Топ саясаттың субъектісі ретінде.Реалды және номиналды топтар. “Улкен” және “кіші” топтар. Саясаттағы кіші топтарың ерекшеліктері.
Саясаттағы кіші тптардың типімен типологиясы.
Олар:
1.топтық іс-әрекеттің негізгі бағытталуы;
2.топтың тығыздық деңгейіне байланысты;
3.топтың ену деңгейіне байланысты;
4.жеке мақсаттарына байланысты;
5.топтық санаға байланысты;
6.құрылымына байланысы;
7.топ мүшесінің қарым-қатынас формасына байланысты;
8.топқа мүше болудың топқа енушілер үшін маңыздылығы;
9.топтың өмір сүру ұзақтылығына байланысты;
10.топта шешім қабылдаудың ескеруіне байланысты;
11.топтың іс-әрекетінің жалпы эффективтілігі;
Саясаттағы кіші топтардың пайда болуы ішкі механизмдері және олардың кейбір ерекшеліктері,даму стадиялары;
1.нормалды топтар 2.ассосативті топтар 3.кооперативті топтар 4.корпоративті топтар 5.коллективті топтар.
Саяси топтардың пайда болуы ішкі механизимдері. 1.танысу 2.бірінші ретті кіші топтар 3.топтың консалидатциясы.
Лидер және топ.Саясаттағы кіші топтарың қалыптасуының негізгі критерилері:компитенттілік принциптері, көзқарастың бірлігі.
Саяси лидер тұлғасы оның психологиясы казіргі саясатта негізінен тұрақты қоғамда белгілі-бір топ адамдарымен жүзеге асары даусыз.Жеке лидер-жалғыздар олар күн өткен сайын өткенге өтуде, ұмытылуда. Кез-келген қоғам даму және тұрақтану деңгейіне қарай бюракратанады. Осы кезде олардың орнына харизматтктер келеді. Бұған нағыз мысал Ресей тарихы. Уақыт өткен сайын тарих өзгереді және басқа типтегі лидерлер пайда болады.
Ең алғаш рет өз уақытында Т.Гоббс “Левиафанда” өзінің топтарға деген анықтамасын берді.”Белгілі-бірортақ қызығушылықтары,істері бір белгілі-бір адамдар тобы” Ол оған қоса саяси және жеке топтар деп бөлді.біз осы тақырыпты осы бөлімде ашуға тырысамыз.
Саясатта топтар көлеміне қарай кіші және үлкен топтар болып бөлінеді. Кіші топтарда 30-40 адамнан ең көп дегенде 100 адамнан құралған топтарды жатқызады.
Кіші топтың негізгі критериі болып топ ішіндегі бір-бірімен тығыз қарым-қатынас саналады.Кіші топтарға қарағанда үлкен топтарға жүз адамнан, мың және оданда көп миллион мүшелеріде болады.
Саясаттағы жалпы топтар яғни үлкен және кіші болып мүшелерінің санымен анықталады.
Саясаттағы кіші топтар типі мен типологиясы.
Ең біріншіден топтағы негізгі іс-әрекеттің бағытталуына байланысты топтар экстравертті және интравертті болып екіге бөлінеді.
Экстравертті топтың әрекеті толығымен сыртқа бағытталады.Мысалы оларда басты мақсат билікті жаулап алу және билік жүргізу болып табылады.
Интравертті топтың сипаттамасы экстраветті топқа қарама- қарсы,топтағы әрекет толығымен ішкі ортаның атмосферасының жақсы болуына сонымен қатар топтағы қарым-қатынастың жақсы болуына бағытталады.
Топтағы ұйымшылдық деңгейіне байланысты гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді.Әсіресе ұйымшылдықтың жоғарғы көрінісін біз тотолитарлық қоғамнан анық көруге болады.
Гомогенді ұйымдасқан топтар сөзі испан тілінен шыққан.
Топтың ену критериі.Ену деңгейіне қарай ену,жартылай ену және енбейтін болып үшке бөлінеді.Саяси кружоктың жиналысына кез-келген адам кез-келген уақытта келіп өз еркінше кеткісі келсе кетуіне болады.Бұл толығымен ену тобының сипаттамасы.Енудің белгісі-ол топ мүшелерінің белгілі- бір есеп беруінің жоқтығы.
Енбейтін топтың мысалы үгіттеушілер, мұралық билік және тотолитарлық саяси ұйымдарда анық көрінеді.Мысалы Гитьлерлік Германияның мүшелігіне ену мүкін емес болған.
Жартылай ену ол дегеніміз партия билеті берілген, бірақ өз қалағаны бойынша басқа партияға ауысуға мүмкіндігі бар.Оның құрамына енгенге дейін минималды шарттарды қалыптастырады және шығысы бойынша аз.
Өзіне ғана тән жеке мақсатына байланысты инструменталды, экспрессивті,функционалды және дисфункционалды деп төртке бөлінеді.
Инструменталды топтың мақсаты ол саяси мақсаттарға қол жеткізу, билік жүргізу,белгілі-бір бағдарламаларды жобалау.
Экспрессивті ол ішкі атмосфераның жақсы болуына, канфорт болуына сондай жағдайлари жасуға бағытталған.
Топтың сананың ерекшеліктеріне байланысты олардың мүшелерін «біз тобы» және «олар тобы» болып екіге бөлінеді. Біз топтары олар бір-бірімен үлкен қобалжуларды,эмоцияларды сезінеді.Олар тобы біздер тобына қарама-қарсы.
Топтар құрлымына қарай формалды және формалсыз болып бөлінеді.Формалды топтар олапрды топ мүшелерінің стастусы,ролі анық және құқықтары және ролдері қатаң ұсталады.
Мысалы: Қатаң тәтібі бар армия мұнда адамдық факторлар соңғы орынға қойылады.
Формалды емес топты басқаша кездесу тобы деп те атайды.Мұнда доминантты ол адамдық факторлар,бір-біріне деген достық, силастық т.б.
Инструменталды және функционалды мақсаттар мұндай топтарда артқы жоспарға енгізіледі.
Қатысушылардың байланыс формасына байланысты бірінші ретті және жанама болып екіге бөлінеді.бірінші ретті топтарға «бетпе-бет»байланыс тән.Ал жанама топтар бірінші ретті топтарга қарама-қарсы.
Топтын мүшелерінің маңыздылығына байланысты референтті, негативті референтті, қатысу топтары болып үшке бөлінеді. Қатысу топ мүшелері анық та айқын топтар. Референтті топ ол адам өмір сүргісі келетін топтар. Ол топтар өте психологиялық жағынан тартымды болады, оған кез-келген адам сәйкес келуге тырысады.
Негативті референтті ол адам қатысады мүше болады бірақ өз өмірін онымен байланысты болғанын қаламайды, яғни өзін ол топпен сәйкестендіруге тырыспайды.
Өмір сүру ұзақтылығына қарай топтар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді.Кандидаттыққа ұсыныс кезіндегі сайлау компаниялары қысқа мерзімді топқа мысал бола алады.Мақсатына қол жеткізіп билік орнына келген соң басқару ұзақ мерзімді топтың мысалы бола алады.
Шешім қабылдау тәсілдеріне қарай авторитарлы, демократиялық және охлократтық топтар болып бөлінеді.Бұлардың қандай топтар екендігі атынанда белгілі.
Топтық іс-әрекеттің эффективтілігіне байланысты топтын мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады. Олар мынаған бағытталған,
1.топтық мақсатқа жету
2.топтың өмірлік қабілетін қолдау
3.қатысушылардың қанағаттануына қолдау жасау
4.топ мүшелерінің тұлғалық өзгеруіне жағдай жасау.Бул топтың көмегі арқылы жүзеге асады.Осы айтылғандардың барлығын жалпылай келе 2 негізгі топқа бөлуге болады.
1.экстравертті
2.интровертті
Экстровертті топтарға тән ең сыртқы әрекет мұндай топтың негізгі белсенділігі сыртқа бағытталған.Сәйкесінше интровертті топтарға ішкі әрекеттер кіреді.Негізгі белсенділігі ішке бағытталады. Саясатта топтар осы топтарға кіретін адамдардың ішкі ұқсастығының негізінде қалыптасады.Кейбір адамдар немесе саяси топтартарда әртүрлі психологиялық типтері кездеседі.Сол себепті саяси психология осы моменттерді әлі нақты дәлденбеседе ескерулері қажет.
Негізінен топтағы жұмыстың нәтежелігін сол топтың өмір сүру ұзақтылығымен анықталады. Әр түрлі жастар және студенттерден құрылған топтар саясатта ешқандай алғашқыда мақсатсыз келеді, көп жағдайда олар тез саясаттан кетді.
Осы әңгімені аяқтай келе саясаттағы топтардың типі мен типологиясын айтқанда өзіндік саясаттағы психологиялық ерекшеліктеріне байланысты топ құру. Бұл ерекшеліктерге сол топқа кіретін адамдардың психологиялық ерекшеліктері.