саулылығымен байланысты проблемалардың алдын алып, шешімдерін таба отырып, өрбіту саулығының өз қалпында сақталуына жағдай жасайды.
Өрбіту саулығын сақтау орындарының жоғарыда аталынып өтілген қызмет түрлерімен және онымен байланысты ақпаратты пайдалануға әрбір адам құқылы. Бұл біздің мемлекетіміздің ұлттық саясаты болып табылады. Бұл құқықтар: « өз балаларының саны, туу арлығы мен туу уақытын өз еркімен анықтау өрбіту құқықтары болып аталынады. Бұл салада жыныс теңдігінің құқығы неке қию, отбасын құру құқығы, жекелей ғұмыр кешу және отбасы өмірін дамыту құқығы, Ақпарат пайдалану, білім алу құқығы сақталынады».
Өрбіту саулығының өзекті тұсы - отбасын жоспарлау, ол:
 өз нәпсілік өмірін бақылауға алуға, жыныстық қатынастармен таралатын жұқпалы аурулардың, инфекциялардың алдын алуға мүмкіндік береді;
 Нәпсілік білімді дамыту үрдісіне белсене қатысуға, әлеуметтік деңгейіндегі өсіруге мүмкіндік туғыза отырып, өзінің өрбіту қабілетінді дамытуды жоспарлауға ыңғай тудырады;
 Екі қабат болған кезде қатердің төрт түрінен сақтайды:
a) жасөспірім жүктілігінен;
b) 35 жастан кейінгі жүктіліктен;
c) кішкене ғана үзілістен (екі жылдан кем) аяқ ауырлығынан;
d) ықылассыз жүктіліктен ана өліиін қысқартып, мүгедектіктен сақтап, қатері бар бала тастаудан, сөйтіп, нәресте өліиінің деңгейін төмен түсіреді.
Қазіргі кезде отбасын жоспарлайтын мекемелер жүйесі қалыптасқан, бұлардың негізін құрайтын керекті құрал – жабдықтар және арнайы
дайындалған мамандармен қамтамасыз етілген.


Скачать


zharar.kz