Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері.

Скачать

Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері.

Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөніндегі көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеусметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік дамытуға жұмсалынатын меншік және инттедектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді. Инвестициялық құралы ақша қаражаттарының, мақсатты банк несиелерінен, үдестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғадатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар т. б.) жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т. б. тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұд жерде инвестициялау үрдісін қаржыдандыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларды көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса, онда қаржыдандыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.
Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қаратырады. Мұндай қателіктің себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмаунда. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталған болса, онда инвестициялар құрылыс-монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігімен әлдеқайда кең. Сонымен, инвестициялық қызмет дегеніміз “Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы” болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырылады:
а) күрделі құырылыс;
ә) инвестициялық сфера;
б) қаржы капиталын пайдалану сферасы;
в) қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сфкрасында.
Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді ұлғайту үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амлотизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т. б. жатады.
Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалынады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, келешек кезеңдер шығындары ж. б.), айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т. б.) айналым қорларынан тұрады.
Инвестициялау жөніндегі шешім қабылдауға негізгі мәселе инвестициялық жобаларды обьективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағ құн, рентабілдік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатын белгілі, және ол төменгі формула бойынша жүргізіледі:

mt
Sd = ;
(1 + a)n
бұл жерде: Sd – дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;
mt - ақшаның келешектегі құны;
a – пайданың талапты нормасы немесе ақшаныңуақытша құны;
n – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.
Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабілдік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның табыстылық көрсеткішін пайдаланылады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кзеңіндегі инвестиция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.
Сонымен мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылду және жүзеге асыру, осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логияклық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.
Біздің ойымызша, кәсіпорындардың инвестициялық қызметтің жалпы моделінің логикасын макроэкономикалық деңгейде де қолдануға болады. Түптеп келгенде, бұл модель төмендегідей.

Стратегиялық жоспарлау
Идеяны іздестіру Жобаларды анықтау және алғашқы таңдау Қаржылық талдау және шешім қабылдау Жобаны жүзеге асыру Мониторинг және инвестициялық бақылау
Бақылау
Еңбек ресурстары

Кестеде көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы жағдайлары және сонымен қатар “шектеушілері” түрінде көрініп тұр. Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған қорлар есебінен жүргізіледі, ал олардың көлемі жылдан жылға азаюда. Азайған көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі жұмсаған өз қаржыларының есебінен толықтырылады. Осы көрсеткіштердің динамикасын Қазақстан бойынша төмен келтірілген мәліметтер арқылы байқауға болады.













Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялар нақты бағамен, млн теңге.

Жыл
дар Күрделі құрылысқа жұмсалынатын
Инвестиция Одан
Мемлекеттік
Кәсіпорын
дар мен ұйымдарға Мемлекеттік
Емес кәсіп-
орындар мен ұйымдарға Тұрғынд
арға жеке меншік үйлер мен пәтерлер салуға
Млн
теңге % Млн
теңге % Млн
теңге % Млн
теңге %
1990*
1995
2000** 13059
148590
404175 100
100
100 12541
66780
53755 95,3
44,9
13,3 383
80029
342188 2,9
53,8
84,6 225
1781
8232 1,7
1,2
2,0


Кесте мәліметтерінен байқайтынымыз, соңғы он жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған (95,3 пайыздан 13,3 пайызға дейін), керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындармен ұйымдардың үлесі жоғарылаған (2,9 пайыздан 84,6 пайызға дейін). Бұндай жағдайдың қалыптасуна, әрине жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендегі себеп болып отыр.
Енді қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу көрсеткіштерін талдайық.

Қаржыландыру көздері бойынша құрылысқа инвестицияларды бөлу.

1990 1995 2000
Күрделі құрылысқа инвестициялар, барлығы
Бюджеттік қаржылар
Соның ішінде:
Республикалық бюджеттің жергілікті бюджеттің бюджеттен тыс қаржылардың есебіне
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржылары
Жеке құрылыс салушылар
Шет ел инвестициялары
100,0
38,9

---
---
---


59,4
1,7
--- 100,0
5,0

3,5
1,1
0,4


92,3
1,2
1,5 100,0
10,0

3,2
6,8
-


49,4
2,0
38,6


Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың көлемінде бюджеттік қаржылардың үлесі жылдан-жылға төмендеуде. Егер бұл көрсеткіш 1990 жылы 38,9 пайызға тең болса, 1995 жылы – 5,0 пайызға, ал 2000 жылы 10,0 пайызға тең. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларының үлесі, тиісінше, 59,4 5 %, 92,3 %, 49,4% болып отыр. Он жыл ішінде жеке құрлыс салушылардың қаржыларының үлесі айтарлықтай өзгере қойған жоқ.
Шетел инвестицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы ол клісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық тәжірибеге көрсеткендей, бржақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы инвестициялық қарым- қатынасты қиындатады, нәтижесінде екі жақта ұтылып қалуы мүмкін.
Маңызды қағидалалардың бірі елдердің инвестициялық келісімдері мен инвестициялық жобалардың ашық, жариялылық негізде болуы. Инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштер және жүзеге асыру механизмдері келісуші жақтарға алдын ала белгілі болуы шарт. Және де қоғамдық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
Егер қағидалар инвестициялық қызметті дұрыс басқару үшін қажет болса, шетелдік инвестицияларды тарту формалары нақты жағдайды ескере отырып, олардың қолайлысын таңдап алу үшін қажет. Тікелей инвестициялау шетел инвестицияларын тартудың тиімді және нәтижелі түрде болып есептеледі. Ол адрестілігімен және өндірістік сфераға бағытталуымен ерекшеленеді. Ол халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық интеграция үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді, біріккен кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциялын өзара байытады.
Несиелер мен зайымдар да шетелдік инвестиция


Скачать


zharar.kz