Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті

Скачать

Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банкінің төрағасымен кездесуде ақша-қарыз саясаты мен макроэкономикалық мәселелерді талқылады

АСТАНА. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті қабылдады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу кезінде Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу мемлекетінің қатарына кіру мақсатына қол жеткізу барысындағы қаржы саласындағы міндеттері, макроэкономикалық және ақшалай-несиелік саясат мәселелері және Ұлттық банктің қаржылық тұрақтылық жөніндегі есебін дайындау туралы жаңа бастамасы талқыланды. Елбасы Ә.Сәйденовке үкіметпен және қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттікпен бірлесіп жоғарыда аталған есепті дайындауды тапсырды.
ЕЛІМІЗДІҢ БАНК САЛАСЫНДА ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ РЕТТЕУ САЯСАТЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫН САҚТАП ҚАЛУ ҚАЖЕТ - ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ 15/11/2004
Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясатының сабақтастығын сақтап қалу қажет. Бүгін, 15-қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің ІҮ конгрессінде сөз сөйлеген ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Б.Жәмішевтің айтуынша, пруденциалдық реттеу "тәуекелдерді талдауға, капитал, ликвидтілік, активтердің классификациясы мен резерв қалыптастыруға деген қатал талаптарға" негізделуі тиіс. "Бұл банктердің шығынын біраз арттыратынын біз әрине түсінеміз, бірақ, банк жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатын одан да маңызды деп санаймыз",- деді ол. Сондай-ақ, Б.Жәмішевтің айтуынша, "Агенттік банктердің несиелік қоржынына стресс-тест түріндегі тексеруді ұдайы өткізіп отыру, несиелік тәуекелдерді басқару жөніндегі банкішілік процедураларға қойылатын талаптарду күшейтуді көздеп отыр". "Несие алушылардың келісім-шарттарын орындау тәртібін күшейтуге және банктер үшін тәуекелді азайтуға түрткі болушы құрал ретінде біз несиелік бюроны дамытуға белгілі дәрежеде сенім артып отырмыз",- деді Б.Жәмішев. "Қазір еліміздің банк саласындағы тәуекелдердің артуы Агенттікті алаңдатады",- деді Б.Жәмішев. Атап айтсақ, "отандық банктердің шетелдік рыноктарға ден қоюы елге қатысты тәуекел түрінің анағұрлым артуына апарып соқты". Б.Жәмішевтің пікірінше, "Қазақстанда тәуекелдің бұл түрін жете бағаламау көрінісі белең алып отыр". Осыған байланысты Агенттік "кейбір пруденциалдық реттеу нормаларын қайтадан қарау қажет" деп санайды. Бұған қоса Б.Жәмішевтің айтуынша, "банктердің шетелдік рыноктарға шыға бастауы мен таратылған несиелер көлемінің шұғыл артуы салдарынан шетел валютасындағы операциялар саны артты. Сонымен бір уақытта депозиттердің басым бөлігі ұлттық валютамен ашылуда. Ал кейінгі кездері негізгі әлемдік валюталар құнының тұрақсыздығы байқалып отыр". "Пруденциалдық реттеу аясында Агенттік валюталық позиция бойынша шектеуді төмендетуге, валютаның ликвидтілігіне мониторинг жүргізу тәртібін енгізуге мүмкіндік бар деп санайды",- деді Б.Жәмішев.
2003-жылы теңгенің нақты құнсыздануы 2,5 процент болды
27.01.2004
2003-жылы еліміздің негізгі сауда әріптестері болып саналатын елдердің валюталарына шаққанда теңгенің нақты құнсыздануы 2,5 процент болды ( 2002-жылғы желтоқсамен салыстырғанда 2003-жылғы желтоқсанда). Бұл туралы бүгін, 27-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің зерттеулер және статистика департаментінің директоры Данияр Әкішев хабарлады. Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, ТМД елдері бойынша нақты тиімді айырбас бағамы (НТАБ) 4,2 процентке азайды, ал қалған елдер бойынша теңгенің құнсыздануы 1,5 процентті құрады. Өткен жылы теңгенің АҚШ валютасына қатысты 12,6 процентке нақты нығайса, евро мен ресей рубліне қатысты керісінше 6,9 және 5,3 процентке тиісінше құнсызданды. Үстіміздегі жылдың басынан бері теңгенің АҚШ долларына шаққандағы номиналдық нығаюы 2,67 процентті құрады. Осыған байланысты Д.Әкішевтің атап көрсетуінше, нақты тиімді айырбас бағамына сәйкес теңгенің құнсыздануын ескерсек, долларға шаққанда теңгенің нығаюы "отандық тауар өндірушілер үшін қандайбір қауіп-қатер төндірмейді". "1999-жылғы құнсыздану нәтижесінде Қазақстан экономикасы жинақтаған қор күні бүгінге дейін сақталып отыр",- деді Д.Әкішев. "Біз еліміздің негізгі сауда әріптестері саналатын елдердегі валюта бағамына қатысты ахуалды жіті қадағалап отырмыз. Егер біз НТАБ бойынша өзгерістер қарқыны күшейе бастағанын байқай қалсақ, ондай жағдайда Ұлттық банк теңгеге отандық экспорттаушылардың бәсекелестік қабілетін сақтап қалуға мүмкіндік беретіндей бағам қалыптастыруға шаралар қолданады",- деп сендірді Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов баспасөз мәслихатында. "Ал әзірше мұндай шара қолдануға ешбір себеп жоқ",- деді ол.









Нақты тиімді айырбас бағамы индексін есептеу әдістемесі

Теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының индексі (REER - Real effective exchange rate) теңгенің 24 елдің (ТМД-ның 4 елі және 20 алыс шет ел) – Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің валюталары корзинасына қатысты айырбас бағамының орта есеппен алғандағы өзгеруін білдіреді.
Индекстің өсуі/азаюы теңгенің Қазақстан сауда операцияларын жүзеге асыратын елдер валютасының корзинасына қатысты нақты қымбаттайтынын/арзандайтынын көрсетеді, олай болса, басқа тең жағдайларда отандық өндірушілер ішкі және сыртқы рыноктарда азырақ/көбірек жағымды бәсеке жағдайын бастан кешіреді.

Нақты тиімді айырбас бағамы (НТАБ) индексін есептеу алгоритмі

Бастапқы өлшемдер
1. Республиканың жалпы тауар айналымындағы Қазақстанның сауда әріптестерінің үлес салмағы елдерді іріктеу индексінде ұсынылған республиканың ресми тауар айналымының орта есеппен 90%-ін қамтиды.
2. Елдердің – сауда әріптестерінің долларға қатысты номиналды айырбас бағамы.
3. Елдердің – сауда әріптестерінің ТБИ өзгеруі.
4. Теңгенің долларға айырбас бағамы.
5. Қазақстанның ТБИ өзгеруі.
6. Индекс есептелетін қатынас бойынша базалық кезеңді таңдау

Деректерді қайта құру
Сауда әріптестерінің жеке салмағын қалыпқа келтіру, әріптес елдердің - wi тауарлардың сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі сауданың үлес салмағын алу:
Ағымдағы жылғы индексті есептеу үшін үлес салмағы осы елдің өткен үш жылда елдер тобының жиынтық тауар айналымындағы үлес салмағын орташаландыру арқылы есептеледі.
где
wji - осы елдің ағымдағы жылда елдер тобының жиынтық тауар айналымындағы үлес салмағы
Ti-1…i-3 - өткен үш жылда елдер тобының тауар айналымы
tj(i-1)…tj(i-3) - өткен үш жылда осы ел бойынша тауар айналымы

Осылайша, 1999 жылы НТАБ индексін есептеу үшін 1996-98 жж., 2000 ж. – 1997-99 жж. және т.б. сыртқы сауда деректерінде есептелген үлес салмағы пайдаланылады. 1995-1997 алдындағы үш жылғы кезеңнің деректері болмауы себепті НТАБ индексін есептеуде осы жылдар үшін 1995-1997 жж сыртқы сауда деректері бойынша орта есеппен алынған үлес салмағы пайдаланылады.
• Негізгі кезеңге қатысты ТБИ қайта құру
• Әрбір есепті кезеңдегі теңгенің сауда әріптестері елдерінің - Si T шетел валютасы бірлігімен кросс-бағамының есебі:
Теңгенің кросс-бағамы = Шетел валютасының АҚШ долларына бағамы/ теңгенің долларға бағамы

Нақты тиімді айырбас бағамы индексін есептеу (НТАБ)

I. Есепті кезеңде негізгімен салыстырғанда теңгенің айырбас бағамының өзгеру индексін есептеу:

Si=SiT/Si0,
мұндағы
Si - шетел валютасы бірлігімен көрсетілген есепті кезеңдегі теңгенің айырбас бағамының өзгеру индексі (теңгені тікелей бағалау);
SiT - есепті кезеңдегі теңгенің бағамы;
Si0 - негізгі кезеңдегі теңгенің бағамы.

II. Номиналды тиімді айырбас бағамының индексін есептеу (NEER)

NEER=100*i(Si) w
мұндағы
wi - i-ші елдің республика тауар айналымындағы үлес салмағы;
i - Елдер тобы бойынша республиканың тауар айналымындағы елдердің қалыптандырылған үлес салмағын ескере отырып сауда әріптестерінің валюталарына теңгенің айырбас бағамы өзгеруінің индекстерін шығару.

III. Нақты тиімді айырбас бағамының индексін есептеу (REER)

REER=100*i(Si * (Pd/Pi f))w
мұндағы
Pi f - і – Қазақстанның сауда әріптесі - i-ші елдег баға деңгейі;
Pd - Қазақстандағы баға деңгейі;
i - Елдер тобы бойынша республиканың тауар айналымындағы елдің қалыптандырылған үлес салмағын ескере отырып сауда әріптесіне қатысы бойынша салыстыра алғандағы баға индексіне түзетілген теңгенің айырбас бағамының өзгеру индекстерінің көбейтіндісі.

Республиканың тауар айналымындағы сауда әріптесінің үлес салмағын анықтау кезінде үш жылғы кезеңді пайдалану неғұрлым ымыраға келу нұсқасы болып табылады. Мұндай тәсіл әр түрлі қысқа мерзімд


Скачать


zharar.kz